Туған тілім өлеңінің авторы

Ана тілі • 3-сынып

Тақырып: «Туған тілім» (Дихан Әбілев)

Сабақ жоспары мемлекеттік тілдің қадір-қасиетін танытуға, ана тілін қастерлеуге және оқушылардың мәнерлеп оқу, пікір айту дағдыларын дамытуға бағытталған.

Сабақ типі: жаңа білімді игерту Сабақ түрі: аралас Әдістер: түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеуіне үлес қосу идеясын түсіндіру, ана тілін құрметтеуге баулу және әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері (салт-дәстүрі, діні, тілдік болмысы) болатынын ұғындыру.

Білімділік

Өлең арқылы тілдің құндылығы, қасиеті, мәні мен маңызы туралы түсінік қалыптастыру.

Дамытушылық

Мәнерлеп оқу дағдысын жетілдіру, ана тілі туралы ой-пікірді ашық әрі еркін жеткізуге үйрету.

Тәрбиелік

Ынтымақтастықта жұмыс істеуге, ана тілін сүюге және қастерлеуге тәрбиелеу.

Ұйымдастыру және ресурстар

Көрнекіліктер

  • тақырыптық суреттер
  • слайд көрсетілімі
  • тест сұрақтары

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, дүниетану.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар жаңа сабақты меңгереді; Д. Әбілевтің «Туған тілім» өлеңінің мағынасын түсінеді және ана тілін қадірлеудің мәнін ұғынады.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

  • оқушылармен амандасу
  • түгендеу
  • оқу құралдарын даярлату

Психологиялық дайындық

Туған тілім – тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылады сыр ойдағы.

Өссе тілім — мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім — мен де бірге өшемін.

Топқа бөлу

Оқушылар 3 топқа бөлінеді. Әр топтан топбасшы сайланып, сабақ бойындағы жауап пен белсенділікті қадағалап, соңында бағалау жүргізеді.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Өткен сабақ

М. Мақатаев — «Үш бақытым» өлеңі.

Жатқа айту

  • I топ — 1-шумақ (жатқа айтып, мазмұндау)
  • II топ — 2-шумақ
  • III топ — 3-шумақ

Қорытынды сұрақтар

  • I топ — Мұқағали Мақатаев туралы не білесіңдер?
  • II топ — Оның өлеңдерін атаңдар.
  • III топ — Бір өлеңін жатқа айтыңдар.

Қазақ халқында ана тілі туралы жыр толғамаған адам кемде-кем. Қазақ тілі — Әйтеке, Қазыбек, Төле билер сияқты шешендердің, Абай, Ғ. Мүсірепов, Ә. Тәжібаев, Ғ. Мұстафин, Қ. Мырзалиев, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов секілді ақын-жазушылардың және Б. Момышұлы тәрізді батырлардың тілі. Бүгінгі сабақ осы тақырыпты жалғастырады.

III. Жаңа сабақ

1) Автор туралы

Тіл тақырыбын терең толғаған қаламгерлердің бірі — Дихан Әбілев (1907–2003). Ол 1907 жылы 26 желтоқсанда Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген.

  • 1926 ж. — «Қызыл әскер» атты алғашқы өлеңі жарық көрді.
  • 1928 ж. — «Сырлы шкафтың сыры» атты алғашқы әңгімесі жарияланды.
  • Қазақ әдебиетінің өркендеуіне ондаған жыл қаламымен қызмет етіп, мол мұра қалдырды.

2) Мағынаны тану

  • «Туған тілім» өлеңін оқып, мазмұнын түсіндіру.
  • Оқушылардың өлеңді мәнерлеп оқу сайысы.

3) Ой толғау (өлеңді талдау)

  • I топ — Өлең неге «Туған тілім» деп аталған?
  • II топ — Ақынның «туған тілім», «өз тілім» деп отырғаны қай тіл?
  • III топ — «Екіжақты күнделік»: екі өлеңнің ұқсастығы мен айырмашылығы.

М. Мақатаев — «Үш бақытым»

Кей-кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Д. Әбілев — «Туған тілім»

Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.

4) Дәптермен жұмыс

Өлеңнің соңғы шумағынан екі жолды көшіріп жазу.

5) Сергіту сәті

«Ана тілін сүйеміз» әнін орындау.

7) Топпен жұмыс

3-топ берілген сөздерден тіл туралы мақал-мәтел құрастырады және мағынасын өз сөздерімен түсіндіреді.

6) Жағдаяттарды талқылау

«Сөзі жоғалған халықтың өзі де жоғалады» қағидасына сүйеніп, төмендегі жағдаяттарға өз шешімдеріңді ұсыныңдар:

Кітапхана

Кітапханада екі қазақ қызы орысша сөйлесіп отыр. Сенің көзқарасың қандай? Не айтар едің?

Көшеде сұрақ

Құрбыңнан уақытты сұрадың, ол орыс тілінде жауап берді. Сен не істейсің?

Шұбарлау

Досың қазақша сөйлегенде орыс сөздерін араластырады. Оған қалай түсіндіресің?

IV. Бекіту (тест)

Сұрақ Жауап нұсқалары
1 ҚР-ның мемлекеттік тілі қай тіл? A) Орыс • B) Қазақ • C) Ағылшын
2 ҚР-да «Тіл туралы» Заң қашан қабылданды? A) 1997 ж. 11 шілде • B) 1991 ж. 16 желтоқсан • C) 1995 ж. 30 тамыз
3 Қазақ тілін басқаша қалай атауға болады? A) Әліппе • B) Отан • C) Ана тілі
4 «Туған тілім» өлеңінің авторы кім? A) Д. Әбілев • B) М. Әуезов • C) А. Құнанбаев
5 «Туған тілім» өлеңінің тақырыбы қандай? A) Құстар • B) Тіл • C) Отан

Өзіңді-өзің тексер (бағалау)

  • 0 қате — «5»
  • 1 қате — «4»
  • 2 қате — «3»

Дұрыс жауаптар кілті

1 — B, 2 — A, 3 — C, 4 — A, 5 — B

V. Қорытындылау (INSERT әдісі)

Білемін

Тақырып бойынша алдын ала білетін ойларды қысқаша жазу.

Білдім

Сабақтан кейін жаңа түсінген тұжырымдарды белгілеу.

Білгім келеді

Тақырыпқа қатысты қосымша сұрақтарды ұсыну.

Оқушы білімін бағалау

Топбасшы бағалауы және смайликтер арқылы кері байланыс беру.

VI. Үй тапсырмасы

Д. Әбілевтің «Туған тілім» өлеңін мәнерлеп оқу және жатқа айту.