Ауыз әдебиетіне тән ерекшеліктерді ата
Сабақтың тақырыбы
Мақал-мәтелдер — даналық көзі
Сабақтың мақсаты (білімділік)
Мақал-мәтелдердің ғасырлар шежіресі екенін ұғындыру, олардың өзара ерекшеліктерін түсіндіру және шығу тарихы туралы толық мәлімет беру.
Сабақтың мақсаты (дамытушылық)
Қызықты грамматикалық ойындар арқылы тіл байлығын молайту, ойлау қабілетін және өздігінен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
Сабақтың мақсаты (тәрбиелік)
Мақал-мәтел мазмұнын талдау арқылы тапқырлыққа, шешендікке және тіл шеберлігіне тәрбиелеу.
Сабақ сипаттамасы
- Сабақ түрі
- СТО
- Сабақ әдісі
- Аралас сабақ, сұрақ-жауап, қорытындылау, түсіндіру, іздендіру.
- Сабақ типі
- Бекіту, пысықтау, сұрау сабағы.
Ресурстар және байланыс
- Көрнекілігі
- Интерактивті тақта, суреттер, слайдтар, кестелер.
- Пәнаралық байланыс
- Қазақ тілі, тарих, сурет.
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.
- Үй тапсырмасын тексеру (топтық жұмыс):
І топ
Тұрмыс-салт жырлары туралы.
ІІ топ
Тұрмыс-салт жырларының түрлері.
ІІІ топ
Бата және оның түрлері.
Үй тапсырмасын қорытындылау (сұрақтар)
І топ
- Ауыз әдебиеті дегеніміз не?
- Ауыз әдебиетінің түрлерін ата.
- Ауыз әдебиетіне тән ерекшеліктерді ата.
ІІ топ
- Тұрмыс-салт жырлары дегеніміз не?
- Тұрмыс-салт жырларын ата.
- Әдет-ғұрыпқа байланысты өлең-жырларды ата.
ІІІ топ
- Жазба әдебиеттің негізін қалаушы кім?
- Жазба әдебиетке тән ерекшеліктерді ата.
- «Жаңа күн» сөзінің мағынасын түсіндір.
2) Қызығушылықты ояту
Сөзжұмбақты шешу арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбы ашылады:
- Жазылуы бірдей, мағыналары әр түрлі сөздер.
- Заттың атын білдіретін сөз табы.
- Жылқы пірі.
- Адамның түрлі көңіл-күйін білдіретін сөздер.
- Жеке заттарға қойылатын сөздер.
- Балаға ең қымбат — …
- Білім беретін мекеме.
- Бірнеше сөйлемнен құралатын, негізгі ойды білдіретін құрылым.
- Көркем суреттеуде затты не құбылысты екіншісімен салыстырып бейнелеу.
- Сиыр пірі.
- Сөздер мен сөйлемдерді байланыстыратын сөз табы.
Бүгінгі тақырып: «Мақал-мәтелдер — даналық көзі». Мақал-мәтелдер — ерте заманнан ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан мұра, сөз өрнегі. Тілімізде «Сөздің көркі — мақал» деген аталы сөз бар. Мақал-мәтелдер ықшам әрі көркем түрде жасалып, терең ой мен кең мазмұнды білдіреді. Олар ауыз әдебиетінің бір түрі болып, нақыл мен ақылды тұжырымды түрде жеткізеді. Мақалды көп біліп, орынды қолдана алатын адамның білімі де, пайымы да арта түседі.
3) Мағынаны тану
І топ
Мақал-мәтелдердің зерттелуі және тәрбиелік мәні (зерттеу).
ІІ топ
Мақал мен мәтелдің айырмашылығы (салыстыру).
ІІІ топ
Мақал-мәтелдердің құрылымдық ерекшелігі (дәлелдеу).
Топтық жұмыс
І топ
«Ана сүті ой өсіреді» тақырыбында мақал-мәтелдерді пайдаланып ойтолғау жазу.
ІІ топ
«Ойлай білгеннің ойы ұшқыр»: суреттер бойынша мақал-мәтелдер тауып айту және бір өлеңді жатқа оқу.
ІІІ топ
Сәйкестендіру тесті (мақалдардың дұрыс нұсқасын табу).
1. Ердің сыншысы — ел.
2. Оқу — инемен құдық қазғандай.
3. Көп сөз — көмір, аз сөз — алтын.
4. Өлімнен ұят күшті.
5. Атаңның баласы болма, халқыңның баласы бол.
6. Ер жігіттің екі сөйлегені — өлгені.
7. Жеті рет өлшеп, бір рет кес.
8. Балалы үй — базар, баласыз үй — мазар.
9. Тәрбие отбасынан басталады.
Ескерту: Кейбір мақал нұсқалары өңірлік қолданысқа қарай әртүрлі болуы мүмкін.
4) Толғаныс сәті
І топ
Берілген сөздерден жаңа сөз жасайтын әріптерді табыңдар. Сол әріптерді ретімен жазғанда жасырынған мақал шығады.
- Кім — өкім
- Ара — арқа
- Желі — желін
- Су — ысыу
- Кен — кене
- Қобы — қобыз
- Елік — ерлік
- Қылық — ықылық
- Мал — амал
- Баға — балға
- Мүше — мүшел
- Аяқ — таяқ
- Ана — дана
- Кит — киіт
Жауабы: «Өнер алды — қызыл тіл».
ІІ топ
Екі жақты күнделік толтыру (ой-пікір және дәлел/мысал).
Ой-пікір
Мақал-мәтелдің мәні, өмірлік қолданылуы.
Дәлел/мысал
Тақырыпқа сай мақал, қысқа түсіндірме.
ІІІ топ
«Тіл — менің көзіммен» тақырыбында қабырға газетін дайындау.
- Тақырыптық ұран және қысқа мәтін.
- Мақал-мәтелдер топтамасы.
- Сурет/иллюстрация және қорытынды ой.
5) Сабақты қорытындылау
Сұрақтарға мақал-мәтелмен тез жауап беру арқылы білім бекітіледі.
Жылдам жауап
Сұраққа сай мақал тауып айту.
Түсіндіру
Неліктен дәл осы мақал таңдалғанын қысқаша дәлелдеу.
Қорытынды
Мақал-мәтелдің тәрбиелік және танымдық маңызын жинақтау.