Істеген атамыздың ісі қайда
Ахмет Байтұрсынов
Бір ұзын алып қолға мықты шыбық,
Қаздарын қалаға айдап шықты мұжық.
Қуалап байғұстарды келеді ұрып,
Асығып базар күнге жаны шығып.
Тексерген мұжық ісін байқап, ойлап,
Оған да дұрыс емес кінә қоймақ.
Асықты базар күнге, пайда көп деп,
Қаздарды ұрды ма ол босқа ойнап?
Десеңдер олсыз базар тарамайды...
Дер едім мұжық ісі жарамайды.
Пайдасы, базар өтіп, кетер жерде,
Қаз түгіл, адамға да қарамайды.
Біздерше қаздар бірақ сынамады,
Оларға мұжық ісі ұнамды.
Жолыққан жолаушыға бәрі шулап,
Мұжықтың ісін айтып, кінәлады:
Бар ма екен бізден, сірә, соры қалың!
Қожасып қуалайды мұжық жарым.
Қорлайды ұрып - соғып, ойламайды
Мойнында қандай міндет, қарыз барын.
Ойласа, қайдан біздің асылымыз?
Руымды құтқарған қаз нәсіліміз!
Айт істеп атамыздың құрметіне,
Өтпейді һәман онда жыл мейрамсыз!
Таяқ жеп жай қаздарша, жүргеніміз
Наданға душар болып бір білімсіз!
Қаздарға жолаушы айтты:
Тоқтаңдаршы,
Ауысқан ақыны айтып, жоқтаңдаршы.
Сендерді қадірлеуге не үшін міндет?
Мұжықты айыпты қылып, боқтаңдаршы!
Істеген атамыздың ісі қайда?
Румды құтқарғаны азғантай ма?
Қоя тұр, - жолаушы айтты, - көрдегіңді!
Өздерің келтірдіңдер қанша пайда?
Айттық қой атамыздың еткен ісін!
Әлде өзің сөзімізге сенбеймісің?
Сенемін һәм білемін атаң жайын,
Сендерді қадірлеуге деймін не үшін?
Өткізді өз бастарың қандай еңбек?
Атаңда көрде жатқан жоқ жұмысым .
Біздің бе?... жоқ өткізген еңбегіміз!
Әсте жөн, сыйламаса, көнбегіңіз.
Мені де, атам жақсы, қадірле деп,
Таласып қиын болар жеңбегіңіз.
Жақсы - ақ боп аталарың өткен шығар,
Ісіне қарай құрмет еткен шығар.
Қалдырмай асылынан арттағыға,
Өзімен жақсылығы кеткен шығар.
Көрдегі көмек болмас бабаларың,
Кем болса өздеріңнің бағаларың.
Көніңдер ұрса, соқса, сойса дағы,
Болған соң қуырдақтық шамаларың .
Кетермін, баяндасам, алысқа бек,
Лайық һәр нәрсеге керек қой еп.
Жайынан жат қаздардың сөйлеген сөз
Көбіне жақын қаздың тиетін доп.
Бетіне көрдегінің көнін ұстап,
Деп жүрген көріктімін қазақтар көп.
Қысқартып, сөз аяғын тоқтатамын,
Солардың өкпесіне қалармын деп.
Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдері, өмірбаяны
Қазақтың тұңғыш биолог - докторы Кәрім Мыңбаев 100 жаста
Шәкәрім поэзиясындағы өмірдің негізгі мәні
А. Байтұрсыновтың ұстаздық ғылыми еңбектерінің мәні
Абайдың қара сөздеріне талдау
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен еңбектері
Шәкәрім Құдайбердіұлының еңбектеріне жалпы шолу
Мектеп бағдарламасында әдеби-терминдердің берілуі
Ахмет байтұрсынұлы-халықтың әлеуметтік мәселелерін көтер- ген қоғам қайраткері
Ізғұтты Айтықов
Бастауыш мектеп оқушыларын әдебиеттік оқу сабақтарында Абай шығармалырын оқыту арқылы тәрбиелеу
Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс,бұлардың кейнстік үлгісі
Социум және әлеуметтік қатынастарды әлеуметтік жұмыс өрісінің объектісі ретінде қарастыру
Ақша қаражаттарының қоры қаржы қатынастарының материалдық-заттық көрінісі ретінде
Банктік есепшот келісімі
Желілік жоспарлау мен басқару әдісін қолданғандағы экономикалық талдаудың және бизнес жоспарлаудың стратегиясы және тактикасы
Сырдария қазақтарының Жанқожа Нұрмұхамедов басқарған көтерілісі
Электрондық кестенің көмегімен мектеп информатика курсы бойынша көпнұсқалы тестер жасау әдісі
Философия және саясаттану факультетінің 2006 жылы 19 желтоқсандағы Ғылыми кеңесінің мәжілісінің № 3 хаттамасынан
Топырақ шіріндісі (гумус) және оны анықтау әдістері
Дәстүрден тыс сабақ өту әдісі