Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар

Сабақтың тақырыбы

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын және оқуға ынтасын арттыру.

Дамытушылық

Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік

Оқушыларды ұйымшылдыққа, пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке және өзін-өзі тәрбиелеуге баулу.

Сабақтың форматы

  • Түрі: топтық сайыс сағаты.
  • Типі: ойын түрінде.
  • Пәнаралық байланыс: еңбек, қазақ тілі.

Көрнекіліктер

  • Нақыл сөздер
  • Карточкалық тапсырмалар
  • Логикалық есептер
  • Әр топқа даярланған үстел

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру бөлімі

Математика – ермек емес балалық,

Математика – көрегендік, даналық.

Математика – құрметтеуге лайық,

Кел, балалар, мұны жақсы ұғайық!

Балалар, қысқы каникул қызықты өтіп жатыр ма? Ендеше бүгінгі күніңіз одан да қызықты болмақ. Бүгінгі сабақ «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты сайыс түрінде өтеді.

Топтарға бөліну

Оқушылар екі топқа бөлінеді:

  • 1 «Үшбұрыштылар» — топ басшысы: Ардан.
  • 2 «Шаршылар» — топ басшысы: Ескендір.

Әділқазылар және бағалау

Алдымен әділқазылар алқасы сайланады. Сайыс шарттары әрбір әділқазының алдына алдын ала дайындалып қойылған.

  • Дұрыс жауап: 5 ұпай.
  • Дұрыс, бірақ толық емес жауап: 3 ұпай.
  • Жауап жоқ: 0 ұпай.
  • Тәртіп бұзу: 2 ұпай шегеріледі.

Сайыс жоспары

  1. 1 Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі.
  2. 2 Үй тапсырмасы.
  3. 3 Математикалық жұмбақтар.
  4. 4 Қызықты есептер.
  5. 5 Мақал-мәтелдер сайысы.
  6. 6 Жедел жауап: 30 секунд ішінде сұрақтарға жауап беру.
  7. 7 Геометриялық фигураларды табу.

Бағалау тәсілі

Сабақ барысында мен сендерді геометриялық фигуралар арқылы бағалаймын. Бұл фигураларды көбірек жинауға тырысыңдар: сабақ соңында сол фигуралардан қалаған суреттеріңді құрастырасыңдар.

Ал сайысымызды бастаймыз!