Жылуыма жылу қос

Сабақтың қысқаша мәліметі

Сынып
6-сынып
Ортақ тақырып
Саяхат
Бөлім
Оқылым
Бөлімше
Дыбыс пен әріпті тану және ажырату
Сабақ тақырыбы
Ә дыбысы мен әрпі

Оқу мақсаты

Осы сабақ арқылы оқушылар Әә әрпін таниды, ажыратады және оны дыбыспен сәйкестендіреді.

Құндылықтар

  • Қарым-қатынас жасау
  • Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау
  • Жауапкершілік

Байланыстар

Пәнаралық байланыс
Музыка
АКТ қолдану
Слайд көрсету

Алдыңғы білім

Бұған дейін оқушылар «Табиғатқа саяхат» тақырыбын меңгерді. Сондай-ақ Зз дыбысы мен әрпін тану, ажырату және дыбыспен сәйкестендіру бойынша жұмыс жасалды.

Пәндік лексика және терминдер

Төмендегі сөздерді үш тілде айту және мағынасын сәйкестендіру.

Қазақша Орысша Ағылшынша
Әтеш Петух Check (чейк)
Әке Отец Father (фазә)
Әже Бабушка Grandmother (гранд мазә)

Ескерту: берілген ағылшынша транскрипция үлгілері оқушыларға дыбыстауды жеңілдету үшін қолданады.

Сабақ барысы (басы)

1) Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал: оқушылар өлеңді хормен оқып, бір-біріне сәттілік тілейді. Алақандарын түйістіріп, жылылықты сезінеді.

Өлең

Армысың, асыл Күн!

Армысың, көк аспан!

Армысың, жан досым!

Жылуыма жылу қос!

Міне, менің қолым!

2) Топқа бөлу

Жыл мезгілдерінің суреттері арқылы оқушылар 4 топқа бөлінеді: көктем, жаз, күз, қыс.

3) «Ыстық орындық» стратегиясы (сыни ойлау)

Оқушыларға жеке жұмыс ретінде сұрақтар қойылады және Зз дыбысы бар сөздер айтқызылады. Ішкі уәжді көтермелеу мақсатында «Отшашу» әдісімен бағалау ұйымдастырылады.

Қайталау сұрақтары

  • Кім тақтаға Зз әрпін жазып береді?
  • Тіліміздегі дыбыстар неше топқа бөлінеді?
  • Олар қандай болып бөлінеді?
  • Қандай дауысты дыбыстарды өттік?
  • Қандай дауыссыз дыбыстарды өттік?

4) «Кел, жұмбақ шешейік!» ойыны

Жұмбақ арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталады.

Жұмбақ

Күн шықпай сап аттанды,

Қуырады апшыны.

Шырт ұйқыда жатқанды,

Оятады ащы үні.

Шешуі: Әтеш

Жаңа тақырыпқа шығару

  • Қандай таныс емес әріпті көріп тұрсыңдар?
  • Ә дыбысын хормен айтқызу.
  • Баспаша және жазбаша әріп таңбасымен таныстыру.
  • Дауысты дыбыс екеніне назар аударту.
  • «Әтеш» сөзіне буындық-дыбыстық талдау жасату.
  • Ә дыбысы бар сөздер айтқызып, дыбыстың сөздегі орнын анықтату.