Өнерлі жігіт

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Сабақтың тақырыбы
Өнерлі жігіт
Сабақтың әдістері
Сұрақ-жауап, түсіндіру, топтастыру, БҮҮ стратегиясы
Көрнекіліктер
Әл Фараби суреті, мультимедиа, интерактивті тақта

Мақсаты

Ұлы ғұлама Әл Фарабидің үлгісі арқылы оқушыларды өнер-білімге және сауаттылыққа баулу.

Дамытушылық

Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік

Өнер адамдарын құрметтеуге, өнерді сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

Сабаққа дайындық, оқушылардың назарын жинақтау.

II. Қызығушылықты ояту

  • Өнер деген сөзді қалай түсінесіңдер?
  • Өнер ұғымына нелер жатады?

III. Мағынаны тану

Мәтінді түсіндіру және Әл Фараби туралы мәліметтерді топтастыру.

870 жылы Отырар қаласында туған.

Ұлы ғалым, ғұлама.

70 тіл білген деген дерек айтылады.

164 трактат жазған.

Алматы қаласында ескерткіші бар.

Қыпшақ даласынан шыққан, «Әлемнің екінші ұстазы» атанған тұлға.

IV. Оқулықпен жұмыс

Мәтінді оқушыларға оқыту (2–3 оқушы) және таныс емес сөздерге түсінік беру.

Талқылау сұрақтары

  • Фараби жігіттің қандай өнерін байқады?
  • Ол жігітке қандай ұсыныс айтты?
  • Өнерлі жігіт қандай жақсылыққа жетті?
  • Сенің қандай өнерің бар?

V. Дәптермен және интерактивті тақтамен жұмыс

Жаңа тақырыпқа сұрақ қою арқылы сын есімге көшу. Тақтадағы схема арқылы түсіндіру.

131-жаттығу

Берілген өлеңнен сын есімдерді тап.

Грамматика

От шашып қызыл жібек маңайына,

Нұр төгіп көкжиектің маңдайына.

Түсіріп шымылдығын бір заманда,

Күн сұлу кіріп кетті сарайына.

Сәйкестендіру кестесі

Ұзын Қысқа
Аласа Биік
Үлкен Кіші
Қалың Жұқа
Ақ Қара
Жуан Жіңішке

БҮҮ стратегиясы

Білемін

Өнер, білім және тұлғалық үлгі туралы бұрыннан білетіндерін жинақтау.

Үйрендім

Мәтін арқылы жаңа ақпарат пен ой түйіндерін нақтылау.

Үйренгім келеді

Өнерді дамыту жолдары туралы сұрақтар құрастыру.

Үй тапсырмасы және бағалау

Үй тапсырмасы

  • I I топ: Өнер туралы шығарма жазу.
  • II II топ: Мәтінді оқу.
  • III III топ: Мәтінді мазмұндау.

Бағалау

Оқушылардың сабаққа қатысуы, мәтінді түсінуі, сұрақтарға жауап беруі және тапсырмаларды орындауы бойынша бағалау жүргізіледі.