Біріккен тұлғалы есімдер

Қазақ есімдерінің мәні: шығу тегі мен мағынасы

Төмендегі тізімде қазақ есімдерінің бір бөлігі беріліп, олардың шығу тегі (қазақ, араб, иран, грек, моңғол) және кең тараған мағыналары қысқаша түсіндіріледі. Кейбір есімдердің еркелету түрлері мен біріккен тұлғалы нұсқалары да көрсетілді.

Этимология Мағына Біріккен есімдер Еркелету нұсқалары

А-дан басталатын есімдер

Алмабай

қазақ

Алма сияқты әдемі, көрікті, сұлу болсын деген тілекпен қойылған есім.

Біріккен тұлғалар:
Алматай, Алмабек
Ескерту:
Кей деректерде Аян есімімен қатар беріліп жүреді.

Алмас

иран

Алмас — ең асыл, ең қатты тас деген мағына береді.

Біріккен тұлғалар:
Алмасбай, Алмасбек, Алмасхан

Алмұрт

иран

Иран тілінен алынған жеміс атауынан қойылған есім.

Алпамыс

қазақ

Алып — дәу, зор; Мамыш — батыр. Мағынасы: алып тұлғалы, батыр.

Алпар

көне түркі

Алп — батыр, ар — ер (көне түркі тілдеріндегі жуан айтылым). Мағынасы: батыр адам, ер кісі.

Алпысбай

қазақ

Бала әкесі немесе шешесі алпыс жасқа толғанда туғандықтан қойылған есім.

Алтай

моңғол

Моңғол тіліндегі алтан (алтын) және тай/таг (тау) ұғымдарымен байланысады. Алтай тауының атауынан қойылған кісі есімі.

Біріккен тұлғалар:
Алтайбай, Алтайбек

Алтыбай

қазақ

Ертеде саусағы немесе башпайы алтау болып туған ер балаларға қойылған есім.

Алтынбек

қазақ

Алтын + бек. Бала алтын сияқты әдемі, ал ғұмыры мықты, берік болсын деген тілек.

Алтынсары

қазақ

Алтын + сары. Бала қымбатты, қадірменді болсын деген тілекпен қойылған.

Аман

араб

Араб тіліндегі әмен — сау, есен, саламат.

Еркелету түрі:
Амантай
Біріккен тұлғалар:
Аманбай, Амандық, Аманбек, Аманғали, Аманжол және т.б.

Аманбай

араб + қазақ

Аман + бай. Мағынасы: «Есен-сау бол».

Синонимі: Есенбай.

Амангелді

араб + қазақ

Аман + келді. Бала өмірге аман-сау келді, тірі туды деген мағынада қойылған.

Бұл есім қазіргі кезде азамат соғысының батыры, қазақ халқының ардақты ұлы Амангелді Иманов құрметіне жиі қойылады.

Еркелету түрі:
Амантай

Анарбай

иран

Анар — оңтүстікте өсетін, қызыл дәнді алма тектес жеміс. Бала анардай әрлі, нұрлы, көрікті болсын деген тілекпен қойылған.

Тұлғалары:
Анарбек, Анартай, Анаржан

Андас

араб

Араб тілінен алынған, мағынасы — дос, жолдас.

Аңсаған

қазақ

Қазақ тіліндегі сағынған, зарыққан деген ұғымдардан. Ұзақ уақыт перзент көрмей жүрген отбасы бала сүйгенде қойған есім.

Аңсар

қазақ

Сағынатын, зарығатын деген мағына береді.

Аппақ

қазақ

Аса ақ, әппақ; саф таза, кіршіксіз деген мағынадағы есім.

Арай

қазақ

Таң шапағы, шұғылалы сәуле.

Аралбай

қазақ

Арал теңізі жағасында туған балаға берілген есім.

Арбек

қазақ

Ар — ұяты күшті, намысы бар деген мағынада.

Арбол

қазақ

Отанның, ата-ананың намысын қорғаушы бол деген мағынадағы есім.

Синонимі: Ардан.

Арқат

қазақ

Күшті, мықты бол деген мағынадағы есім.

