Мұрагер тобына арналған сұрақтар
Қысқа мерзімдік жоспар
- Сабақтың тақырыбы
- Халық ауыз әдебиеті
- Сынып
- 9-сынып
- Сабақтың мақсаты
- Әдебиет түрлері туралы түсінік қалыптастыру, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.
- Күтілетін нәтиже
- Білімді бақылау барысында оқушылар мәнерлеп оқуға дағдыланады және мәтінді түсініп, талдай алады.
- Түйінді идеялар
- Халық ауыз әдебиетінің ерекшеліктерін ұғындыру, көркем ойлау мен көркем сөздің құндылығын таныту.
- Әдіс-тәсілдер
- Жаңа әдістер: сұрақ-жауап, диалог. АКТ, СТО, бағалау. Жеке, жұптық және топтық жұмыс.
Кіріспе
Бүгінгі сабағымызды көркем ойлау мен көркем сөздің озық үлгісі ретінде қалыптасқан халық ауыз әдебиеті тақырыбына арнаймыз. Сынып екі топқа бөлініп, «Бақытты сәт» ойыны арқылы білімдерін көрсетеді.
І топ
«Мұрагер» тобы
ІІ топ
«Талапкер» тобы
Ойын барысы: «Бақытты сәт»
І гейм: Сұрақ-жауап
Әр топқа 10 сұрақтан беріледі. Көп сұраққа дұрыс жауап берген топ жеңімпаз атанады.
«Мұрагер» тобына арналған сұрақ (үлгі)
1) Фольклор дегеніміз не?
«Талапкер» тобына арналған сұрақ (үлгі)
1) Сыңсу қандай жыр?
ІІ гейм: «Бөшкеден шыққан басқатырғылар»
Нөмірленген жетондар кіші бөшкеге салынады. Тапсырманы топ мүшелері бірлесе отырып орындайды.
-
1
Сөзжұмбақ
Тақырыпқа қатысты ұғымдарды бекіту.
-
2
Ертегі бойынша ребус шешу
Көркем бейнені тану және ой қорыту.
-
3
Батырлар жырынан үзінді оқыту
Үзіндіні мәнерлеп оқу, дауыс ырғағын дұрыс қою.
-
4
Тұрмыс-салт жырларын айту
Мәтінді мәнерлеп айту және жанр ерекшелігін ажырату.
Қорытынды
Сабақ соңында ұпайлар есептеліп, жеңімпаз топ анықталады. Оқушылардың жауаптары мен орындаған тапсырмалары бойынша халық ауыз әдебиетінің жанрлары мен ерекшеліктері қорытындыланады.
Қосымша материал
Тақырып: Халық ауыз әдебиеті (жүктеу).