Әуежай аялдамасы
Сабақ тақырыбы
Сан есімнен өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты
- Білімділік: сан есім бойынша алған білімдерін нығайту, тиянақтау; теорияны тәжірибемен ұштастыру.
- Дамытушылық: тапқырлық пен ізденімпаздықты, ойлау қабілетін арттыру; ойын тиянақты әрі әсерлі жеткізу арқылы шығармашылықты дамыту.
- Тәрбиелік: Отанды сүюге, патриотизмге, адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеу; елге, жерге сүйіспеншілікті қалыптастыру.
Сабақ форматы
- Түрі
- Саяхат сабақ
- Типі
- Қайталау сабақ
- Әдіс-тәсілдер
- Топпен жұмыс, репродуктивтік әдіс
Ресурстар
- Көрнекілік: слайд, үлестірмелі тапсырмалар
- Техникалық құралдар: интербелсенді тақта, үнтаспа
- Пәнаралық байланыс: әдебиет, музыка, математика, география
Сабақтың барысы: психологиялық дайындық
Балалар, бүгін сабағымызға қонақтар келіп отыр. Өзіміздің білімді, мәдениетті, үлгілі оқушы екенімізді көрсетіп, дұрыс сөйлеп, анық айтуға тырысайық.
Сендерге ерекше хабарламам бар. Алдымен үй тапсырмасын қалай орындағандарыңды білгім келеді.
Үй тапсырмасы: 166-жаттығу
Сан есім емлесіне қатысты ережелерді еске түсіріп, мәтіндегі қатені түзетіп жазу.
Жедел сұрақтар
- Қазір қай мезгіл?
- Қыс мезгілінде неше ай бар?
- Бүгін желтоқсанның нешінші жұлдызы?
Білімді жан-жақты тексеру (қайталайтын сұрақтар)
- Сөз табы дегеніміз не?
- Қазақ тілінде қанша сөз табы бар?
- Сан есім дегеніміз не?
- Сан есім қандай сұрақтарға жауап береді?
- Сан есім тұлғасына қарай нешеге бөлінеді?
- Сан есім құрамына қарай нешеге бөлінеді?
- Сан есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
- Сан есім мағынасына қарай түрлерін ата.
- «Елулеп» — мағынасына қарай қандай сан есім?
- Есептік сан есім дегеніміз не?
- Есептік сан есімге мысал келтір.
- Реттік сан есім дегеніміз не?
- Реттік сан есім қалай жасалады?
- Жинақтық сан есім дегеніміз не?
- Бөлшектік сан есім дегеніміз не?
Саяхат картасы
Сабақ «саяхат» формасында өтеді: әр аялдамада мәтін, дерек және сан есімге қатысты тапсырмалар орындалады.
-
1-аялдама
Әуежай
-
2-аялдама
Бәйтерек
-
3-аялдама
Бейбітшілік пен Келісім сарайы
-
4-аялдама
Ақ Орда
-
5-аялдама
Хан Шатыр
1-аялдама: Әуежай
Халықаралық Астана әуежайы 1931 жылы шағын әуежай ретінде негізі қаланып, бастапқыда кішігірім ұшақтарға қызмет көрсетті. Бүгінде ол заман талабына сай ірі әуежайлардың бірі саналады. Әуежай тәулік бойы алыс және жақын шетел бағыттарына ұшатын шамамен 40 рейске және 14 авиакомпанияның тұрақты жолаушылар рейстеріне қызмет көрсетеді.
Назар аударатын сандар
- 1931
- 40
- 14
2-аялдама: Бәйтерек
Астана – Бәйтерек монументі елордамыздың негізгі нышандарының бірі. Ежелгі таным бойынша, бәйтерек — тылсым қасиетке ие алып ағаш. «Бәй» — үлкен, алғашқы; «терек» (парсы тіліндегі «дарақ») — ағаш. Демек, «Бәйтерек» — екі сөздің бірігуінен жасалып, зәулім ағаш ұғымын білдіреді.
Монумент ұзын темір құрылымдардан, шыныдан, металдан, бетоннан тұрғызылған. Алып шардың беті «хамелеон» шыныларымен көмкерілгендіктен, күн шапағына шағылысып, түрлі түске құбылады.
