Деректі фильм көрсетілімі

Сыныптан тыс шара (орыс тілді мектеп)

Тақырыбы

Жұмекен Нәжімеденов. «Менің Қазақстаным»

Мақсаты

  • Қазақ әдебиетінің көрнекті ақыны, Қазақстан Жастар сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының жаңа Әнұраны мәтінінің авторы Ж. Нәжімеденовтің өмірбаяны мен шығармашылық жолымен таныстыру.
  • «Менің Қазақстаным» өлеңінің шығу тарихын түсіндіру.
  • Оқушыларды отансүйгіштікке, елін және жерін қадірлеп, қорғай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі

  • Ақын туралы деректі фильм
  • PowerPoint слайдтары
  • «Күй кітабы» аудиокітабы
  • Ақын портреті

Эпиграф

«Тамырым менің тереңде,
Жапырағым биікте.»
— Ж. Нәжімеденов

І. Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылардың назарын сабақтан тыс шараның мақсатына аудару, құрал-жабдықтардың дайын екенін тексеру, жұмыс барысын қысқаша таныстыру.

ІІ. Мұғалімнің кіріспе сөзі

Бүгінгі шарамыздың арқауы — ақынның 75 жылдық мерейтойы. «Ештен кеш жақсы» демекші, мерейтой қараша айында атап өтілсе де, ұстаз ретінде осы тұлға жайлы тереңірек мағлұмат беруді өзімнің борышым деп білемін.

Ж. Нәжімеденовтің бір жинағы «Менің топырағым» деп аталады. Эпиграф ретінде сол жинақтан үзінді алынды. «Тамырым менің тереңде, жапырағым биікте» деген жолдарда терең мағына, жұмбақ сыр бар.

Ақын өмірден ерте озса да, артында өшпес мұра қалдырды. Ендеше, ақын туралы түсірілген деректі фильмге назар аударайық.

ІІІ. Деректі фильм көрсетілімі

Деректі фильм арқылы Жұмекен Нәжімеденовтің өмір жолы, азаматтық ұстанымы және шығармашылық әлемі туралы негізгі деректер ұсынылады.

IV. Жұмекен туралы естеліктер

«Жұмекен поэзиясы — біздің ұлттық мақтанышымыз, енді ашылар алтын сандығымыздың бірі. Ешкімге ұқсамайтын ақынның әрбір шумағы — тың қазына.»
— Әбділда Тәжібаев (1-оқушы оқиды)
«Сен әдебиетке екінің бірі құсап келген жоқсың, бірден құбылыс болып келдің. Егер біреу түсінбесе, бағаламаса, оған сен кінәлі емессің. Жұрттың бәрі білетін, жұрттың бәріне бірдей түсінікті нәрсені жаза берудің қажеті не? Сенің поэзияң — ертеңгі күннің поэзиясы.»
— Қадыр Мырзалиев (2-оқушы оқиды)
«Әзірге көп жұрт оның есімімен тек “Менің Қазақстаным” әнін жақсы біледі. Барша жұрт оның барлық өлеңін оқып, бүкіл мұрасын жаппай қастерлейтін күн алыс емес. Оның Қазақстаны енді орнап келеді. Оның жұлдызы оның жырларын терең ұққандар көбейген сайын биіктей береді.»
— Әбіш Кекілбаев (3-оқушы оқиды)

VI. Слайд арқылы кітаптарын таныстыру

Ақынның шығармалары мен жарық көрген кітаптары PowerPoint слайдтары арқылы көрсетіледі.

Поэзиялық жинақтар

  • «Күй кітабы»
  • «Ашық аспан»
  • «Менің топырағым»

Романдары

  • «Даңқ пен дақпырт»
  • «Кішкентай»
  • «Ақ шағыл»

Қосымша материалдар

  • Үш томдық шығармалар жинағы
  • Дастандар мен поэмалар
  • Аудармалар

VII. «Күй кітабы» аудиокітабынан өлең тыңдау

«Күй кітабы» аудиокітабынан ақынның таңдаулы өлеңдері тыңдалып, негізгі идеялары мен көркемдік ерекшеліктері қысқаша талқыланады.