Без ножа зарезать
Тілдер мерекесіне арналған сабақ
Күні: 22 қыркүйек — Тілдер мерекесі
Мұғалім: Аженева Ж. М., №26 орта мектеп КММ, I санаты
Кіріспе сөз
Құрметті оқушылар, қымбатты ұстаздар! 22 қыркүйек — Тілдер мерекесіне орай мектебімізде тілдер апталығы өтіп жатыр. Бұл күннің мәні ерекше: 1989 жылдың 22 қыркүйегінде тіл туралы алғашқы заң қабылданған. Содан бері Қазақстан Республикасында бұл күн жыл сайын Тілдер мерекесі ретінде атап өтіледі.
Бүгін біз Қазақстанда тұратын халықтардың тілдер күнін бірге атап өту үшін жиналып отырмыз. Қош келдіңіздер! Тілдер мерекесі құтты болсын!
Тіл — ата-бабамыздан келе жатқан асыл мұра, ел дәстүрінің өзегі. Ол халықтың сана-парасатын, биіктігі мен тереңдігін танытатын үлкен өнер әрі адамдар арасындағы қасиетті қатынас құралы. Тілсіз қоғам болмайды — қоғам мен тіл бір-бірінсіз өмір сүрмейді. Әр халықтың өткені мен тағдыры, қилы кезеңдері ана тілі арқылы ұрпақтан ұрпаққа жалғасады.
Праздник языков (на русском)
Дорогие ребята, мы рады приветствовать вас на празднике — Дне языков! Казахстан — многонациональное государство. Все народы, населяющие его, равноправны.
Каждый язык — это целый мир. Язык — это радость и боль, сокровище и память. Нет такого языка, который не заслуживал бы уважения. Народная мудрость гласит: изучать другой язык — значит прожить вторую жизнь.
Бірлік
Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады.
Мемлекеттік тіл
Мемлекеттік тіл — қазақ тілі.
Ортақ үй
Қазақстан — көп тілде сөйлейтін халықтарды біріктірген ортақ достық үй.
Исторически сложилось так, что на территории Казахстана проживает более 130 национальностей и развивается около 100 языков, но государственным языком является казахский язык.
Существует легенда о том, что люди не смогли построить Вавилонскую башню, потому что не сумели объединиться: они не понимали друг друга, так как говорили на разных языках. У них было всё — и сила, и материалы — но не было единого и понятного всем межнационального общения.
Сондықтан қорытынды біреу: ана тілін терең меңгеру және шет тілдерін білу — әр адамға ең мықты тірек.
Ойын-сабақ: «Алтын қақпа»
Қатысушылар
Бүгінгі ойынға 9-сынып оқушыларынан екі команда қатысады. (Командалар таныстырылымы ұйымдастырылады.)
Сабақтың мақсаты
- Орыс тіліндегі мақал-мәтелдер мен фразеологиялық тіркестердің қазақ тіліндегі баламасын табу.
- Мақал-мәтел айту және жұмбақ шешу арқылы ойлау қабілеті мен қызығушылықты дамыту.
- Тіл шеберлігін арттыру, сөздік қорды байыту.
Ойынның мақсаты мен ережесі
- Мақсат: «Алтын қақпаға» жету.
- Үш кезеңнен өту: Қола, Күміс, Алтын қақпа.
- Барлық тапсырмаларды дұрыс орындап, алтын қақпаны ашқан команда жеңімпаз атанады.
- Қол көтеріп жауап берген команданың жауабы ғана есепке алынады.
I тур — «Қола қақпа»
Тапсырма: орыс мақал-мәтелдері мен тіркестерінің қазақша баламасын табу.
- Родина горечее огня
- Не имей сто рублей, а имей сто друзей
- Что посеешь, то и пожмешь
- Без ножа зарезать
- Перегибать палку
- Делать из мухи слона
- Мастер на все руки
- Меньше слов, больше дела
- Язык острее меча
II тур — «Күміс қақпа»
1-бөлім: Жұмбақты шеш
- Айдалада ақ отау, ауыз-мұрны жоқ отау.
- Еңкейсем еңкейтеді, шайқайсам шалқаяды.
- Денесі бар, басы бар, ал бірақта жаны жоқ. Үш көзінде жалын от. Кезектесіп жұмылар, кезектесіп ашылар.
- Керемет бір ит болады: үй бағады, үрмейді. Аяғы жоқ, жүрмейді. Темір тықсаң сөйлейді.
- Аяғы бар, басы бар, арқалаған тасы бар.
- Қалың киімді ұнатады, шешіндірсең жылатады.
- Гуляет на поле, да не конь. Летает на воле, да не птица.
- Всегда во рту, а не проглотишь.
- Без языка, без голоса, а все расскажет.
- Ночь есть, днем нет.
2-бөлім: Сөзжұмбақтарды шеш
Берілген сөздер (үлгі):
Тон, Жүзім, Бірлік, Секір, Күш, Күшік, Бесік, Алтын, Жетім, Қон
Дұрыс жауаптары
- Тон — шуба
- Жүзім — виноград
- Бірлік — единство
- Секір — прыгай
- Күш — сила
- Күшік — щенок
- Бесік — колыбель
- Алтын — золото
- Жетім — сирота
- Қон — приземлись
III тур — «Алтын қақпа»
Тапсырма: мақал-мәтел айтудан жарыс — «Ойлан да тап».
Қосымша бөлім: жаңылтпаштар.
Қорытынды
Сабақ соңында ойын қорытындыланып, белсенді қатысқан оқушылар марапатталады. Тілге құрмет — елге құрмет. Тілдер мерекесі құтты болсын!