Сұраулы сөйлемдер

Атырау облысы · Құлсары қаласы · Жылыой ауданы

8 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Құдабекқызы Қ.

Тақырып

Сөйлем түрлері

Типі

Жаңа білім беру

Әдісі

Сұрақ-жауап, жаттығу жұмысы, көрнекілік

Құрал-жабдық

Интерактивті тақта

Сабақтың мақсаттары

Білімдік

  • Оқушыларға сөйлем туралы түсінік беру.
  • Сөйлем құрау дағдыларын жетілдіру.
  • Сөйлемдегі айтылған ойды анықтай алу.
  • Сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін дұрыс қою.

Тәрбиелік

  • Қарым-қатынас кезінде орынды сөйлеуге, сөзді дұрыс қолдануға үйрету.
  • Ана тілін құрметтеуге, ұқыптылыққа және сауаттылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық

  • Ауызекі сөйлеу тілін және ойлау жүйесін дамыту.
  • Жылдам әрі көркем жазу дағдыларын қалыптастыру.
  • Өз пікірін дәлелдеп айтуға үйрету.

Психологиялық дайындық

Қазақ тілім — өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім!
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым — дара тілім!

Өлең жолдары арқылы оқушының көңіл күйі сабаққа бағытталып, ана тіліне құрмет сезімі нығаяды.

“Миға шабуыл” (қайталау сұрақтары)

Тапсырмалар

  1. 199-жаттығудағы сурет бойынша әңгімені оқыту.
  2. Сөз неден құралады?
  3. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
  4. Мәтін дегеніміз не?
  5. Мәтіннің неше түрі бар?
  6. Жуан дауысты дыбыстарды ата.

Көпір сұрақтар

Сөйлем неден құралады?

Сөйлем соңында қандай тыныс белгі қойылады?

Осы сұрақтар жаңа тақырыпқа табиғи түрде өтуді қамтамасыз етеді.

Негізгі бөлім: сөйлем түрлері

Хабарлы сөйлем

Аяқталған ойды білдіреді. Соңына нүкте (.) қойылады.

Мысал:

Мұғалім сыныпқа кірді.

Сұраулы сөйлем

Сұраулық мағынаны білдіреді. Соңына сұрақ белгісі (?) қойылады.

Мысал:

Сабақ қашан басталады?

Лепті сөйлем

Адамның көңіл күйін, сезімін білдіреді. Соңына леп белгісі (!) қойылады.

Мысал:

Қыс мезгілі қандай керемет!

Кітаппен жұмыс

200-жаттығу: Өлеңді тиісті дауыс ырғағымен оқы.

Алғырлар тобы

201-жаттығу

Білгірлер тобы

202-жаттығу

Тапқырлар тобы

203-жаттығу

Жаттығулар аяқталған соң, әр топтан бір оқушы өз жұмысын қорғайды. Талқылау барысында: сұраулық мағынаны білдіріп тұрған сөзді анықтайды.

Тақтамен жұмыс: сәйкестендіру

204-жаттығу: сөйлемдерді тиісті түріне қарай сәйкестендір.

Хабарлы сөйлемдер

  • Мал жайылады.
  • Жүйрік озады.

Сұраулы сөйлемдер

  • Мысық қалай дыбыстайды?
  • Қасқырдың төлі не?

Лепті сөйлемдер

  • Міне, жігіт!
  • Өркенің өссін, қарағым!

Ойындар және тіл дамыту

Ойын: “Сөз ойла, тез ойла”

Оқушылар берілген тақырыпқа байланысты сөздерді жылдам ойлап айтады, сөйлем құрауға дайындалады.

Жатқа айту

205-жаттығу: жаңылтпаштың алғашқы екі сөйлемін сұраулы сөйлемге айналдырып жаз.

Топпен жұмыс: сызба бойынша сөйлем құрау

Алғырлар

_____ ______ ______.

Білгірлер

_____ ______ ______?

Тапқырлар

_____ ______ ______!

Жұмбақ және бекіту

Жұмбақ

Өзім сөзден тұрамын,
Аяқталған ойды құрамын.

Жауабы: Сөйлем

Ойын: “Адасқан сөйлемдер”

Оқушылар сөйлемдерді дұрыс түріне қарап, тыныс белгілерін сәйкестендіріп, ретке келтіреді:

  • Қыс келді!
  • Қыста не жауады?
  • Қыс мезгілі қандай керемет!

Сабақты қорытындылау

Қайталау сұрақтары

  • Бүгінгі сабақта не өттік?
  • Сөйлем дегеніміз не?
  • Сөйлем түрлеріне мысал келтір.

Үй тапсырмасы

Ережені жаттау.

Бағалау

Оқушылардың топтық және жеке жұмыстары бойынша бағаланады.