Жиынға жиналу
Сабақтың тақырыбы
Екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту.
Мақсаты
- Жазбаша көбейтудің есептеу тәсілдері мен жазылу ерекшеліктерін түсіндіру.
- Есептеу дағдысын қалыптастыру.
- Логикалық есептер, танымдық және өзіндік жұмыстар арқылы білімді талқылап, бекіту және өз ойын еркін жеткізуге жағдай жасау.
Сабақ туралы мәлімет
- Көрнекілігі
- Түсіндіру кестесі, өз бетімен жұмыс парақшалары, интерактивті тақта.
- Сабақтың түрі
- Іскерлік пен дағды қалыптастыру сабағы.
- Сабақтың әдістері
- Дамыта оқыту, оқушы жауабы арқылы басқару, топтық және деңгейлік жаттығулар.
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылар бір-біріне сәттілік тілеп, жылы лебіз білдіреді. Сынып шағын топтарға бөлініп отырады.
Топтық тапсырма
Төмендегі атаулар бойынша ауызша және жазбаша (сызба сызу арқылы) мағынасын ашып түсіндіріңдер:
-
I топ
Бос жиын
-
II топ
Ішкі жиын
-
III топ
Бірігу
-
IV топ
Қиылысу
II. Жаңа сабақ
1) Түсіндіру (37-бет, №1)
Операциялар қалай орындалады? Мысал арқылы жазбаша көбейту қадамдары көрсетіледі.
Мысал
Талдау (разрядтарға жіктеу)
2) Есепте (№2, №3)
Жазбаша көбейтуді қолданып, есептеулерді орындаңдар.
3) Деңгейлік тапсырмалар
I деңгей
1) Жиын құрастыр
- а) 15-тен кем екі таңбалы сандар жиынын құр.
- ә) 887-ден артық үш таңбалы сандар жиынын құр.
2) Тиісті таңбамен жаз
- А жиыны В жиынының ішкі жиыны болады.
- А және В жиындары өзара тең.
- Берілгендері: C = {1; 3; 5; 7}, D = {4; 5; 6}. C және D жиындарының бірігуін жаз.
II деңгей
1) Есептер
- а) 5 жәшікке 25 кг жүзім салынған. 40 жәшікке неше кг жүзім салынады?
- ә) 5 жәшікке 25 кг жүзім салынған. 40 кг жүзім салу үшін осындай жәшіктің нешеуі керек?
2) Разрядқа жікте
325764 санын разрядқа жіктеп жаз.
III. Топта талқылау: түйінді жауап бер
Әзіл есептер
- 4 жұмыртқа 4 минутта піседі. Бір жұмыртқа пісу үшін неше минут керек?
- Бақтиярдың 4 ұлы бар, олардың әрқайсысының туған қарындасы бар. Бақтиярдың барлығы неше баласы бар?
Ойлануға арналған жағдаят
Айдала. Көзге түртсе көрінбейтін айсыз түн. Жаппадан жылт еткен сәуле бір сәтте жанып, қайта сөніп қалды. Осы сәулені алдымен кім көреді: үй иесі ме, әлде салт аттылар ма?
IV. Логикалық сұрақтар
Қожанасырдың “өтірік жасы”
– Ата, жасыңыз нешеде? – дегенде Қожекең: «Ең үлкен төрт таңбалы санды 9 есе кемітіп, одан ең кіші төрт таңбалы санды шегерсең, менің өтірік жасым шығады. Оны халық біледі», – дейді.
Сұрақ: Қожанасырдың өтірік жасы нешеде?
Қысқа есептер мен рефлексия
- Марат 1 айдың ішінде 4 көркем әдебиет оқыды. Сонда апта сайын орта есеппен неше кітап оқыған?
- Математика пәнінің өмірдегі пайдасы қандай?
- Сен математика пәнін не үшін ұнатасың?
V. Қорытынды
Бағалау
Топтардың жұмысы белсенділігіне, дәлдігіне және түсіндіру сапасына қарай бағаланады.
Үй тапсырмасы
Оқулықтағы сәйкес тапсырмаларды орындау және жазбаша көбейту тәсілін қайталау.