Ұзындықты өлшеу
Сабақ туралы мәлімет
- Пәні
- Математика, 3-сынып
- Сабақтың тақырыбы
- Ұзындықты өлшеу. Миллиметр. Ұзындық бірліктерінің арақатынасы
- Сабақтың түрі
- Аралас сабақ
- Көрнекіліктер
- Слайдтар, сызғыш, суреттер
Сабақтың мақсаттары мен міндеттері
Білімділік
Ұзындықтың өлшем бірлігі миллиметр (мм) ұғымын енгізу және оны басқа өлшем бірліктеріне айналдыруды үйрету.
Дамытушылық
Оқушылардың шығармашылық қиялын, жүйелі ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік
Еңбектенуге, еңбекті бағалауға тәрбиелеу, экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың міндеті
Меңгерген математикалық білімдерді нақты жағдайларда қолдануға, практикалық есептерді шешуге қажетті біліктілікті қалыптастыру.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,
Математикаға орын берсең басыңнан —
Барлық ғылым саған үйір болады,
Досың солар табылатын қасыңнан.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Берілгені
- Ұзындығы: 5 см
- Ені: 2 см-ге қысқа
- Табу керек: P (периметр), S (аудан)
Шешуі
Ені: 5 см − 2 см = 3 см
Периметр: (5 см + 3 см) × 2 = 16 см
Аудан: 5 см × 3 см = 15 см²
Сұрақ-жауап
Тік төртбұрыштың периметрін қалай есептейміз?
Қабырғаларының ұзындықтарын қосамыз.
Ауданды қалай есептейміз?
Ұзындығын еніне көбейтеміз.
Периметрді есептегенде көбейтудің қандай қасиетін қолдандық?
Көбейтудің үлестірімділік қасиеті.
Ауданды есептегенде көбейтудің қандай қасиеті қолданылады?
Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті.
Қайталау үшін
- Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті деген не?
- Көбейтудің терімділік қасиеті деген не?
- Көбейтудің қосуға қатысты үлестірімділік қасиеті қалай тұжырымдалады?
III. Жаңа сабақ
Ойын: «Не артық?»
Қорытынды
«Минут» — ұзындық өлшем бірлігі емес, сондықтан артық.
Салыстыру
Ең үлкені — километр, ал ең кішісі — сантиметр. Бүгін біз бұдан да кіші бірлік — миллиметрмен танысамыз.
Дәптермен жұмыс
Күні
Қаңтардың он тоғызы
Жазба
Сынып жұмысы
Ұзындықты өлшеу. Миллиметр. Ұзындық бірліктерінің арақатынасы
Тапсырма №1
1 см және 1 дм кесінділерін сызу.
Сұрақ
Бұл тапсырманы қандай құралдың көмегімен орындадыңдар?
Жауап: Сызғыш.
Сызғышты бақылау
- 0-ден 1-ге дейін 10 бөлік.
- 1-ден 2-ге дейін 10 бөлік.
- 2-ден 3-ке дейін 10 бөлік.
Қорытынды
Сызғыштағы бір кіші бөліктен келесі кіші бөлікке дейінгі арақашықтық миллиметр деп аталады.
Миллиметр (мм) — ұзындықтың сантиметрден кіші өлшем бірлігі.
Дереккөз
№167 жалпы білім беретін мектеп. Мұғалімі: Бабашева Г. О.
Материал: «Ұзындықты өлшеу. Миллиметр. Ұзындық бірліктерінің арақатынасы».