Аналар мен арулар мерекесі
Сабақ түрі
«Балғын ару – 2013» — сайыс сабақ.
Мақсаты
- Қазақ халқының ұлттық өнерін, салт-дәстүрін дәріптей отырып, сынып қыздарының бойындағы қазақ қызына тән қасиеттерді айқындау.
- Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту.
- Көпшілік алдында өзін-өзі ұстай білуге, әдептілікке, мейірімділікке, сұлулыққа тәрбиелеу.
Сабақ барысы
I кезең
Ұйымдастыру
II кезең
Кіріспе
Жалғасы
Құттықтаулар мен өнер
Кіріспе сөз
Жүргізуші
Құрметті ұстаздар мен оқушылар, «Балғын ару – 2013» сайысын бастауға рұқсат етіңіздер! Бұл сайыстың мақсаты — қазақ халқының ұлттық өнерін, салт-дәстүрін дәріптей отырып, сынып қыздарының бойындағы қазақ қызына тән қасиеттерді анықтау.
1-жүргізуші
Асыл тастан, өнер жастан шығады деп,
Дарынды халық айтса, халық сөзі
Әрқашанда нанымды.
Сол өнердің жолын қуған
Сынып сұлтандарының атынан,
Қабылдаңыз шын жүректен
Мерекелік құттықтауды.
Келесі бөлім
Назарларыңызға қазақ биі ұсынылады.
2-жүргізуші
Ақын боп әділдікті жақтап өтем,
Ананың ақ үмітін ақтап өсем.
Әдеп пен инабатты сақтап өскен
Қазақтың аруларын мақтан етем.
Ақын мен әнші деген — ел еркесі,
Қазақтың тарқамасын берекесі.
8-наурыз күні құтты болсын,
Аналар мен арулар мерекесі!
Ендеше, ұлдардың құттықтау өлеңдерін тыңдайық.
Құттықтау өлеңдері
1
Ұлжан, сен қандайсың?
Арайлап атқан таңдайсың.
Әдемі, ашық айдайсың,
Ата-ана үмітін ақтайсың.
2
Гүлсаядай қыз табылмас,
Өзі әдемі, сыпайы.
Қазақ қыздан аумайды,
Сегіз қырлы, бір сырлы.
3
Сыныптасым Аяжан
Сабақты жақсы оқиды.
Үнемі «бестік» алады,
Әдепті қыз болады.
4
Айтайын мен сіздерге әдемі наз —
Оқиды менімен көктем мен жаз!
Ай мен Күн секілді егіз қыздар,
Мереке құтты болсын, Айназ, Елназ!
5
Сымбаттысың, Аяулым,
Талаптанып оқисың.
Мақсат қойсаң алдыңа,
Жетерсің талай мұратқа.
6
Томирис — біздің өнерлі,
Шашы ұзын, келбетті.
Нәзік, тәтті сөзімен
Баурап алар бар жұртты.
7
Аңқылдаған ақ көңілмен,
Гүлдей жайнап жүреді.
Озайын деп нық сеніммен,
Махаббат көзге түседі.
8
Алма жүзді Дильназ,
Күлімдеген жүзің мәз.
Саған сірә тең келер,
Жер бетінде қыз аз.
9
Аяулым, аяулысың, ардақтысың,
Жүресің әрдайым сен салмақтысың.
Тілеймін саған тек жақсылық,
Тілеймін зор денсаулық, мол байлық.
10
Ұстазын анасындай құрметтеген,
Жаны мөлдір, ісі жоқ басқаменен.
Нұржамал — ұстазының айнасы ғой,
«Сегіз қырлы, бір сырлы болсам» деген.
11
Сыпайы оның мінезі,
Жымиып жүрер ақырын.
Қыз сынына кеп қалды
Біздің әсем Айтолқын!
Қошемет сөздер
1-жүргізуші
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен аяулы арулар! Бүгінгі «Балғын ару – 2013» байқауына қош келдіңіздер! Көңіл сарайларыңыз ашылсын, күлкілеріңізден інжу-маржан шашылсын!
Мұғалім
Құрметті ұстаздар, бүлдіршін қыздар! Сіздерді көктемнің ең алғашқы мерекесі — 8-наурыз, Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, еңбектеріңізге табыс тілейміз.
2-жүргізуші
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
«Балғын ару» сайысын
Рұқсат болса бастайық.
Әділқазылар алқасы
Бүгінгі сайысымызды тамашалап, бағалайтын әділқазылармен таныстырайық.