Әділқазылар алқасымен таныстыру
Сабақ туралы мәлімет
Мекеме
Ақмола облысы, Астана қаласы, Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектеп.
Мұғалім
Орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімі — Шапиева Жұлдыз Жұмашевна.
Сабақтың тақырыбы
«Қазақшаңыз қалай?» (сайыс сабақ)
Сабақтың мақсаттары
-
Өзге ұлт өкілдері арасында мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мәртебесін көтеру.
-
Сөздік қорын, ауызекі сөйлеу тілін және сөйлеу мәдениетін дамыту; тіл байлығын арттыру; ойлау қабілетін жетілдіру, ой өрісін кеңейту.
-
Қазақ тіліне деген қызығушылықты арттыру.
Көрнекі құралдар
Наурыз мерекесіне арналған суреттер, нақыл сөздер және сұрақтар компьютер арқылы көрсетіледі.
Сайыстың өтілу барысы
I. Ұйымдастыру
Мақсатты хабарлау
Сайыстың негізгі мақсаты — мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және қазақ тілінің мәртебесін көтеру.
Кіріспе сөз (мұғалім)
«Сәлеметсіздер ме, құрметті мұғалімдер, қонақтар және қадірлі ойынға қатысушылар! Бүгінгі “Қазақшаңыз қалай?” сайысымыздың негізгі мақсаты — мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, қазақ тілінің мәртебесін көтеру.»
Ереже
- Міндетті түрде ұлттық киіммен шығу.
- Тыныштық сақтау.
- Бір-бірін мұқият тыңдау.
- Сұрақтарға толық әрі нақты жауап беру.
Қатысушылар
Сайысқа 8-сынып оқушылары арасынан өзге ұлт өкілдері қатысады.
Негізгі ой
Тіл — қарым-қатынастың ең маңызды құралы. Өткен тарихымыз, халқымыздың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрі бізге ана тіліміз арқылы жетеді. Қазақ тілі — бай әрі көркем тілдердің бірі. Мемлекеттік тілді меңгеру — Қазақстан Республикасының әр азаматының парызы.
«Олай болса, сайысымызды бастайық. Ойыншыларға сәт-сапар тілеймін!»
Сайыс бес белестен тұрады. Әр белес ұпаймен бағаланады. Соңында қорытынды шығарылып, жеңімпаздар мадақтама қағазымен марапатталады.
II. Сайыс кезеңдері
I белес — Таныстыру
- Қатысушылармен танысу.
- Жетондар үлестіру.
- Өзін-өзі таныстыру.
- Әділқазылар алқасымен таныстыру.
II белес — Көркем сөз сайысы
Бағалау: 5 ұпай
Үй тапсырмасы бойынша әр қатысушы өзі дайындап келген өлеңдерін мәнерлеп оқиды. Әділқазылар алқасы қорытынды баға шығарады.
III белес — Бәйге
Бағалау: 5 ұпай
Жауап жылдам әрі толық болуы тиіс. Әр ойыншының қолында 1–10 нөмірленген карточкалар болады. Карточканы бірінші көтерген ойыншы жауап береді.
Сұрақтар
- Қазақстан өз тәуелсіздігін қай жылы жариялады? (1991 ж.)
- «Тіл туралы» заң қашан қабылданды? (1989 ж.)
- Диалог деген не? (Екі адамның сөйлесуі.)
- Қазақ тіліне тән неше дыбыс бар? (9)
- Үш би кімдер? (Төле би, Қазбек би, Әйтеке би)
- «Әсемпаз болма әрнеге…» өлең шумақтарының авторы кім? (Абай)
- М. Әуезовтің атақты роман-эпопеясы? («Абай жолы»)
- 100 жасаған ақын? (Жамбыл)
- «Наурыз» сөзі қай тілден шыққан? (Парсы)
- Құрмалас сөйлемнің неше түрі бар? (3: салалас, сабақтас, аралас)
- Ұлттық музыкалық аспап? (Домбыра)
- Қазақстан Республикасының рәміздері? (Ту, Елтаңба, Әнұран)
- Тәуелсіздік күні? (16 желтоқсан)
- Тұңғыш қазақ ғарышкері? (Т. Әубәкіров)
- Абайдың шын аты? (Ибраһим)
- Мемлекеттік туда бейнеленген құс? (Бүркіт)
- «Оқушы» сөзінің синонимі? (Шәкірт)
- Қобызда ойнаған күйші? (Қорқыт)
- «Кел, балалар, оқылық…» өлеңі кімге тиесілі? (Ыбырай Алтынсарин)
IV белес — Жорға
Бағалау: 10 ұпай
Мақал-мәтелдер жарысы. Тапсырмалар уақытқа орындалады.
V белес — Полиглот
Нақты заттарды көрсету арқылы олардың атауын үш тілде айту.
Қорытынды
«Сонымен, балалар, сайысымыз мәресіне жетті. Ойынның қорытындысын шығару үшін сөзді әділқазылар алқасына береміз.»
Әділқазылар алқасы қорытынды шығарып, жеңімпаздарды мадақтама қағазымен марапаттайды.
Жанкүйерлерге сұрақтар
- Бала туған кезде жасалатын той қалай аталады? (Шілдехана)
- «Тәуелсіз Қазақстан» сөз тіркесі қалай аударылады?
- Қазіргі өмір талабына сай үш тіл қандай? (Қазақ, орыс, ағылшын)
- Наурыз мерекесінің басты асы? (Наурыз көже)
- Бір жылда он екі не бар? (Ай)
- Қыстан кейін не келеді?
Алғыс сөз
Барлық қатысқан оқушыларға алғысымды білдіремін. Осы сайыста сендер өз білімдеріңді және өнерлеріңді көрсете білдіңдер. Сайыс болғаннан кейін жеңіс те, жеңіліс те болады. Алдағы уақытта білімдеріңді одан әрі шыңдап, биіктерден көрінулеріңе тілектеспін. Сау болыңыздар!