Тапсырманы тиянақты орындауға дағдыландыру

Сабақтың тақырыбы

Тапқырларға тапсырма (презентациясымен)

Сабақтың мақсаты

а) Білімділігі

Балаларды көрсетілген заттарды санауға, көлемді, кеңістікті, уақытты бағдарлауға үйрету; геометриялық пішіндерді бір-бірінен ажыратып, оны сөзбен дұрыс айтуға дағдыландыру.

ә) Тәрбиелігі

Балаларды ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Ой-өрісін, бейімділігін дамыту. Тапсырманы тиянақты орындауға дағдыландыру.

б) Дамытушылығы

Логикалық ойлау дағдысын дамыту. Сөйлеу қабілеті мен сөйлеу мәдениетін жетілдіру.

Әдіс-тәсілдер

  • Сұрақ-жауап арқылы ой қозғау

  • Топпен жұмыс арқылы бірлесіп орындау

  • Жеке жұмыс арқылы бекіту

  • Ойын элементтері арқылы қызықтыру

Көрнекіліктер

  • Ойындарға арналған түрлі түсті суреттер
  • Шарлар (қызыл, сары, жасыл, көк, ақ)
  • 5-ке дейін санауға арналған материалдар
  • Әртүрлі геометриялық пішіндер
  • Логикалық тапсырмалар және дидактикалық ойындар

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Тәрбиеші балаларды қол ұстасып, дөңгеленіп тұрып, шеңбер құруға шақырады. Бір-біріне алақан арқылы жылылық танытып, жылы лебіз білдіреді.

Армысыз, қайырымды Аспан ата!
Армысыз, мейірімді Жер ана!
Армысыз, шұғылалы Алтын күн!
Қуан, шаттан, алақай —
Қуанатын келді күн!
Тату болайық, дос болайық!
Амансыз ба? Есенсіз бе? Сәлеметсіздер ме?

Тәрбиеші: «Балалар, бүгінгі есеп сабағы басқа сабақтардан ерекше болады».

2) Жұмбақ-өлең арқылы тақырыпқа шығу

Ақ қар еріп, су көбейіп,
Сай-салаға ағады.
Бүршік шашып, жапырақ ашып,
Гүл бәйшешек басады.
Мал маңырап, төл жамырап,
Жайлау малға толады.
Бөбектерім, айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?

Жауабы: Көктем.

Бүгін

Сейсенбі

Кеше

Дүйсенбі

Ертең

Сәрсенбі

3) «Сиқырлы шарлар» және тапсырмалар

Музыка ойнап, түрлі түсті шарлар көрінеді. Балалар шарлардың түсін атайды: қызыл, сары, жасыл, көк, ақ. Тәрбиеші: «Бұл — сиқырлы шарлар. Олар жоғарыда тұр. Оларды қалай түсірсек болады?»

«Мүмкін, сиқырлы шарларға тақпақ айтып көрерміз?»

Бір дегенім — бесік, шықтық одан өсіп.
Екі дегенім — елім, далам, туым көгім.
Үш дегенім — үміт, үміт артар жігіт.
Төрт дегенім — төзім, төзе білем өзім.
Бес дегенім — бақыт, бағалайтын уақыт.

Музыка әуенімен шарлар төмен түседі. Шарлардың ішінде геометриялық пішіндер арқылы келген «ғажайып тапсырмалар» болады.

4) Тапсырма 1 — Үшбұрыш: «Адасқан сандар»

Мақсаты

  • 5-ке дейін санау
  • Сандарды тану және дұрыс ретпен орналастыру
  • Зейінді дамыту, шапшаңдыққа тәрбиелеу

Орындау

1–5 аралығындағы «адасқан» сандарды рет-ретімен қойып шығу.

5) Тапсырма 2 — Дөңгелек: «Кім тез ойлап табады?»

Мақсаты

Геометриялық пішіндерді ажырата білуге үйрету.

а) Іріктеу тапсырмасы

Тақтадағы суреттердің ішінен дөңгелек және үшбұрыш пішінді заттарды таңдап көрсету.

б) Іріктеу тапсырмасы

Суреттерден сопақша және квадрат пішінді заттарды таңдап көрсету.

6) Тапсырма 3 — Төртбұрыш: «Кім тапқыр?»

Бұл тапсырма күрделірек. Барлығымыз мұқият назар аударамыз.

Мақсаты

  • Сенсорлық эталондарды дамыту
  • Заттың көлемін және пішінін ажырата білуге үйрету

а) Сәбіз

Суреттегі сәбіздердің қайсысы ұзын, қайсысы қысқа екенін айту.

ә) Алмұрт

Алмұрттың жалпағын және жіңішкесін ажыратып айту.

б) Доп

Доптың үлкенін және кішісін

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Бойды сілкіп алайық.
Оң қолымды жаныма,
Сол қолымды жаныма,
Қос қанатты жаямыз,
Құсша қанат қағамыз.
Оң аяқты алдыма,
Сол аяқты артына,
Қос қанатты жаямыз,
Ұшақ болып ұшамыз.
Өз орнымызды табамыз.

7) Тапсырма 4 — Сопақша: «Кім қанша затты біледі?»

Мақсаты

Көзбен көріп есте сақтау қабілетін дамыту; заттардың түрі мен түсін ажырата білуге үйрету.

Тәулік бөліктері (өлең арқылы)

Нұрға толы бар аймақ,
Күн шығады арайлап.
Ұйқымыздан тұрамыз,
Бет-қолды жуамыз.
Ата-анаға ереміз,
Мектепке біз келеміз.
Айта қойшы, бүлдіршін,
Бұл қай мезгіл? (таңертең)

Тамақтанып аламыз,
Біз тәртіпті баламыз.
Ойнаймыз, ән саламыз,
Серуенге шығамыз.
Қыдырамыз далада.
Айта қойшы, бүлдіршін,
Бұл қай мезгіл? (түс)

Үйлерде шам жанады,
Маңай тастай қараңғы.
Дем алады бар әлем.
Айта қойшы, бүлдіршін,
Бұл қай мезгіл? (түн)

Көлеңкелер ұзарып,
Күн батады қызарып.
Бұл қай мезгіл? (кешкілік)

Логикалық сұрақтар

  1. Аспанда неше күн бар?
  2. Жапалақтың неше көзі бар?
  3. Бүркіттің неше қанаты бар?
  4. Қолда неше саусақ бар?
  5. Қойда неше аяқ бар?

Қорытынды

Тәрбиеші балалармен бірге сабақта орындалған жұмыстарды қорытындылайды:

Үшбұрыш

«Адасқан сандар» тапсырмасында 1–5 аралығындағы сандарды ретімен орналастырып, санадық.

Дөңгелек

Геометриялық пішіндерге ұқсас заттарды табуды үйрендік.

Төртбұрыш

Ұзын-қысқа, үлкен-кіші, жалпақ-жіңішке ұғымдарын ажырата білдік.

Сопақша

Көзбен көріп есте сақтау арқылы заттарды және тәулік мезгілдерін ажыраттық.

Тәрбиеші: «Дұрыс, балалар. Сендер бүгін тапқыр екендеріңді, қиындықтан қорықпайтындарыңды көрсеттіңдер».

Тату өскен баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Бір шаңырақ астында,
Бірге білім аламыз.