Сөз таптары
Зеренді ауданы әкімдігі • Пухальск негізгі мектебі (КММ)
Бастауыш сынып мұғалімі: Оспанова Баян Балташевна
Факультатив сабақ
4-сынып
Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары
Сабақ жоспары оқушылардың сөз таптары туралы білімін жүйелеуге, тапсырмалар арқылы ойлауын дамытуға бағытталған.
Сабақтың мақсаты
- Сөз таптары және олардың түрлері туралы оқушылардың білімін, түсінігін бекіту.
- Танымдық тапсырмалар мен сұрақтар арқылы дүниетанымын кеңейту, шығармашылық қабілетін байқату және дамыту.
- Ана тіліне сүйіспеншілігін арттыру, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру және сөз мәнін түсініп, өнеге алуға тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекіліктер
Көрнекілік оқушының назарын ұстап, ұғымды нақтылау мен бекітуге көмектеседі.
Сабақтың барысы
Психологиялық дайындық
Оқушылардың назарын сабаққа шоғырландырып, жағымды көңіл күй қалыптастыруға арналған қысқа ұйымдастыру кезеңі.
I. Тақырып бойынша білімді жүйелеу
Жылдам ойлау • Қайта еске түсіру1) «Ойлан, тап!» ойыны
Сөздерді тиісті ұяшықтарға орналастырып, әрқайсысына сәйкес сұрақ қой.
Берілген сөздер
Доп, ұзын, сегіз, ұшады, гүл, кітап, сөйлейді, сары, жүз, салады, аласа, домалақ, сағат, жанады, қаралау, журнал, жарқырады, бір-бірден.
Зат есім
Кім? Не?
Сын есім
Қандай? Қай?
Сан есім
Қанша? Неше? Нешінші?
Етістік
Не істеді? Не қылды? Қайтті?
II. Сабақтың тақырыбымен жұмыс
Талдау • Нақтылау2) Негізгі және туынды зат есім
Негізгі зат есім дегеніміз не?
Туынды зат есім дегеніміз не?
Олардың айырмашылығы қандай?
Тапсырма
Көп нүктенің орнына негізгі зат есімдерді қойып жаз:
- •... – биші
- •... – орындық
- •... – іскер
- •... – жолдас
- •... – өнерпаз
- •... – көлшік
3) Сөзжұмбақ (етістік)
Көп нүктенің орнына мағынасына қарай сөздерді қойып, сөзжұмбақты шеш. Шыққан жауап сөздерді сөз табына талда.
Кілт сөз
Е Т І С Т І К
- 1.Ұйқысы келіп ...
- 2.Ұйықтап жатып ... көрді.
- 3.Түсінде кітабын жоғалтып алып, ...
- 4.Оған әкесі кітап ...
- 5.Таңертең орнынан ...
- 6.Түсінде ... кітабы үстел үстінде жатыр екен.
- 7.... көріп, көңілі жайланды.
4) Анаграмма (сан есім)
Анаграмманы шешіп, сан есімдерді тап. Олар қандай сан есімдер? «Қос» сөзін қандай сан есіммен алмастыруға болады?
Жұмбақ
Бірінші сөз — (Көрсете тұр сәл сабыр),
Табылса ол, табылады аңшыдан.
Екінші сөз — Жердің өркеш биігі,
Мұнда бар ғой жолдың ауыр, қиыны.
Қос жұмбақ сөз сөз құраса бірігіп,
«Бізге бер!» — деп аспаз келер жүгіріп.
Жауабы: (Оқ — тау)
5) Сөзжұмбақ (сын есім)
Қарамен белгіленген торкөздердегі әріптерден сын есім құралады. Сол сөзді тап.
1
Ыдыс
2
Жеміс
3
Ай аты
4
Сөз бөлшегі
5
Көкөніс
III. Тақырып бойынша білімді бекіту
Қолдану • Қорытындылау6) Ребус
Ребусты шеш. Қандай мақал шықты? Мақалды жаз. Сызықшаның не үшін қойылғанын түсіндір.
Қосымша тапсырма
50 және 6 сандарын реттік сан есімге айналдырып жаз.
7) Шығармашылық тапсырма
Буындардың орнын дұрыс тапсаң, Абай өлеңінен үзінді шығады. Сол өлең жолдарын құрастырып жаз.
Бұл тапсырма оқушының тілдік түйсігін, логикалық ойлауын және шығармашылық қиялын дамытады.
Материалды толықтыру
Толық нұсқасын жүктеу.