Жан - жақты таным процестерін дамыту

№22 негізгі орта білім беретін мектеп-интернаты

Химия және биология пәндері мұғалімі: Қабылова Бақыт Асқаровна

«Биологиялық бәйге-тартыс»

Аннотация

Сыныптан тыс өткізілетін «Биологиялық бәйге-тартыс» іс-шарасы 7-сынып оқушыларына арналады. Сабақтан тыс жүргізілетін көпшілік жұмыстардың тиімді түрлерінің бірі — биологиялық дидактикалық ойындар. Ойын барысында оқушының денесі де, ақыл-ойы да дамып, қабілеті мен белсенділігі артады.

Бұл іс-шарада дәстүрлі емес ойын элементтері қолданылады. Негізгі мақсат — оқушылардың биологиядан алған білімдерін қорытындылап, бекіту, денсаулықты шыңдау және салауатты өмір салтын насихаттау. Топпен бірлесіп жұмыс істеу арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығы артып, ынтымақтастық дағдылары қалыптасады.

Қысқаша мәлімет

Сынып
7-сынып
Форматы
Ойын-эстафета
Өтетін орын
Спорт зал

Мақсаты

Білімділік

  • Оқу процесінде дәстүрлі емес ойын түрлерін қолдану.
  • Биологиядан алған білімді қорытындылап, бекіту.
  • Салауатты өмір салтын насихаттап, оқушылардың денсаулығын шыңдау.

Дамытушылық

  • Ойлану және топпен бірлесіп жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
  • Дүниетанымдық көзқарасты қалыптастыру.
  • Жан-жақты таным процестерін жетілдіру және пәнге қызығушылықты арттыру.

Тәрбиелік

  • Ұжымдық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.
  • Ынтымақтастық пен бірлікке тәрбиелеу.

Ұйымдастыру және әдістеме

Пәнаралық байланыс

Дене шынықтыру Сурет

Әдіс-тәсілдер

Ойын түрінде ұйымдастыру (эстафета, командалық тапсырмалар).

Ресурстар

  • Тақта, маркерлер, А3 парақтар, түрлі-түсті стикерлер
  • Параққа жазылған мәтіндер, «бес саусақ» макеті
  • Ғалымдар портреттері, суреттер, магниттер
  • Шеңбер, кегль, секіртпе, қап, доп

Жұмыс барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

1) Топқа бөлу

Оқушыларға суреттер таратылады. Суреттердің мазмұны бойынша қатысушылар екі топқа бөлінеді.

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Іс-шараға 7-сыныптың биология пәнін жақсы меңгерген, «Ең-ең-ең» атанған оқушылары қатысады. Команда мүшелерінің биология пәні мен оның заңдылықтарын қаншалықты білетінін, сондай-ақ оларды күнделікті өмірде қаншалықты қолдана алатынын бақылаймыз.

Жүргізушілердің таныстыруы

1-жүргізуші

«Білім деген биік шың, бақытқа сені жеткізер. Білім деген ақылшың, қиындықтан өткізер», — деп «Биологиялық бәйге-тартыс» іс-шарасының шарттарымен таныстырамын:

  1. Іс-шара спорт залда өтеді.
  2. Бәйгеге 5 оқушыдан тұратын екі команда қатысады.
  3. Әр эстафета ұпай арқылы бағаланады.

2-жүргізуші

Қазылар алқасы — қатаң әрі әділ. Қатысушыларды бағалау тәртібі алдын ала түсіндіріледі.

Командалардың таныстырылымы

Ортаға 1-команда «Маржандар» және 2-команда «Ұлулар» шығып, өздерін таныстырады. (2 ұпай)

1-эстафета: «Допты жетелеу»

Толық жауапқа 5 ұпай

«Ысқырық» белгісімен әр команда мүшесі допты жетелей отырып межеге барады, магнитті тақтадағы тапсырманы орындайды және кері қайтады. Эстафетаны бірінші аяқтаған команда жеңіске жетеді.

Бағалау

Тапсырманың толық әрі дәл орындалуы ұпаймен есептеледі.

2-эстафета: «Өткелден өту»

Толық жауапқа 5 ұпай
  1. Команданың бірінші мүшесі шахмат тәртібімен қойылған кегльдердің арасымен бір аяқпен секіріп өтеді.
  2. Тапсырманы орындайды.
  3. Сол бағытпен кері қайтып, келесі қатысушыға эстафетаны тапсырады.

Тапсырма

Әр оқушыға ғылым салаларына байланысты терминдер беріледі. Сол терминдерге нақты анықтама беру қажет.