Өткенді пысықтау Бинго ойыны
Сабақтың мақсаты
1) Білімділік
Етістік туралы білімдерін пысықтау арқылы оқушылардың өздігінен жұмыс істеу қабілетін дамыту, ой-өрісін кеңейту.
2) Дамытушылық
Танымдық және шығармашылық қасиеттерін жетілдіру; өз бетімен жұмыс істеуін, ой қорыту дағдыларын арттыру.
3) Тәрбиелік
Адамгершілік пен ақыл-ой тәрбиесін нығайту; ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, байқағыштыққа және жолдастық қарым-қатынасқа баулу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды сабаққа әзірлеу, топқа бөлу.
- Психологиялық дайындық.
Психологиялық дайындық мәтіні
Келіңіз, төрлетіңіз!
Үлкенге де сіз, кішіге де сіз.
Бар адамды құрметтеп,
Бас иеміз біз.
II. Қызығушылықты ояту
Перфокартамен жұмыс
1-топ: берілген сөздің әрбір әрпінен етістік сөздерді құрастырып, жазу.
III. Өткенді пысықтау
Оқушылар білімін бекіту үшін «Бинго» ойыны ұйымдастырылады. Бірінші болып тапсырмаларды дұрыс орындаған топ «Бинго!» деп айтады. Жауаптар эталон бойынша тексеріледі.
Бинго сұрақтары (8)
-
1. Зат есім дегеніміз не?
-
2. Жалқы есім дегеніміз не?
-
3. Сөздің одан әрі бөлінбейтін бөлшегі қалай аталады?
-
4. Зат есімнің қандай түрлері бар?
-
5. Сөзден сөз тудыратын қосымша қалай аталады?
-
6. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша қалай аталады?
-
7. Сөйлем неден құралады?
-
8. Сөз неден тұрады?
IV. Тақтамен жұмыс
Күнді жаздыру
Тақтаға бүгінгі күнді жазып, дәптерге түсіру.
Көркем жазу
Көркем жазу талаптарына сай қысқа мәтін немесе сөз тіркестерін жазу.
Суретпен жұмыс
Суреттерге қарап сөйлем құрау және сөйлем ішінен етістікті табу.