Шымыр тобының ұраны
Сабақ туралы мәлімет
Сынып
2-сынып
Тақырып
Денсаулық әліппесі
Мақсаты
-
Білімділік: жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбат екенін, өмір сүру үшін аса қажет әрі бағалы байлық екенін түсіндіру.
-
Тәрбиелік: денені шыңдауға; шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақты; талғампаз да қанағатшыл; таза да әдемі болуға тәрбиелеу.
-
Дамытушылық: сын тұрғысынан ойлауды дамыту, шығармашылық қабілетті арттыру, сөйлеу шеберлігін жетілдіру.
Көрнекілігі
Сабақ барысы
Таңертеңгілік жиын
-
Оқушылар шеңберге тұрады.
-
Психологиялық тренинг өткізіледі.
-
Үнтаспамен ән орындалады.
Ән мәтіні
Бізге алтын күн нұр шашады,
Жылуымен бізді құшады.
Қуанамыз, шаттанамыз біз,
Мақтан тұтып мектеп, ананы.
Білімге құмар пәк баламыз,
Әсем әнге біз саламыз.
Жадырап көктемнің гүліндей,
Өсеміз біз, құлпырамыз.
Әңгімеге кіріспе
Мұғалім: Балалар, бүгінгі күндеріңе сәттілік тілеймін!
Сұрақ: «Байлық» дегеніміз не?
Оқушылар байлықтың мағынасын тірек сызба арқылы түсіндіреді.
Көрініс
М. Дулатұлының «Байлық» әңгімесі бойынша қойылым көрсетіледі.
Сарапшылардың пікірін тыңдай отырып, тақтада «байлық» ұғымының сызбасы жасалып, ең үлкен байлық — денсаулық екені қорытындыланады.
«Денсаулық» ұғымын ашу
«Денсаулық» атты сызба бойынша жұмыс жүргізіледі.
Мұғалім: Олай болса, дені сау, құрыш білекті, алып жүректі, қайсар да қайратты, ұқыпты да әдемі қазақ азаматы болу үшін адам денсаулығына не қажет деп ойлайсыңдар?
Сызба көрсетіліп, ондағы қажеттіліктер оқушыларға оқытылады. Әр топ өз ойларын ортаға салады.
Негізгі ой
Денсаулық — жанның, тәннің және рухани ішкі дүниенің үйлесімі, бір-біріне мейіріммен қарауы. Халық даналығы: «Денсаулық — зор байлық».
Денсаулық — табиғи заңдылық, ал ауру — кездейсоқтық. Сондықтан ауырғаннан гөрі денсаулықты сақтап, аурудың алдын алу әлдеқайда жеңіл.
Сайыс форматы
Мұғалім: Бүгінгі сабағымыз сайыс түрінде өтеді. Сондықтан 3 топқа бөлініп отырайық:
1-топ
Шымыр
2-топ
Денсаулық
3-топ
Сымбат
Сайыс 5 бөлімнен тұрады.
Сайысты бастамас бұрын әділқазылар алқасымен таныстырылады.
Әр бөлім соңында топтардың жұмысы бағаланады. Бағалау — 5 балдық жүйе бойынша.
I бөлім — Таныстыру
Әр топ өздерін таныстырып, ұрандарын айтады.
«Шымыр» тобының ұраны
«Шынықсаң, шымыр боларсың!»