Жұрт мақтауда
Мұқағали Мақатаев
Төрағасы жайғасты төрге барып,
Бос орын жоқ.
Зал іші көмбе - халық.
Әуезовті бір шешен мақтап жатыр,
Аракүдік тамағын кенеп алып...
Бір бұрышқа отырдым мен де барып.
Жұрт мақтауда.
Мақтаусыз сөз болмады.
Нелер шешен тайпалтты - ау сөз жорғаны.
Ақ шырағдан астында - төрағасы,
Төрағасы - Әуезов, қозғалмады...
Еңбегімен, есімен бақты жанған -
Айналасы Мұхаңның ақ шырағдан.
... Төрағаның аузына қарайды жұрт,
Қалт жібермей айтқанын қақшып алмақ.
Құттықтаулар, мақтаулар тынды - дағы,
Залдың іші бір сәтке тұнжырады...
Төрағасы сатылап сөйлеп кетті,
Сәл ырғалып орнынан тұрды - дағы.
Есімде жоқ. Мұхаңның не дегені,
(Жаңылып, жалған айтып не керегі.)
... Алдымда Абайдағы Абай тұрды
Әуезов жасап берген кемедегі...
Әрі қарай өкетті елес мені,
Шырақ сөнді...
Белгісіз неге өшкені?!
(Мұхаң маған алыстан елестеді...)
Сұрағым...
Сұрағым бар емес пе еді?
Шырақ қайда?!
Жаңағы жарық қайда!?
Кимелеп ұмтылады халың қайда?!
Шынымен Әуезовке маңытпай ма?!
Мына ағын бара жатыр алып қайда?!..
(Қалқиып, қарауылдап тұрамын ба?)
Мен - дағы қарсы жүздім бұл ағынға.
Толқыннан кеудемді алып,
Айғай салдым:
- О, Мұха!
Сұрағым бар! Сұрағым бар!..
Алыстан айғайлап мен қоймағасын,
Аялдап, андап, шолып айналасын.
Ағынмен арпалысқан мені көріп:
- Айт,- деді - сұрағыңды,
Қай баласың?..
Сұрақ та, жауап та мен қайтармадым,
Тымқұрса атымды да айта алмадым...
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2
“КҮН ТҰТЫЛҒАН БІР ӘЛЕМ ЖҮРЕР ІШТЕ...”
ҚАЗАҚ ТЕЛЕДИДАРЫ ЖӘНЕ ХАБАР МЕМЛЕКЕТТІК АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ
Отан тарихы
Зар заман поэзиясының бастау көздері
Ата - ана мен бала арасындағы қарым қатынас стилдерінің ерекшеліктері
ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТТІҢ ӨТЕУ ТӘРТІБІН БҰЗАТЫН ҚЫЛМЫСТАР
Тау шаңғысы туризмінің ерекшеліктері
Атырау газетіндегі патриоттық тәрбие мәселесі
Геоақпараттық жүйелердің даму тарихы
Әсет Найманбаев шығармашылығының көркемдігі
Қазақ жұртын бірсыпыра көтеріп, берекелендіріп тұрған осы қой деген мал
Өнер - білім бар жұрттар
Менің көңілім жұрттың қамында емес, бір басқа
Жұрт жарықтық арқасында бір бүтінденіп қалалықта
Барымта мен партия, Бәрі мастық жұрт құмар
Жұрттың бәріне сыйлы
Байзақ жұртқа бірдей сөйлейтұғын
Журналист Сая Молдайып өзінің облыстық Сарыарқа самалы газетінің 14 ақпан 2017 жылғы 17 санында жарық көрген Жұртыңмен талай заман көрдің атты мақаласын Ойға өріс беріп көрейік деп бастаған екен
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай
Хан жұртын жиып