Сөз кезегі қазылар алқасында

Жас талант патриоттық әндер байқауының сценарийі

Мақсаты: жас ұрпақ бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімді қалыптастыру.

Жүргізуші сөзі

Бүгін еліміздің сан мыңдаған жылдар бойы аңсаған арманына айналған, тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалған Желтоқсан оқиғасымен келген Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған «Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік» атты патриоттық әндер байқауын назарларыңызға ұсынамыз.

Жыр-шумақ

Тәуелсіздік таңын сүйем,
Таңмен бірге келді ме өлең?
Көк туына басымды ием,
Көгімізде желбіреген.

Аласармас аспанымда,
Күнмен гүлдеп ел өседі.
Қазақстан аспанында
Бостандықтың желі еседі.

Әнді алысқа жеткіземіз,
Көкке елдің туы ілінді.
Жылда той қып өткіземіз,
Тәуелсіздік — ұлы күнді.

Маған қымбат ұлы елімнің
Шешек атқан әр күні.
Аялайды бәрімізді
Азаттықтың таң нұры.

Сарыарқаның даласында
Күн шуағын төккен күн.
Елім менің, жерім менің —
Баққа қолы жеткен күн.

Сахналық бөлім

Сахна төріне бүгінгі үміткерлерімізді шақырамыз.

Алдарыңызда әділ баға беретін қазылар алқасымен таныстырып өтейік.

Енді кезекті бақтарын сынап келген үміткерлерімізге береміз.

Жыр-шумақ

Тәуелсіздік — ұлы күнім,
Тұрсын жайнап төбемде.
Сен жасай бер мәңгі бақи,
Қуанышқа бөлен де.

Тәуелсіздік — бақ туын
Қолға ұстаған сәт бүгін.
Болсын дәйім шат күнім.

Келесі кезең

Қазылар алқасы шешімге келгенше, кезекті әнге береміз.

Сөз кезегі

Сөз кезегі қазылар алқасында.

Тәуелсіздік туралы ой

Тәуелсіздік — ел болу,
Ынтымақпен өрге озу.
Еркін және өзге елмен
Терезесі тең меншігің.
Тау, дала — көкке өрле, самға да!

Мереке бүгін — ұлы күн,
Бабалар рухы көксеген.
Азат елдің ұлымын,
Теңескен төбем көкпенен.

Түйін сөз

Туған халқымыздың тарихын, батыр ұл-қыздарымыздың ерлігін, жеріміздің байтақтығы мен байлығын ақын ағаларымыз жырлап келеді. Сол жырларды жаттап, көкейге түйіп, елімізге лайықты азамат болып өсу — бәріміздің міндетіміз. Басқаша болуға біздің құқығымыз жоқ.

Бүгінгі бақытты күніміз үшін қаншама ерлер тер төкті, жанын қиды. Сол батырлар армандаған ұрпақ — біз: білімді, дені сау, Отанымыздың лайықты ұл-қыздары болып өсуіміз қажет.

Ата-апаларымыздың қайталанбас ерлігіне тағзым етеміз.

Қорытынды

Осымен, құрметті қонақтар, «Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік» атты патриоттық әндер байқауы өз мәресіне жетті.

Қош сау болыңыздар!