Ағаш балғаның диаметрі

Сабақтың мақсаты

Ағаш материалдарын қолмен және механикалық тәсілмен өңдеу технологиясын түсіндіру, технологиялық карта бойынша өлшем түсіру мен біріктіру дәлдігін қамтамасыз ету, станоктарда жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға үйрету.

Білімділігі

Технологиялық карта бойынша өлшем бірліктерін түсіру және біріктіру тәсілдерінің дәлдігін анықтау жолдарын меңгерту.

Дамытушылығы

Механикалық өңдеу технологиясын қолданып, материалды станокта өңдеу жұмыстарын орындау білігін дамыту.

Тәрбиелігі

Механикалық өңдеу станоктарында қауіпсіздік ережелерін мұқият сақтауға дағдыландыру.

Сабақтың өтілу жоспары

  1. 1 Сабақтың барысымен таныстыру
  2. 2 Көрнекілікпен жұмыс: ағаш балғаны құрастыру сызбаларын талдау
  3. 3 Ағаш өңдеу станоктарында сарамандық жұмыс
  4. 4 Сабақты қорытындылау

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылардың сарамандық жұмысқа дайындығын тексеру.
  • Құрал-жабдықтардың қауіпсіздік талаптарына сай болуын бақылау.

II. Өткен сабаққа шолу

  • Технологиялық картаның бөлімдерімен танысу және қысқаша қайталау.

Қауіпсіздік ережелері

Жаңа сабақтың негізгі бөлігі — ағаш өңдеуге арналған станоктарда қауіпсіз еңбек ережелерін сақтау. Әрбір іске қосу алдында тексеру жасау міндетті.

Токарь станогы (ағаш өңдеу)

  1. Станоктың электр торабына қосылу желілерін тексеру.
  2. Өңдеу құралдарының ақаусыз екенін бақылау.
  3. Құралдарды пайдалану тәртібін және жұмыс ретін еске түсіру.

Бұрғылау станогы

  1. Станоктың тоққа дұрыс қосылғанын тексеру.
  2. Тесуге арналған бұрғы ұшын дұрыс орнату.
  3. Қосу және ажырату түймелерінің дұрыс жұмысын тексеру.

Неге ағаш балға қолданылады?

Ағаш балға — ағаш ұстасының негізгі құралдарының бірі. Ағаш бетіне өрнек түсіру кезінде қашауды ағаш балғамен ұрады. Егер темір балғамен соқса, қашаудың сабы жарылып кетуі мүмкін.

Өлшемдер (технологиялық картаға енгізу үшін)

Бөлшек Өлшемдері Ескерту
Сабы 350 × 40 мм Ұстауға ыңғайлы етіп өңделеді
Басы 150 × 100 × 50 мм Өлшемі қолданылуына қарай өзгеруі мүмкін

Сарамандық жұмыс: ағаш балға жасау

1) Балғаның басын өңдеу (әмбебап станокта)

  1. Дайындаманы таңдау.
  2. Өлшем бойынша станокта кесу.
  3. Сыртын жону (пішінін шығару).

2) Басының тесігін орындау

  1. Өлшем бойынша бұрғымен үш нүктеден тесу.
  2. Тесілген орындардың дәлдігін тексеру.
  3. Дөңгелек түрпімен тазалау және өлшемге келтіру.

3) Сабын дайындау (ағаш өңдеу токарь станогында)

  1. Дайындаманы станокқа мықтап бекіту.
  2. Қырларын түрпімен тегістеу.
  3. Станокты іске қосып, түрпімен және жонғышпен өңдеу.
  4. Құмқағазбен тегістеп, бетін әрлеу.

4) Сына және ағаш шеге дайындау

Сына

Қалыңдығы: 5–2 мм

Ағаш шеге

Қалыңдығы: 10 мм

Материал

Өлшем бойынша ағаштан түрпімен өңдеп дайындау

Сына мен шегені ағаш материалынан өлшем бойынша өңдеп, қырларын жұмсартып, біркелкі пішінге келтіру қажет.

5) Құрастыруға дайындау

  • Балғаның басын арамен қажетті жерінен кесу.
  • Бұрғылау станогында ағаш шегенің орнына тесікті алдын ала дайындау.

6) Құрастыру жұмысы (ПВА желімімен)

  1. Сапқа және кигізілетін басқа ПВА желімін жағу.
  2. Сапты басына кіргізіп, біріктіру.
  3. Ағаш шегенің орнына желім жағу.
  4. Шегені ұрып кіргізу.
  5. Сынаны желімдеп, орнына қағу.

Ескерту: ПВА желімі жағылған бұйымды толық кепкеннен кейін, яғни 24 сағаттан соң қолданған дұрыс.

Қорытынды

Ағаш балғаның түрлері көп. Қолданылуына қарай оны үлкен, орта және кіші балға деп бөлуге болады.

Ағаш балға көбіне сынып кетуі мүмкін бұйымдарды түзету кезінде, сондай-ақ қашаумен және ұсақ дәл жұмыстарды орындауда қолданылады. Кәдесыйлық ағаш балғалар да бар — олардың өлшемдері шағын болады.

Материал таңдағанда қатты, жарылмаған, көздері (ақауы) жоқ ағашты таңдау қажет. Жұмсақ ағаштан жасалған балға тез мүжіліп, сынғыш келеді.

Үй тапсырмасы

Ағаш балғаның кіші өлшемдегі сызбасын орындау (өлшемдерін көрсете отырып).