Жаңа материалды түсіндіру кезеңі
Сабақ тақырыбы
«Ұшқан ұя» — Бауыржан Момышұлы
Негізгі ойды ашатын мақал
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің»
Оқушылардан мақалдың мәнін түсіндіріп, отбасы тәрбиесі мен дәстүрдің адам мінезіне ықпалын мысалдар арқылы дәлелдету ұсынылады.
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
- Б. Момышұлының өмірі мен шығармашылығымен таныстыру.
- Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқуға дағдыландыру.
- Тақырып пен идеяны ашу, кейіпкер бейнесін терең таныту.
Дамытушылық
- Сөздік қорын байыту, тіл мәдениетін дамыту.
- Ой қорыту, дәлелдеп сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік
- Мәтіннің тәрбиелік мәніне назар аударту.
- Отбасы құндылығы, үлкенді сыйлау, дәстүрді құрметтеу идеясын бекіту.
Әдістер, ресурстар және байланыс
Әдіс-тәсілдер
- Түсіндіру, сұрақ-жауап, бақылау, іздендіру.
- СТО элементтері, модульдік оқыту, проблемалық жағдаят.
- Сөздік және көрнекілік әдістері.
Көрнекіліктер
- Оқу құралдары, кестелер, суреттер.
- Нақыл сөздер мен мақал-мәтелдер.
Пәнаралық байланыс
- Өзін-өзі тану
- Қазақ тілі
Нақыл сөз
«Жеті атасын білмеген — жетесіз.»
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен сәлемдесу.
- Дайындықты қадағалау.
- Психологиялық дайындық жүргізу.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Жұмыс түрлері
- Әңгімені оқыту.
- Мазмұнын айтқызу.
- Үй тапсырмасын қорытындылау.
«Ата-әжеме хат» мәтіні бойынша сұрақтар
- Хатты жазып отырған кім?
- Хат кімдерге арналған?
- Хатты не үшін жазады?
Өткен тақырыпты жаңа сабақпен байланыстыру
Халық даналығына сүйеніп, мақалдың мағынасын талқылаңыз: «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің».
III. Жаңа сабаққа дайындық
Нақыл сөздерді оқып, мәнін қысқаша талдау:
«Жеті атасын білмеген — жетесіз.»
IV. Мақсат қою
Бүгінгі сабақтың мақсаты — мәтінді мәнерлеп, түсініп оқуға дағдылану және мазмұнын толық меңгеру.
V. Жаңа материалды түсіндіру
1) Мұғалімнің түсіндірмесі: Бауыржан Момышұлы туралы
Бауыржан Момышұлы 1910 жылдың 24 желтоқсанында Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ ауылында дүниеге келген. Әкесі Момыш өз бетімен сауат ашқан, көзі ашық, өнерлі адам болған. Ел арасында ағаш ұстасы, етікші әрі зергер ретінде танылған. Бауыржан үш жасқа келгенде анасы Рәзия қайтыс болып, ол әжесі Қызтумастың қолында тәрбиеленеді.
2) Оқып, талдау
- «Ұшқан ұя» мәтіні не туралы?
- Жазушы ойын пайдаланып, нақыл сөзді жалғастыр: «Ел тану деген — ...»
3) «Жеті ата» сызбасы
Сергіту сәті
Қазақтай қайсар елім бар,
Кең байтақ мынау даламда.
Қарттарым — асыл қазынам,
Өсиет айтқан ғаламға.
VI. Бекіту кезеңі
1) Оқушыларға оқыту
- Іштей оқу.
- Дауыстап оқу.
- Тізбектей оқу.
2) «Ең бастысы — ойың» тапсырмасы
Мақсаты: жылдам оқу дағдысын, есте сақтау қабілетін және сауатты жазу дағдысын дамыту.
Шарты: мәтінді жылдам әрі мұқият оқы. Одан кейін мәтінді бір сөзбен сипатта, содан соң бір сөйлеммен қорыт. Соңында мәтін «мағынасыз» болып қалмауы үшін қажет негізгі ерекшелікті (құпиясын) тап.
3) Дәптермен жұмыс: сөздік жұмысы
- Ата тегіміз
- ру, әулет, шыққан тегі
- Баппен
- асыҡпай, байыппен
- Араз
- келіспеу, ренжу, татулықтың бұзылуы
4) «Зертте» сұрақтары және еркін жауап
- Әңгіменің тақырыбы қандай?
- Оқиға қай жерде өрбиді?
- Мәтіннен табиғат құбылысын суреттеген тұсты тауып, мәнерлеп оқыңдар.
Кестені толтыр
Жазушының пікірі
Әкем маған ата тегіміздің аты-жөнін үйретуші еді. Ал келген қонақ ең алдымен атымды сұрайтын. Содан соң менің жеті ата жөніндегі білімімді тексеретін.
Менің пікірім
Оқушы жауабы (еркін пікір жазады)
Тұжырым кестесі
| Р/с | Кейіпкерлер | Іс-әрекеті | Адамгершілік қасиеті |
|---|---|---|---|
| 1 | Әкесі | Толтыр | Толтыр |
| 2 | Қонақтар | Толтыр | Толтыр |
| 3 | Бала Бауыржан | Толтыр | Толтыр |
Қорытынды: тест-интервью
| Р/с | Сұрақ | Оқушы жауабы |
|---|---|---|
| 1 | Ақсақалдар деген кім? | Қариялар, аталар. |
| 2 | Қымыз қай малдан алынады? | Жылқы малынан. |
| 3 | Сәлемдесудің тағы қандай түрлерін білесіңдер? | «Амансыз ба?», «Мал-жан аман ба?» |
| 4 | Әдепті бала — қандай бала? | Арлы бала. |
| 5 | «Қызарақтап» сөзінің мағынасы қандай? | Ұялу. |
| 6 | «Баппен» деген сөзді қалай түсінесің? | Асықпай. |
Сабақты нақыл сөздермен түйіндеу
- «Тексізден тезек артық.»
- «Халықтың ізгі дәстүрі — біздің ең асыл мұрамыз.»
VII. Бағалау
Сабаққа белсенді қатысқан оқушылардың жұмысы бағаланады.
VIII. Үй тапсырмасы
- Мәтінді мазмұндау.
- «Біздің үйдің салт-дәстүрлері» тақырыбында шағын мәтін жазу.
Дереккөз және автор
Қызылорда қаласы, №261 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қойшыбаева Гүлдана.