Саусақ театры
Саусақ театры
Тақырыбы: «Күшік, мысық және тышқанның достығы».
Мақсаты
- Балаларды мұқият тыңдай білуге үйрету, ертегі мазмұнын түсіндіру.
- Үй жануарларының дыбыстарын ажыратып, олардың атын дұрыс атай білуге үйрету.
- Кейіпкерлердің түрлі іс-әрекет үстіндегі ерекшеліктерін қызыға бақылауға дағдыландыру.
- Баланың ойлау, қабылдау, таным, көру және есту қабілеттерін дамыту.
- Татулыққа, бірлікке, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Ертегі желісі
Оқиға аулада басталады: күшік ойнап жүріп аяғына ағаш кіргізіп алады. Көмек сұрағанымен, мысық алғашында қорқып, ренішін алға тартады. Бірақ кешірім мен уәдеден кейін олар татуласып, бірге ойнайды. Үйде кенет тышқан пайда болып, жаңа достық тағы бір сынақтан өтеді.
Күшік
Күшік: «Ав-ав! Мен күшікпін, күшікпін. Түні бойы жатпаймын, тыныштықты сақтаймын. Ав-ав!»
Күшік: «Ой-ой, аяғым! Аяғым ауырып тұр!»
Мысық
Мысық: «Мияу-мияу! Бұл кім? Кімсің? Ә, күшік екенсің ғой. Не болды, неге сонша айқайлап жатырсың?»
Күшік: «Ав-ав, мысық! Аулада ойнап жүргенімде аяғыма ағаш кіріп кетті. Мені құтқаршы, аяғым ауырып тұр. Ав-ав, өтінемін!»
Мысық: «Жоқ, мен сенен қорқамын. Сен мені күнде қуадысың. Аяғыңдағы ағашты алып құтқарсам, мені қайта қуа жөнелесің. Одан да солай отыра бер. Мен еркін ойнаймын: ля-ля-ля… мияу-мияу!»
Күшік: «Мысық, кешірші. Енді саған тиіспеймін. Мені құтқаршы. Ав-ав!»
Мысық: «Жарайды, онда мен сені құтқарайын.»
Күшік: «Рахмет! Енді екеуміз дос болайық. Бірге доп ойнайық. Мен саған тиіспеймін.»
Ойын сәті
Мысық: «Мияу-мияу, кел, екеуміз ойнайық. Менде доп бар. Добым менің, добым менің!»
«Өзің неткен көңілді едің, зымырайсың, зуылдайсың. Бірақ бізден құтылмайсың!»
Мысық: «Мияу-мияу, мен шаршап кеттім. Қайтайықшы.»
Күшік: «Ав-ав, онда біздің үйге жүр. Допты ала жүр, бірге ойнайық.»
Екеуі: «Ля-ля-ля-ля…» (әндетіп күшіктің үйіне барады.)
Үйдегі оқиға
Мысық: «Ой, үйің қандай әдемі! Жайлы, керемет екен.»
(Сол кезде тесіктен тышқан шыға келеді.)
Мысық: «Мына тышқан қайдан шықты? Тоқта, мен сені ұстап алып, жеп қоямын! Ә, бәлем, ұсталдың ба?»
Күшік: «Мысық, жіберші тышқанды. Ол да қонақ. Мен саған тиіспеймін ғой — сен де тиіспе. Дос болыңдар.»
Мысық: «Жарайды, күшік. Мен енді тышқанға тиіспеймін.»
Тышқан: «Шиқ-шиқ, рахмет, күшік! Мен қатты қорқып кеттім. Ендігі жерде бәріміз дос болайық.»
(Тышқан мен мысық қол алысады. Барлығы қосылып ән айтады.)