Арман

иран

Тілек, арман, мақсат.

Еркелету тұлғалары:
Арманжан, Армантай, Армаш

Арсен

грек

Грек тіліндегі арсений — батыл, ержүрек.

Артық

қазақ

Бәрінен жоғары, құнды, қымбат, ерекше.

Біріккен тұлғалар:
Артықбай, Артыққали

Арын

қазақ

Қарқын, екпін, жігер.

Біріккен тұлғалар:
Арынбай, Арынбек

Арынғазы

қазақ + араб

Арын + ғазы (әскер, жауынгер). Мағынасы: батыл, жігерлі, қайратты жауынгер.

Ескерту: «Ғазы» сыңары Иманғазы, Нұрғазы, Ерғазы, Серғазы, Жанғазы сияқты біріккен есімдерде де кездеседі.

Арындық

қазақ

Қарқындылық, екпінділік, жігерлілік.

Арысбай

қазақ

Арыс өзенінің атынан қойылған есім.

Арыстан

қазақ

Батылдық пен батырлықтың бейнесі ретінде қойылатын есім.

Біріккен тұлғалар:
Арыстанбек, Арыстанғали, Арыстанбай

Асабай

қазақ

Шектен асқан бай адам деген мағынада.

Асан

араб

Араб тіліндегі хасан — сұлу, тым көркем, өте әдемі.

Біріккен тұлғалар:
Асанбай, Асанбек, Асанғали, Асангелді, Асанхан, Асанжан, Асанмұрат, Асанқожа

Асқан

қазақ

Бәрінен артық, ерекше.

Асқар

қазақ

Ең биік, сеңгір тау; қарлы биік шың. Ауыспалы мағынада — тірек, сүйеніш.

Біріккен тұлғалар:
Асқарбай, Асқарбек, Асқарәлі, Асқаржан

Астам

қазақ

Басқадан өктем, үстем; асқақ деген мағынаны білдіреді.

Асфандияр / Спандияр

иран

Иран халық эпосындағы басты кейіпкерлердің бірінің есімі; сондай-ақ иран жыл санауындағы ай атауы ретінде де кездеседі.

Асхат

араб

Араб тіліндегі асхад — ең бақытты, құтты, ырысы мол.

Асыл

араб

Негіз, түбір, ақиқат, нағыз; сондай-ақ ардақты, қымбатты, бағалы деген мағыналар береді.

Біріккен тұлғалар:
Асылбек, Асылбай, Асылхан, Асылмұрат, Асылқожа және т.б.

Құрмет мәнін үстейтін «Ата» сыңары

«Ата» сөзі кісі аттарына қосылып, құрметті, қасиетті адамдарды қадірлеу, сыйлау мағынасында айтылады.

Атабай

Белгілі, атақты, дәулетті адам деген мағынадағы есім.

Атабек

Тәрбиеші, ұстаз. XII–XVIII ғасырларда Орта Азияда, Қазақстанда, Әзербайжанда, Грузияда және Арменияда балаларды тәрбиелеушіні осылай атаған.

Аталық

Атаға тән, атанікі деген мағына береді.

Атамұрат

Атаның мұраты, мақсаты деген ұғымнан шыққан.

Ағанияз

Аға/ата + иран тіліндегі нияз (өтініш, тілек, үміт, сый, тарту). Бала ата тілегін, ата үмітін ақтасын деген ниетпен қойылған.

Араб және өзге тілдерден енген есімдер

Атымтай

араб

Араб тіліндегі хатим — жомарт, мырза.

Ахат

араб

Жалғыз, дара деген мағына береді.

Ахмар

араб

Қызыл.

Ахмедияр

араб

Мақтауға лайық ер.

Ахмет

араб

Мақтаулы, мақтауға лайық.

Ахметсафа

араб

Ахмад — мақтаулы, мақтауға лайық; сафа — таза, пәк. Мағынасы: нағыз мақтаулы, әбден мақтауға лайық адам.

Ахрам

араб

Нағыз жомарт.

Аян

қазақ

Көпке белгілі, жұртқа мәлім.