Тамаша қала
Мұқағали Мақатаев
Көгенде қозы,
Желіде құлын байлауда.
Жерошақ бықсып,
Қазанда бағлан қайнауда.
Қазақы үйдің қайыра түріп іргесін,
Қайғысыз, қамсыз отырушы едім жайлауда.
Сап - сары қымыз сарқылмаушы еді кеседен,
Отырушы едім, көгеріп, шалқып көсегем.
Оңымнан Айым, Жұлдызым туып солымнан
Бақытты екем жаралған ерек пешенем.
Ол - дағы өтті...
Оны да місе тұтпадым,
Нәр алдым, бірақ нәсілге ол да жұқпады.
Қалаға келдім,
Тас үйде тұрмын, тамаша!
Тауықтың еті, жүзімнің суы жұтқаным.
Тамаша қала!
Обалы босқа не керек.
Құйысқан өріп, жатпаймын таға шегелеп.
Алып қаланың аздаған шуы болмаса,
Қызыл да жасыл, қым - қиғаш әсем төңірек.
Қалада мынау тұрмыс та ерен, күй де ерен
Көрместі көріп, білместі біліп, үйренем.
Сәл ғана жаным қинала қалса, дүрлігіп
Дүниенің бәрін шақырып алам үйге мен.
Дерт дейтін дерт жоқ,
Дертсіз де қажып, ауырдым.
Ем болар ма екен, түтіні туған ауылдың?!
Қайырымды қала,
Кешіргін мені, қайтейін?
Жатайын барып, төсінде асқар тауымның
Кешіргін мені,
Көк жайлауымды сағындым!
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2
Ақтау қаласының туристік-рекреациялық ресурстары
Қала бір, бірак типтері әрқилы
Испанияның физикалық географиялық жағдайы
Грек мәдениеті
ӘЛЕМДІК МӘДЕНИЕТТЕР МЕН ӨРКЕНИЕТТЕР
Қазақастандағы орта ғасырлық қалалар
Қазақ тілі сабағында ойын түрлерінің қолдану тиімділігі
Архаикалық кезеңдегі Грек мәдениеті (б. з. д. VIII— VI ғ. )
Орта ғасырлардағы Батыс Еуропаның мәдениеті
Маңғыстау облысының туристік – экскурсиялық мүмкіндіктері
Ақтөбе қаласы бойынша салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін талдаудың ақпараттық жүйесін тұрғызу
Экономикалық өкіметке кім және қалай қожалық етуде - меншік және меншік құқығы
XIV – XV ғасырларда қалалар
Қаламгерлік көсемсөзі
БОНИТТЕУ ӘДІСІН ҚҰРУ ШКАЛАСЫ. ТОПЫРАҚ ЭТАЛОНЫ
Алматы әлемдегі табиғаты таза, сұлу қалаға айналу керек туралы
Алматы қаласы экологиясы
6-12 ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЛАЛАР
Төлеби ауданы Ленгір қаласы
Ислам философияның бастапқы негізін қалаушылар