Шымтезек мүгі туралы ертегі құрастыру
Шалқар қаласы, №8 жалпы орта білім беретін мектеп
Биология және химия пәні мұғалімі: Сактапова Жайнагүл Данбаевна
Пәні: Биология
Сынып: 6
Тақырыбы: Шымтезек мүгі
Бұл сабақта оқушылар мүктердің ерекшеліктерін, түрлерін, құрылысы мен дамуын, сондай-ақ тірі ағзалар мен қоршаған орта үшін маңызын жүйелі түрде түсінеді.
Мақсаты
Оқушыларға өсімдіктер систематикасы аясында мүктер туралы білім қалыптастыру: олардың түрлері, маңызы, дамуы мен өсуі жөнінде түсінік беру және алған білімді тәжірибеде қолдануға бағыттау.
Сабақ міндеттері
- Жаңа тақырыпты меңгерту арқылы топта бірлесіп жұмыс істеу дағдыларын дамыту; мүктердің маңызы, түрлері мен қызметін түсіндіру және білімді толықтыру.
- Белсенділігі төмен оқушылардың оқу ынтасын арттыру; мүктердің даму ерекшеліктерін түсіндіру арқылы қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.
- Топтық жұмыс машықтарын жетілдіру; қосымша ақпаратты өздігінен қабылдап, сараптай білуге дағдыландыру.
Күтілетін нәтиже
- Оқушылар жаңа тақырыпты меңгеріп, топта тиімді жұмыс жасайды; мүктердің маңызы мен қызметін түсіндіре алады.
- Белсенділігі төмен оқушылардың ынтасы артып, шымтезек мүгінің маңызын нақты мысалдармен дәлелдей алады.
- Өздігінен меңгеру және талдау дағдылары қалыптасып, пікірін жүйелі жеткізуге машықтанады.
Сабақ барысы
Кіріспе бөлімі
-
1) Амандасу
Оқушыларды жылы жүзбен қарсы алу. «Амандасу — салтымыз» тренингі арқылы оқушылар әр елдің дәстүріне сай амандасу түрлерін орындайды.
-
2) Үй тапсырмасын тексеру
«Стикердегі диалог» әдісі: оқушылар стикерлердегі сұрақтарға жауап беріп, бір-бірінің жауабын толықтырады.
-
3) Топқа бөлу
«Мозайка» әдісі арқылы 3 топқа бөліну:
-
1-топ
Өсімдіктер
-
2-топ
Жануарлар
-
3-топ
Адамдар
-
-
4) Актуалдау
Жер бетінде өсімдіктердің түрлері өте көп әрі алуан түрлі. Сол өсімдіктердің бір ерекше тобы — мүктер.
Жаңа сабақтың таныстырылымы
Ротация әдісі (оқулықпен жұмыс)
Әр топ өздеріне берілген фломастермен тақырып бойынша топтық таныстырылым әзірлейді. Кейін келесі топ жұмысты толықтырып, жетілдіреді.
1-топ
Мүктерге сипаттама (тірек сызба, тәжірибе).
2-топ
Шымтезек мүгінің құрылысы (ментальді карта).
3-топ
Дамуы (салыстыру кестесі).
Сергіту сәті
«Серігіп бір алайық!» тәсілі арқылы қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары орындалады.
«Біз есте сақтаймыз!» әдісі
Оқушылар терминдер сөздігін жаттап, негізгі ұғымдарды дәптерлеріне жазып бекітеді.
Ой толғаныс
1-топ
«Мүктер әлемі» тақырыбында эссе жазу.
2-топ
«Даму жолдары» тақырыбында бес жолды өлең құрастыру.
3-топ
Шымтезек мүгі туралы ертегі құрастыру.
«Карусель» әдісі
Әр топ өз ойын кезекпен бөліседі. Талқылау сұрақтары:
- Кім? Не?
- Неліктен?
- Қашан?
- Қалай?
- Қайда?
Активатор: «3, 2, 1» әдісі
Оқушылар дәптерлеріне жазып, ой бөліседі:
- Бүгінгі сабақта ұнаған 3 тапсырма.
- Сабақ барысында ұнаған 2 сұрақ.
- Сабақта ерекше белсенді болған 1 оқушы.
Толық нұсқасын жүктеу