Белгісіз азайғышты тап
Қызылорда облысы • Жалағаш ауданы
Темірбек Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицей
Бастауыш сынып мұғалімі: Жұмабекқызы Тымар
Сабақтың тақырыбы
1 санын қосу және азайту
Мақсаты
1 санын қосу және азайту тәсілдерімен таныстыру.
Әдістер
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, кубизм, ойын.
Сабақтың міндеттері
Білімділік
Сандар қатарының қасиетіне сүйене отырып, 1 санын қосу және азайту тәсілдерін меңгерту.
Дамытушылық
Ауызша есептеуді жылдам әрі дұрыс орындау, өздігінен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру және терең ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік
Оқушыларды ұйымшылдыққа, тапқырлыққа және ептілікке тәрбиелеу.
Ресурстар
Көрнекіліктер
- Тест тапсырмалары
- Плакат
- Стикерлер
- Маркер
Техникалық құралдар
- Компьютер
- Проектор
Сабақ барысы
-
1
Ұйымдастыру кезеңі
Көңіл күй ахуалын қалыптастыру, сабаққа назар аударту.
-
2
Қызығушылықты ояту
Оқушыларды топқа бөлу және алдағы тапсырмаларға ынталандыру.
-
3
Білімді жинақтау
Тест жұмысы арқылы алдыңғы білімді еске түсіру және бекіту.
-
4
Жаңа сабақ: ой толғау
1-тапсырма: Суретпен жұмыс
Оқулықтағы сурет бойынша әңгіме жүргізіледі. Оқушылар өз бетімен диалог құрып, қорытындыларын дәлелдейді.
-
5
Мағынаны тану
2-тапсырма: Қосу және азайту кестесін құру
Оқушылар 1-ді қосу мен 1-ді азайтудың үлгілерін кесте түрінде құрастырады.
Қосу (+1)
- 1 + 1 = 2
- 2 + 1 = 3
- 3 + 1 = 4
- 4 + 1 = 5
- 5 + 1 = 6
- 6 + 1 = 7
- 7 + 1 = 8
- 8 + 1 = 9
- 9 + 1 = 10
Ереже: 1-ді қосу — келесі санға өту.
Азайту (−1)
- 10 − 1 = 9
- 9 − 1 = 8
- 8 − 1 = 7
- 7 − 1 = 6
- 6 − 1 = 5
- 5 − 1 = 4
- 4 − 1 = 3
- 3 − 1 = 2
- 2 − 1 = 1
- 1 − 1 = 0
Ереже: 1-ді азайту — алдыңғы санға өту.
Әр топ өз жұмысының нәтижесін таныстырып, ой-пікірлерін ортаға салады.
-
6
Бекіту: «Кубизм» әдісі
Оқушылар кубиктің қырларындағы тапсырмалар бойынша жұмыс орындайды.
1
Өрнектің мәнін тап
4 + 1 = ?
2
Белгісіз қосылғышты тап
? + 5 = 10
3
Белгісіз азайтқышты тап
8 − ? = 3
4
Өрнектің мәнін тап
7 − 2 = ?
5
Өрнектерді салыстыр
4 + 1 □ 3
6
Өрнектерді салыстыр
6 □ 5 − 1
Сергіту сәті
Қысқа қимыл-қозғалыс арқылы оқушылардың зейінін сергіту.
-
7
Дәптермен жұмыс
Қолдың ұсақ моторикасын дамыту. «1» цифрын жазу дағдысын машықтандыру.
4-тапсырма: Өзіндік жұмыс
Оқушылар тапсырманы өз бетімен орындап, нәтижесін тексереді.
-
8
Ауызша жұмыс: «Кім жылдам?» ойыны
Жылдамдық пен дәлдікті дамытуға бағытталған ауызша есептеулер орындалады.
Рефлексия
- Сабақ сендерге ұнады ма?
- Бүгін сабақта нені үйрендік?
- Берілген стикерге көңіл күйіңді білдіретін смайлик (бет-әлпет) салып белгіле.
Үй тапсырмасы
5-тапсырма.
Бағалау
Оқушылардың белсенділігі, жауаптарының дәлдігі және топтық жұмысқа қатысуы бойынша бағаланады.