Салмағы 1000 тоннадан асады. Кешеннің биіктігі 97 метр. 97 саны кездейсоқ емес: ол Астананың Алматыдан елордаға ауысқан уақытын білдіреді.
Панорамалық залдың ортасында 17 жапырақтан тұратын, әлемнің 17 дәстүрлі дін өкілдері қол қойған «ағаш глобус» орналасқан. Жанында монументті салу идеясы туған сәтті меңзейтін Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың алақанының ізі бар.
Тапсырма: «Ойлы болсаң, озып көр»
Сөздерден сан есімдерді тауып, олардың құрамын анықта: дара ма, әлде күрделі ме?
| Үзінді | Сан |
|---|---|
| Кекілік | 2 |
| Түшкіру | 3 |
| Алтын жүзік | 600 |
| Жетілді | 7 |
| Жүзім біркелкі пісіпті | 101 |
| Күшті | 3 |
| Тоғызқұмалақ | 9 |
| Балтыр | 6 |
| Тон сегіз еді | 18 |
| Оның бесігі | 15 |
| Кейбір | 1 |
| Мыңбай – күшті жігіт | 1003 |
3-аялдама: Бейбітшілік пен Келісім сарайы
Сәулет өнерінің тамаша ескерткіші саналатын бұл ғимарат Астана қаласында 2006 жылғы қыркүйек айында бой көтерді. Небәрі 14 айдың ішінде салынып біткен пирамиданың биіктігі 25 қабатты үйге тең.
Жер астындағы қабатының биіктігі 13 метр, жер бетінен ұшар биігіне дейінгі аралық 62 метр. Барлығы — 75 метр.
Идеяның түп авторы — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Қазір мұнда 1500 орындық опера залы, келісімдерге қол қойылатын аспалы зал, мұражай, көрме залы, кітапхана және дәстүрлі дін өкілдерінің кеңселері жұмыс істейді.
Тапсырма: «Талдау – табыс кілті»
І топ
Сан есімдерге фонологиялық талдау: бес, жетеу
ІІ топ
Сан есімдерге фонетикалық талдау: отыз, елуден
ІІІ топ
Сатылай кешенді талдау: тоғыз, алтыншы
Музыкалық байланыс (Абай және ән атаулары)
Абайдың «Туғанда дүние есігін ашады өлең, өлеңмен жер қойнына кірер денең…» дегені – өлеңнің өмірдегі орнын айқындайды. Күнделікті тұрмыста, той-думандарда жиі айтылатын кейбір ән атаулары да санмен аталады: «Бір бала», «Жиырма бес», «Екі жирен», «Бір келіншек», «Он алты қыз», «Сегіз аяқ».
Тыңдалым: ән үзіндісі (мұғалім таңдауы бойынша).
4-аялдама: Ақ Орда
Ақ Орда ғимаратының жалпы көлемі 36 720 м². Ресми тұсаукесері 2004 жылғы 24 желтоқсанда өтті. Ғимараттың биіктігі 80 м.
Құрылысы: жер бетінде 5 қабат және жер астында 2 қабат. Жер бетіндегі 1-қабаттың биіктігі 10 м, қалған қабаттардың биіктігі 5 м.
Тапсырма: «Сиқырлы сандық»
Келесі аялдамаға өту үшін сандықтағы сұрақтарға жауап берейік: жұмбақтар, мақал-мәтелдер және математикалық есептер.
І топ: жұмбақтар
- Екі тышқан бірлесіп кесіп-пішіп береді, екеуі бірге жүрмесе, жоқ қой бізге керегі. (қайшы)
- Он көзі бар өзінде, он саны бар көзінде. Көзіне саусақ саласың, жырақтан хабар аласың. (телефон)
- Қатар тұрып екеуі, бірін-бірі көрмейді. «Көр» десең де көрмейді. (екі көз)
- Үй ішінде отыз екі батыр, кіргендерді отап, турап жатыр. (тіс)
- Үш-төрт қана тісі бар, шөп көтерер күші бар. (айыр)
ІІ топ: мақал-мәтелдер
Сан есімі бар мақал-мәтелдерді кім көп біледі? (топтық сайыс)
ІІІ топ: математикалық жұмбақтар
- Мұз айдында жеті бала сырғанап жүр. Сырғанамай екі бала жағалауда қарап тұр. Барлығы нешеу? (тоғыз)
- Екі аяқ пен екі қол, бір ауыз бен бір тілің. Нешеу болды? (алты)
- Тал басында тізіліп он жапырақ тұр еді. Біреуі ұшты, кейін тағы бесеуі түсті. Қаншасы қалды? (төрт)
5-аялдама: Хан Шатыр
Хан Шатыр — Астана қаласындағы ірі ойын-сауық орталығы. Ол 2010 жылы 6 шілдеде, Астана күніне орай ашылды. Металл қондырғылардың жалпы салмағы 2300 тонна, ал шатырдың биіктігі 150 метр.
