Әрбір адам өзінше бір әлем, өзінше бір дүние
Өз жүрегіңнің үні
Тыныштықты үнемі іздей берудің қажеті жоқ. Оның соңы мүлгу мен қалғып кетуге ұрындыруы мүмкін.
Ой түйіндері
Бұл өмірде бәрін білем деу — күпірлік. Дегенмен, білген сайын өмірдің күрделене беретіні — ақиқат.
Адамдар үшін бір-біріне қуаныш сыйлағаннан артық бақыт бар ма?
Гүлде де тікен бар екенін кейде байқамайсың: қол созып, саусағыңды қанатқанда ғана түсінесің.
Әр адам — өзінше бір әлем, өзінше бір дүние. Ол дүниеде бәрі бар.
Өсіп келе жатқан гүлге су қандай қажет болса, адамға да шынайы көңіл сондай қажет. Сол кішкентай ғана жылылықтың өзімен мына дүние де, сонау әлем де ғажап көрінеді.
Мейірімділікті көрген сайын, шапағатты сезінген сайын адам тек жақсылықты ойлауға бейім болады.