Аналарымызды бағалау
8 наурыз — Аналар мерекесіне арналған сценарий: «Аяулы аналар»
Құрметті асыл аналар, қыз-қызғалдақтар, қадірлі ұстаздар! Қар астынан қылтиып, бәйшешек бой көтергенде, көктемнің алғашқы жаршысы болып Аналар мерекесі келеді. Бәйшешек нәзік болса да, қалың қарды жарып бүршік жарады. Біздің асыл аналарымыз да бәйшешектей — қандай қиындық болса да, төзімді.
Аналар, көктемгі гүлдей жарқырап, гүл мерекелеріңіз де, күн мерекелеріңіз де құтты болсын!
Сахналық нұсқау
Оқушылар ортаға шығып, аналарына арналған тақпақтарын айтып, сыйлықтарын табыстайды.
Кіріспе сөз
1-жүргізуші
Құрметті асыл аналар, қыз-қызғалдақтар, қадірлі ұстаздар! Көктеммен бірге ең жылы, ең мейірімді мереке — Аналар мерекесі келді. Баршаңызға шаттық, береке, амандық тілейміз!
2-жүргізуші
Құрметті қауым! Көптен асыға күткен көктем мерекесіне арналған «Аяулы аналар» байқауын бастаймыз. Мерекеде ән шырқап, өнерпаз өрендерге тамсанып, әділдік пен шындықты ту еткен әділқазылар алқасымен танысайық.
Мерекелік ұран
1-жүргізуші
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Халықтың мерекесінде
Көктем тойын бастайық!
Көктем тойға арналған
Сайысты біз бастайық!
2-жүргізуші
Мың бұралған аналар, аңдап басып,
Келеді, міне, ортаға толқып-тасып.
Аналарын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!
Ортаға аруларды шақырамыз!
Музыка: «Қыз сыны» әуені орындалады.
Байқау кезеңдері
Сайыс кезеңдері төмендегідей:
-
1. Таныстыру
Әр ана өзін таныстырады.
-
2. Өнер сайысы
Ән, би, көркем сөз, аспаптық өнер және т.б.
-
3. «Қазағымның асыл қазынасы» (салт-дәстүр)
Салт-дәстүрді таныстырып, сахналау.
-
4. Сұрақ-жауап
Тапқырлық пен жылдамдық сыналады.
-
5. Сән үлгісі
Қазақтың ұлттық киім үлгілерін көрсету.
-
6. Марапаттау
Әділқазы қорытындысы мен марапаттау рәсімі.
Ұйымдастыру
Аналарымыз әділқазылардың алдында тұрған қорапшадан өздерінің реттік нөмірлерін алсын. Ендеше, сайысымызды бастаймыз!
I кезең: Таныстыру
1-жүргізуші
Аяулы аналар келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды танытуға.
Байыппен сахнаға келіп жетті,
Әдеппен, ізетпен танысуға.
Ендеше, аналарымыз өздерін таныстырып өтсін.
Бірінші ана
Аққу құстай қанат қағып самғаған,
Адал жолдан арам іске бармаған.
Адамдықты жаны сүйген қашаннан,
Мариям апай қатарынан қалмаған.
Әділқазылар, әділ бағаларыңызды беріңіздер.
Екінші ана
Атыңнан айналайын, Ана деген,
Сенің ісіңе жоғары баға берем.
Жеңіс туын тігерсің отбасыңда,
Үміті зор балаларыңның саған деген.
Әділқазылар, әділ бағаларыңызды беріңіздер.
Үшінші ана
Білімді ұстаз — саналы мектептегі,
Талай шәкірт сусындап, нәр алады.
Жайлаухан апай болашақта талай істі,
Білім нұры, еңбегімен жарқыратады.
Әділқазылар, әділ бағаларыңызды беріңіздер.
Төртінші ана
Ырысты ана — өнерлі,
Ән салады тамаша.
Ақша бетті сұлу ана
Ұқсайды хор қызына.
Әділқазылар, әділ бағаларыңызды беріңіздер.
Көрініс
Би: «Сұлу қыз».
II кезең: Өнер сайысы
2-жүргізуші
Бұл кезеңде аналарымыз өз өнерлерін көрсетеді.
Көркем өнер — жас бөбек,
Сүйкімді болар бақпаса.
Тортасын алған балқаймақ,
Бойына сылау жақпаса.
Үлпілдеген қызыл шоқ,
Басына үкі тақпаса.
Ендеше, аналарымыздың өнерін тамашалайық!
III кезең: «Қазағымның асыл қазынасы»
Салт-дәстүр — ұлттың рухани тірегі. Бұл кезеңде аналарымыз қазақтың салт-дәстүрін көрсетіп, таныстырады.
IV кезең: Сұрақ-жауап
Бұл кезеңде аналар өздерінің тапқырлығын, білімін және ептілігін көрсетеді.
V кезең: Сән үлгісі
Бұл кезеңде аналарымыз қазақтың ұлттық киімдерінің сән үлгілерін көрсетеді.
Үзіліс: Өнерпаздар нөмірі
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады. Бүгінгі сайысымыз да мәресіне жақындап қалды. Әділқазы мүшелері қорытынды жасауға дайын болғанша, кезекті өнерпаз оқушыларға береміз.
Ән
«Жақсы көрем әжемді»
Марапаттау және қорытынды
1-жүргізуші
Сіздер бүгінгі аруларымыздың қаншалықты өнерлі екенін байқадыңыздар. Енді сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.
Марапаттау рәсімі.
2-жүргізуші
Бойларыңда от бар екенін байқадым,
Жүректеріңде шоқ бар екенін байқадым.
Әрқашанда осы шоқты өшірмей,
Жалындатып, шарықтаңдар әрдайым!
Қорытынды сөз
Осымен «Аяулы аналар» сайысымыз аяқталды. Қош сау болыңыздар!