Қаратпа сөздің тыныс белгілері

Қаратпа сөздің тыныс белгілері

Қаратпа сөз — сөйлеушінің тыңдаушыға (не біреуге) тікелей қаратылып айтқан сөзі. Қаратпа сөз сөйлемнің құрылымына қатыспайды, бірақ сөйлемнің мағынасын нақтылап, тыңдаушыны айқындайды.

Есіңе сақта

  • Қаратпа сөз сөйлемнің басында келсе, одан кейін үтір қойылады.
  • Қаратпа сөз сөйлемнің ортасында келсе, екі жағынан үтір қойылады.
  • Қаратпа сөз сөйлемнің соңында келсе, алдынан үтір қойылады.

Мысалдар: қаратпа сөзді тап

Төмендегі сөйлемдерді оқып, қаратпа сөздерді анықта.

Балам, әрбір жер атауының өзіндік тарихы бар.

Қалай, балақай, тауға шыққаның ұнай ма?

Біз саған сенім артамыз, Бақыт.

Тезірек жүрейік, қыздар, апай тосып қалды.

Көркем жазу: «И» әрпі

«И» әрпіне байланысты сөздер

Итмұрын, инабатты, ибалы, ит, ителгі, итбалық, тиын, тиін, жиын, жиналыс және т.б.

И дыбысы қандай дыбыс?

  • Сөздің барлық буынында кездеседі.
  • И — дауысты дыбыс.
  • Сөздегі дауысты дыбыстарға қарай кейде жуан, кейде жіңішке айтылады.

Талдау жұмыстары

1) «Итмұрын» сөзіне дыбыстық талдау жаса.

2) «Инабатты» сөзін сөз құрамына талда:

  • 3 буын
  • 7 әріп
  • 7 дыбыс
  • 3 дауысты
  • 4 дауыссыз

Жаттығу: сөйлемдерді қаратпа сөзбен түрлендір

Берілген сөйлемдерді қаратпа сөзі бар сөйлемдерге айналдырып жаз.

  • Бағдат ертегі оқыды.
  • Әжем кесте тігуді үйретті.
  • Гүлнар гүлдерге су құйды.

Оқулықпен жұмыс

Сызба бойынша қаратпа сөзі бар сөйлемдер құрастырып жаз.

Тапсырма: өлеңді жатқа жаз

Қаратпа сөзді тауып, тыныс белгісін дұрыс қой.

Түлкі, қайда барасың?

Тауық іздеп барамын.

Маймыл, қайда барасың?

Сауық іздеп барамын.

Пысықтау: орындарын тауып, тыныс белгісін қой

Қаратпа болатын сөздердің орнын анықтап, үтірдің қойылуын тексер.

Сөйлемдер

  • Үлкендерге не айту керек?
  • Бар алғысымды саған арнаймын!
  • Кәне, жүрісті үдетейік.
  • Жарайды, сенің дегенің болсын.

Қаратпа сөздер

анашым Балнұр Бақыт жігіттер

Ескерту: Қаратпа сөздің сөйлемдегі орнына қарай үтір бірден кейін, екі жағынан немесе алдынан қойылады.

Қосымша: слайдты жүктеу.