Біреуінің үстінде тұз, екіншісінде мақта
«Су — өмірдің нәрі»
Бұл сабақта оқушылар су — адам өміріндегі ең қажетті жағдайлардың бірі екенін, сусыз тіршілік болмайтынын түсінеді. Тақырып тәжірибе, сұрақ-жауап және топтық жұмыс арқылы ашылады.
Мақсаты
Судың адам өміріндегі маңызын ұғындыру және «сусыз тіршілік жоқ» қағидасын нақты деректермен бекіту.
Міндеттері
- Судың адам өміріндегі маңызын түсіну.
- Тәжірибе арқылы судың қасиеттерін анықтау.
- Суды аялау және қорғау дағдысын қалыптастыру.
Әдіс-тәсілдер және көрнекілік
Әдісі: СТО стратегиялары, сұрақ-жауап, топтық жұмыс.
Көрнекілігі: мақал-мәтелдер, тыйым сөздер, сызбалар, тәжірибеге қажетті заттар.
Жаңа сабақ
Жер бетінде ең көп таралған зат — су. Картаға қарасақ, Жер шарының төрттен үш бөлігі көгілдір түске боялған. Бұл — мұхиттар, теңіздер, өзендер мен көлдер.
Неге су қымбат?
- Су табиғатты көріктендіріп, жер бетін саялы баққа айналдырады.
- Халқымыз «Судың да сұрауы бар» деп, суды қадірлеген.
- Жер астында да су бар — бұл тіршілік үшін маңызды қор.
- Адам ағзасының едәуір бөлігі судан тұрады; адам сусыз 6–7 күн ғана шыдай алады.
- Қан құрамындағы су бүкіл денеге қоректік заттарды жеткізуге көмектеседі.
- Сусыз жануарлар да, өсімдіктер де өмір сүре алмайды.
- Тамақ сусыз піспейді, тазалық сақталмайды: жуынамыз, кір жуамыз, шомыламыз.
Сұрақ-жауап арқылы білімді анықтау
Су қандай зат?
Сұйық.
Судың түсі қандай?
Мөлдір (түссіз).
Суды қай жерлерден кездестіреміз?
Көл, өзен, жаңбыр және т.б.
Судың пішіні бар ма?
Жоқ, су пішінсіз (ыдыс пішінін қабылдайды).
Талқылау сұрақтары: Судың адам өміріне пайдасы қандай? • Суды қайдан аламыз?
Тәжірибе жұмысы (топпен)
I топ: Судың негізгі қасиеттері
- Түсі, дәмі, иісі, пішіні.
- Бақылау арқылы қорытынды шығару.
II топ: Еритін және ерімейтін заттар
- Суда еритін/ерімейтін заттарды салыстыру.
- Нәтижені дәлелмен айту.
Сергіту сәті
Интерактивті тақтада жеңіл әуен қосылып, қысқа «тыныштық сәті» ұйымдастырылады.
Сызбаны толтыру: судың қасиеттері
I топ: сипаттайтын сөздер
II топ: әрекеттік қасиеттер
Табиғаттағы судың үш күйі
Сұйық күй
Су
Қатты күй
Мұз
Газ күй
Бу
Ой толғаныс: қысқа мәтін-есеп
Үстіне жүк артқан екі есек келе жатты. Біреуінің үстінде — тұз, екіншісінде — мақта. Олар терең өзеннен өтуі керек болды. Тұз артқан есек судан шыға салысымен жеңілдеп, тез жүріп кетті. Ал мақта артқан есек аяғын әрең басып, қатты қажыды.
Неге бұлай болды?
Себебі: тұз суда еріп, жүгі жеңілдейді; ал мақта суды сіңіріп, ауырлай түседі.
I топ: мақал-мәтелдер
- Сулы жер — нулы жер.
- Бұлақ көрсең, көзін аш.
- Судың да сұрауы бар.
- Сыйлап берген су да тәтті.
- Су қадірін шөлдеген білер.
II топ: тыйым сөздер
- Суға түкірме.
- Суды бекер ағызба.
- Судың бетін ашық қалдырма.
- Түнде су алуға барма.
- Суды лайлама.
- Бұлақты былғама.
- Ағынды суға кір жума.
Жазылым тапсырмасы
«Су — тіршілік көзі» тақырыбына эссе жазыңыз. Эсседе суды үнемдеу, суды қорғау және күнделікті өмірдегі су мәдениеті туралы ойыңызды білдіріңіз.
Қорытынды: қысқа тест
Білімді бекіту үшін төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
1) Судың қасиетін белгіле.
2) Суда еритін затты белгіле.
3) Суда ерімейтін затты белгіле.
4) Су табиғатта неше күйде кездеседі?
5) Судың қатты күйі қалай аталады?
Сабақты аяқтау сәті
Интерактивті тақтада сылдырап аққан бұлақтың бейнесі көрсетіліп, жеңіл әуен ойнатылады. Оқушы тақырыпқа сай өлең оқиды.