Ішкі көлемі 110 мың шаршы метр аумақты алып жатыр. Мұнда үлкен қалалық бақ, сауда орталықтары, кинотеатр, концерт залдары, дәмханалар орналасқан. Орталық ішінде тропикалық бақтар, гүлзарлар бар. Балалардың демалысы үшін биіктігі 7 және 4 метр су сырғанақтары жабдықталған.
Шығармашылық жұмыс
- Суретке қарап, ішінде сан есімі бар шағын мәтін құрастыр.
-
Кестені толтыр (сан есім түрлері бойынша):
Мысал Түрі Бір мың екі жүз бес есептік Отызыншы реттік Жетеу жинақтық Беске жуық болжалдық Бес-бестен топтау Екіден бір бөлшектік Жүздеген болжалдық Оннан бөлшектік Біреу жинақтық Екі бүтін оннан үш бөлшектік Бесінші реттік
Қорытынды бөлім
Сұрақ-жауап және тәуелсіздік тақырыбы
- Саяхат сабағы ұнады ма?
- Астана қаласы туралы қандай әсер алдыңдар?
- Алда санаулы күндерден кейін қандай мереке бар? 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні.
- Биыл тәуелсіз ел болғанымызға қанша жыл? 22 жыл.
Тіл мен дәстүр: 1-ден 10-ға дейінгі мән
Ұрпақ тәрбиесінде сан есімнің орны ерекше. 5-сыныпта «Шешендік сөздер» бөлімінде Қазыбектің тапқырлығын оқимыз: Бұқар жырау «1-ден 10-ға дейінгі санның мағынасын айтып бер» дегенде, Қазыбек би мынадай тағылым айтады:
- Бір — бірлігі кеткен ел жаман.
- Екі — егесіп кеткен ер жаман.
- Үш — үш бунақты шідерден шошынған ат жаман.
- Төрт — төрде төсек тартып жатқан жаман.
- Бес — білікті адамнан белгілі бала тумаған жаман.
- Алты — аймағын билей алмаған кісі жаман.
- Жеті — «жетем» деген мақсатына жете алмаған жаман.
- Сегіз — серкесіз бастаған қой жаман.
- Тоғыз — толғанғаның.
- Он — өткенең, о дүниеге жеткенің.
Өзімізге арналған санамақ
- Бір дегенім — білім алу.
- Екі дегенім — елін сүю.
- Үш дегенім — үлгілі болу.
- Төрт дегенім — төзімді болу.
- Бес дегенім — бірлікте болу.
- Алты дегенім — ақылды болу.
- Жеті дегенім — жетістікке жету.
- Сегіз дегенім — сезіне білу.
- Тоғыз дегенім — толғану.
- Он дегенім — осының бәрін ойға алу.
Ойтолғау
Қазыбек, Төле, Әйтеке билердің өнегесін жалғастыру — бүгінгі ұрпақтың парызы. Осы тұста «Біз кімбіз?» деген сұраққа жауап іздейміз: кеше, бүгін, ертең.
Кеше: 3–4 жасар балдырған едік.
Бүгін: 6-сынып оқушысымыз.
Ертең: ХХІ ғасырдың білім қуған өреніміз.
Пікірталас сұрағы
«Білім қымбат па, байлық қымбат па?» — оқушылардың пікірін тыңдап, дәлелді ой айтуға бағыттау.
Бағалау
Оқушылардың белсенділігі, жауаптарының нақтылығы, топтық жұмысқа қатысуы бойынша бағаланады.
Үй тапсырмасы
- Киелі сандардың қасиеттері туралы мәлімет жинау.
- «Сан есім» тақырыбы бойынша 10 тест құрастыру.