Ыбырай Алтынсарин кім

Сабақ тақырыбы

Ы. Алтынсариннің «Өзен» өлеңі. Сабақ табиғатты «өз үйіміз» ретінде танып, өлеңнің мазмұны мен идеясын ашуға бағытталады.

Жалпы мақсат

Өлеңді мәнерлеп оқыту, мазмұны мен идеясын түсіндіру, табиғаттың адам мен тіршілік иелері үшін маңызын ұғындыру.

Міндеттері

  • Ыбырай Алтынсарин туралы білімді кеңейту.
  • Жүйелі сөйлеуге, ойды анық жеткізуге үйрету.
  • Табиғаттың адам өміріне және жан-жануарларға қажеттілігі туралы ғылыми түсінік қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар табиғаттың, әсіресе судың тіршілік үшін маңызын түсінеді; өлеңді талдап, негізгі ойды айқындайды.

Көрнекіліктер

Суреттер, слайдтар, бейнебаян материалдары.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық: қыс мезгілі аяқталып, күлімдеген көктем келді. Көктемде табиғатымыз — Жер-Ана бусанып, айналаға жылылық сыйлайды. Сол жылылықты сезіну үшін оқушылар бір-бірінің алақанының жылуын сезінеді.

II. Ой қозғау

Сұрақ 1

Біздің айналамызды не қоршап тұр?

Сұрақ 2

Табиғат дегеніміз не?

III. Топқа бөлу

Оқушылар табиғатқа қатысты төрт топқа бөлінеді: ауа, су, өсімдіктер, құстар. Әр топ өз атауын қорғап, түсіндіреді.

Формативті бағалау Топтық жұмыс Коммуникация

IV. Жаңа сабақ

Тақырыптық өзек: «Табиғат — менің өз үйім». Оқушылар Ыбырай Алтынсариннің «Өзен» өлеңімен танысып, өлеңдегі табиғат көрінісі мен негізгі идеяны анықтайды.

V. Топтық тапсырмалар (автор туралы)

  • 1-топ: Ыбырай Алтынсарин кім?
  • 2-топ: Қандай шығармаларын білесің?
  • 3-топ: Бір өлеңін жатқа айт.
  • 4-топ: «Бес жолды өлең» құрастыр.
Формативті бағалау

VI. Оқулықпен жұмыс

  1. 1 Мұғалімнің түсіндіруі.
  2. 2 Оқушылардың іштей оқуы.
  3. 3 Оқушылардың дауыстап оқуы.

VII. Сөздік жұмысы

Қынарда

жағасында

Жанабында

маңайында

VIII. Өлеңге талдау (топтық жұмыс)

Әр топ өлеңнің шумақтарына мазмұндық талдау жасап, негізгі ойды анықтайды.

1-топ

1-шумақты талдау

2-топ

2-шумақты талдау

Формативті бағалау

Қосымша мәлімет: Қазақстан өзендері

Қазақстанда 85 мыңнан астам ірілі-уақты өзен бар. Соның ішінде ұзындығы 1000 км-ден асатын 7 ірі өзен ерекшеленеді:

Өзен Ұзындығы
Ертіс 4242 км
Тобыл 1600 км
Жайық 2428 км
Есіл 2450 км
Сырдария 2212 км
Іле 1400 км
Шу 1186 км

Зерттеу, медиа және шығармашылық тапсырмалар

IX–X. Талантты оқушымен жұмыс және бейнебаян

  • Жайық өзені туралы дайындалған ақпаратты тыңдау.
  • Жайық өзені туралы бейнебаян көру және қысқа талқылау.
Формативті бағалау

XI. Топтық тапсырмалар (су тақырыбы)

1-топ

Суға қатысты тыйым сөздер

Суды қадірлеу, ластамау, ысырап етпеу туралы тыйымдарды жинақтау.

2-топ

Су туралы мақал-мәтелдер

Мағынасына тоқталып, өмірмен байланыстырып айту.

3-топ

Өзеннің суретін салу

Өзеннің табиғаттағы орнын көркем түрде бейнелеу.

4-топ

«Су» тақырыбында шағын эссе

Судың адам өміріндегі маңызын дәлелдермен жазу.

Формативті бағалау

Мақал-мәтелдер мен нақыл сөздер

Өзен мен су туралы халық даналығы оқушылардың экологиялық мәдениетін күшейтіп, сөз мағынасын терең түсінуге жетелейді.

Мақал-мәтелдер

  • Өзен ақса — көл, дария ақса — сел.
  • Өзен бойы тұрғанда өзге жерге қонбаңыз.
  • Өзен жағалағанның өзегі талмас.
  • Өзен — суға жарасқан қамысы мен қоғасы, қарияға жарасқан аузындағы тобасы.
  • Өзен суын жаңбыр тасытады, адам қадірін еңбек асыртады.
  • Өзен ұзақ ағады бұлағы болса басында, іздеген бақыт табады жалықпаса жасында.

Нақыл сөз

Асқар тау, сенде бір мін бар — асу бермейсің;
Тасқын су, сенде бір мін бар — өткел бермейсің;
Билер, сендерде бір мін бар — басқаға сөз бермейсің!
Әйтеке би

Қорытынды бөлім

XII. Сұрақтар мен тапсырмалар

Оқушылардың түсіну деңгейі сұрақтар арқылы тексеріледі, ойлары толықтырылып, жауаптары нақтыланады.

XIII. Үй тапсырмасы

Өлеңді қайталау, негізгі ойды қысқаша жазу және су туралы бір мақалдың мағынасын түсіндіріп келу.

Бағалау және түйін

Сабақ бойындағы топтық жұмыстар мен жауаптар бойынша формативті бағалау жүргізіледі. Соңында табиғатты қорғау — өз үйіңді қорғау екені қорытындыланады.