Сабақтың мақсаттары

Сауат ашу (1-сынып)

Бұл сабақ оқушылардың сыныпта бір-бірімен танысуына, тыңдалған материалды түсінуіне және өз ойын айтуына бағытталған.

Сабақтың тақырыбы

Сыныптағы танысу. Сөйлем.

Тілдік құзыреттілік

Менің сыныбыммой классmy class

Оқу мақсаттары

  • 1.1 Тыңдалған материалдың мазмұнын түсіну.
  • 1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту.
  • 1.1.1.1 Тыңдау барысында тілдік бірліктерді (сөйлеу, сөз, сөйлем, мәтін) ажырату және тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну.

Сабақтың мақсаттары

Барлығы

Жаңа білімді меңгереді.

Көбі

Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі

Алған білімін өмірде қолдана алады.

Жетістік критерийлері

Тыңдау және қайталау

Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Ойын анық жеткізу

Нақты сөйлеу арқылы мәселені түсінгенін көрсете алады.

Құндылықтар мен байланыстар

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне құрмет көрсетуге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Өнер, ана тілі.

АКТ дағдылары

Аудиожазба, таныстырылым.

Сабақтың барысы

Сабақтың басы (5 минут)

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

Шаттық шеңбері

Бала, бала, балапан,

Қане, қайсы алақан.

Саусақтарың әйбат,

Былай-былай ойнат.

Бала, бала, балапан,

Қане, қайсы алақан.

Саусақтарың әйбат,

Былай-былай ойнат.

Мұғалімнің сөзі:

Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезінудің өзі қандай тамаша, қандай қуаныш!

Сабақтың ортасы

Тапсырма №1

Бүгін бір-біріңмен танысасыңдар. Өздерің сияқты оқушылардың танысу кезінде не айтатынын тыңда.

  • Аудионы мұқият тыңдау.
  • Танысуға қатысты сөздер мен сөйлемдерді ажырату.
  • Қысқа пікір айту.

Тапсырма №2

Көңілді танысу: әр шардағы суреттің көмегімен балалардың атын табуға тырыс.

Жұппен немесе топпен жұмыс: бір-біріңнің жауабыңды тыңдап, сыпайы түрде толықтыр.

Дәптермен жұмыс

Танысуға арналған қысқа сөйлемдерді жазу және сөйлемнің басталуын бас әріппен рәсімдеу.

Сергіту сәті (1 минут)

Тарсылдатпай еденді,

Орнымыздан тұрып ап,

Жүгірейік бір уақ.

Бір, екі, үш, бір, екі, үш.

Аяқты алға созайық,

Тік көтеріп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық,

Алға қарай озбайық.

Бір, екі, үш, бір, екі, үш.

Мұғалім туралы

Мұғалім: Салманова Тұмар Рахымбайқызы

Материалдар

  • «Сыныптағы танысу. Сөйлем.» — жүктеу
  • «Сыныптағы танысу. Сөйлем.» — жүктеу