Ертегі сабақ

Сабақтың тақырыбы

7 санының құрамы

Сабақ түрі

Ертегі сабақ

Сабақ әдістері

Түсіндіру, сұрақ-жауап, баяндау, топтастыру

Көрнекіліктер

Сандар, өрнектер, «Жеті лақ» ертегісінің суреттері, интерактивті тақта, үнтаспа

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, ана тілі

Мақсаты

  • Оқушыларға 7 санын қосынды түрінде жазуды, сәйкес теңдіктерді құрастыруды, оқуды, қосындыға кері амалды жазып, айырма құрастыруды, теңдіктер құруды және сандарды салыстыруды үйрету.
  • Оқушының шығармашылық қабілетін, логикалық ойлауын, ой-өрісін, зейінін және танымдық белсенділігін дамыту.
  • Есепті күнделікті өмірде қолдануға, қиындықты жеңе білуге баулу; оқушыларды саналылыққа, сыпайылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.

Бүгінгі күнмен байланысы

Үлгілі оқып, білім алу — бүгінгі заман талабы екенін түсіндіру.

Сабақтың жүру барысы

1) Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық дайындық

Сыныппен жылы қарым-қатынас орнатып, сабаққа назар аударту.

Жұмбақ

Қандай құстар бұл өзі,
Жетіден ұшып барады.
Шұбырып тізбек құрады,
Қайрылмай артқа ұзады.

Шешуі: апта күндері

Ой қозғау

  • Аптада неше күн бар?
  • Бүгін аптаның қай күні?

2) Өткен сабақты пысықтау

«Жеті лақ» ертегісінің желісі бойынша үй тапсырмасын қайталау.

Ешкінің 1-тапсырмасы

7 санына қатысты ырым сөздерді топтастыру.

киелі сан ата қазына нан

3) Жаңа сабақ: 7 санының құрамы

Ешкінің 2-тапсырмасы (оқулықпен жұмыс)

Оқулықтағы 1-тапсырма: моншақтарды жіпке 7-еуден тізу және түстеріне назар аудару.

Ешкінің 3-тапсырмасы

Жемістерді жеу үшін лақтар тапсырманы орындайды: оқулықтағы 3-тапсырма. Сұрақтар ойлап, теңдіктер құрастыру (тақтамен жұмыс).

7 − 2 = 5
5 + 2 = 7

Сергіту сәті

Қасқыр ешкінің үйіне келеді. Балалар қасқырды үркітуге көмектеседі:

Қолымызды көтеріп,
Шапалақты соғайық.
Қасқыр қашып кеткен соң,
Ой сергітіп алайық.

Шығармашылық тапсырма (жұмбақ есеп)

Алма бағы жайнаған,
Қызыл алма айналам.
Алдым үзіп бесеуін,
Тағы да алдым екеуін.
Алдым сонда нешеуін?

Шешуі: 5 + 2 = 7

Логикалық тапсырма (тақтамен жұмыс)

Айлакер қасқыр ішке енді: алты лақты жұтып қойды, бір лақ жасырынып қалды. Шапшаң қимылмен өрнек құрастыру.

7 − 6 = 1
7 − 5 = 2
7 − 3 = 4
7 − 2 = 5

Төрт топ тапсырмаларды тақтада жылдам орындайды.

Дәптермен жұмыс

Ешкімен бірге қасқырды іздестіру жұмысы арқылы тапсырмаларды орындау.

1-тапсырма

6 және 7 сандарын көркем жазу.

2-тапсырма

Оқулықтағы тапсырма бойынша теңсіздіктер құрастыру және жазу.

4 + 3 4 + 2

3-тапсырма

Моншақтарды екі қорапқа әртүрлі тәсілмен бөліп салу. Тиісті теңдіктерді жазу.

4-тапсырма

7 санын шығару үшін қандай 3 кегльді бояу керек екенін анықтау.

Ертегідегі қуанышты сәт

Лақтарымен қауышқан ешкі бақытты болып, көңілді өмір сүріпті.

4) Қорытынды бөлім

Енді ешкінің үйін орманнан алыс жерге орналастыру үшін үйшіктің ішіндегі 7 санының құрамын толық жазып шығу. Оқушыларға үйшігі бар карточка беріледі, олар карточканы толтырады.

5) Мадақтау

Ешкі әкелген алмаларды балаларға үлестіру. Бұл — ешкінің балаларға айтқан алғысы.

6) Үй тапсырмасы

Оқулық: 5-тапсырма.