Мезгіл үстеу
Үстеудің құрамдық түрлері
Бұл сабақ жоспары үстеудің құрамдық түрлерін қайталап, мезгіл үстеуді сөйлем ішінен тауып, оған дұрыс сұрақ қою дағдысын қалыптастыруға бағытталған. Оқушының ойын еркін жеткізуіне жағдай жасап, сыни тұрғыдан ойлау арқылы шығармашылық жұмысқа баулиды.
Үстеу туралы түсінік
Сабақтың тақырыбы
Мезгіл үстеу.
Жалпы мақсат
- Сөйлем ішінен мезгіл үстеуді таба білу және оған дұрыс сұрақ қоя білу.
- Өз ойын еркін жеткізуге бағыт беру.
- Сыни тұрғыдан ойлау арқылы шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру.
Сабақ барысы
1) Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Оқушылар ортаға дөңгеленіп тұрады. Қызыл түсті қағазды бір-біріне жылы тілек айта отырып, кезекпен береді.
Топқа бөлу
1, 2, 3, 4 деп жазылған қағаздар арқылы 4 топқа бөлінеді.
Рөлдер
Әр топта: басшы, хатшы, баяндамашы.
Бағалау
Бағалау парағымен таныстырып, әр топ басшысына таратылады.
2) Үй тапсырмасын тексеру
Уақыты: 2 минут- 273-жаттығудың орындалуын тексеру.
- Сурет бойынша мәтін құрастыру.
Қолданылатын модуль: білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.
3) «Миға шабуыл»
Уақыты: 2 минутСұрақ
Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
Жауап
9 сөз табы бар: зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, еліктеуіш сөз, шылау, одағай.
Талқылауға арналған сұрақтар
- Үстеу қандай сөз табы?
- Үстеудің құрамдық түрлері қандай?
4) Жаңа сабақ: постер қорғау
Сыни тұрғыдан ойлауОқушылар топпен жұмыс жасап, постер арқылы жаңа тақырыпты түсіндіреді және қорғайды.
5) Топпен жұмыс: 275-жаттығу
Уақыты: 10 минутБерілген сөйлемдерді көшіріп жазып, үстеудің қалай жасалғанын түсіндіру.
6) Сергіту сәті
Уақыты: 5 минутОқушылар бір-біріне жақсы тілек айтып, сәттілік тілейді.
7) Деңгейлік тапсырмалар
Уақыты: 10 минутA деңгейі
- Үстеу туралы айтып, мысал келтір.
-
Мәтіннен үстеулерді тауып, мағынасына қарай түрлеріне ажырат:
Түн ортасы ауа жел бәсеңдеп, бұлт ыдырай бастады. Әр жерде әлденемен шұғылданып ербеңдеген кісі. Сол бір тұста күбірлескен екі адамның сыбыры естілді, біз ілгері жүріп кеттік.
-
Төмендегі үстеулердің екеуін қатыстырып сөйлем құра:
Биыл, былтыр, бүрсігүні, қолма-қол, тым, дәл, қаперсіз.
B деңгейі
- Үстеу мағынасына қарай нешеге бөлінетінін айт.
-
Құрамында мезгіл үстеуі бар мақал жаз.
Мысалы: Ақылдының бірінші ісі кеше тынған.
-
Сөйлемдердегі көп нүктенің орнына тиісті үстеуді қойып, көшіріп жаз:
Адам деген ... қиындыққа төзеді деп кім ойлаған.
Вагон ішіндегі адамның көптігі ... бөшкеге толтырып салған балықтай екен.
Әр жерден ... сөздер, ат айдаған дыбыстар естіледі.
C деңгейі
- Үстеуге мақал-мәтелден мысал келтір.
- Ішінде үстеуі бар жаңылтпаш құрастырып көр.
Ескерту
Бұл бөлімде дарынды және талантты оқушылардың мүмкіндігін ашуға бағытталған тапсырмалар ұсынылады.
Қосымша тапсырма
Қазақ билері айтқан шешендік сөздің бірін әңгімелеп бер. Мәтін ішінен үстеуді тауып, оның түрін анықта.