Сөйлемде неше сөз
Қайталау – білім анасы
Мақсаты
- Дыбыстар мен әріптерді қайталау: жыл бойы өтілген материалды еске түсіру; буын, сөз, сөйлем туралы түсініктерді бекіту.
- Ойын арқылы дамыту: ой-өрісті, шығармашылықты арттыру; тілін, ойлауын, есте сақтау қабілетін жетілдіру; сөздік қорды кеңейту; зейінділік пен жылдам ойлауға үйрету.
- Тәрбиелік бағыт: білімге құштарлық пен пәнге қызығушылықты күшейту; табиғатты сүюге, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Сабақ туралы
- Сабақтың типі
- Аралас сабақ
- Сабақтың түрі
- Ойын-сабақ
- Әдіс-тәсілдер
- Ойын, көрнекілік, сөздік, практикалық
Көрнекіліктер
- Қызыл және көк түсті текшелер
- Магнит тақта
- Магнитофон, интерактивті тақта
- Үлестірмелі суреттер, плакаттар
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз.
Қайырлы таң, балалар! Қайырлы таң, қонақтар!
Мектепалды даярлық «Балдырған» тобының қазақ тілі сабағына қош келдіңіздер!
Шеңбердегі әңгіме
Сұрақ:
Нені сезіндік?
Жауап: жылулық, достық, татулық — бәріміздің бірге екенімізді.
Сұрақ:
Көңіл күйіміз қандай?
Жауап: жақсы.
Осы көңіл күймен сабағымызды бастаймыз. Балалар орындарына отырады.
II. Өткенді қайталау және пысықтау
«Қайталау – білім анасы» демекші, бүгін жыл бойы өткен материалды қайталаймыз. Сабақ ойын түрінде өтеді. Есте сақтайық: «Ойнайық та, ойлайық!»
Негізгі сұрақтар
- Дыбыс дегеніміз не? Ол нешеге бөлінеді?
- Дауысты және дауыссыз дыбыстар неге бұлай аталады?
- Әріп дегеніміз не?
Ойын
«Такси» (2 оқушымен)
Оқушылар дыбыстарды ажыратып, сұрақтарға жылдам жауап береді.
Жуан және жіңішке дауыстылар
Интерактивті тақтадан сөз жұптары көрсетіледі, айырмашылығы талданады:
Жұп 1
Тор — төр
Жұп 2
Соз — сөз
Жұп 3
Ор — өр
Оқушылар дыбысталуы мен мағынасына қарай өзгерісті түсіндіреді.
Кейіпкерлер қонаққа келеді: Жұмбақбай атай мен Білмеспек
Жұмбақбай атайдың сөзі
«Амансыңдар ма, балаларым! Ашық сабақ болады деп естіп, Білмеспекті ертіп келдім. Білмегенін үйренсін, сендер үйретіңдер. Мен де құр қол келген жоқпын: сендерге Ғажап дорба әкелдім. Ішінде тапсырмалар бар — орындап көріңдер!»
Жұмбақ
Қар, мұз еріп, су көбейіп,
Сай-саладан ағады.
Бүршік атып, жапырақ шашып —
Бұл қай кезде болады?
Дұрыс жауап: көктемде. Келесі тапсырмалар осы мезгілмен байланысты.
«Кім жылдам?»
«Ғажап дорбадан» буындар жазылған плакат шығады. Білмеспек көмектесе алмай қалады — балалар көмектеседі.
- Буындарды оқиды
- Буындардан сөз құрайды
- Сөздерді дұрыс дыбыстайды
«Дыбыстарды ажырату»
Көктем тақырыбындағы суреттер бойынша сөздерге дыбыстық талдау жасалады.
Сұрақ: Төлдерді, гүлдерді не істейміз?
Жауап: аялаймыз, қорғаймыз.
Сұрақ: Ойыншықтарды ше?
Жауап: сындырмаймыз.
Жұмыстар тексеріледі. Оқушылар тапсырманы дұрыс орындап, мадақталады.
«Кім тапқыр?» (жұптық жұмыс)
Карточкадағы сөздерді оқып, буындап, сөйлем құрау. 1 минут ішінде жұппен ақылдасып орындау.
Нәтиже: бірнеше жұп жауап береді, сөйлем құрау дағдысы бекітіледі.
Сергіту сәті (тыныс алып, өзіңе сенім қалыптастыру)
Оқушылар көздерін жұмып, қолдарын тізелеріне қойып, денесін бос ұстайды. Әуен тыңдайды.
Бүгінгі күн тамаша.
Мен өзімді жақсы сезінемін.
Мен өзіме сенімдімін.
Мен ақылды болып өсіп келемін.
Барлығы қолымнан келеді.
Сөзжұмбақ
Тақтада сөзжұмбақ шешіледі. Төмендегі сұрақтарға жауап беріп, сөздерді табайық:
-
1) Аспандағы жанып тұрған от.
Жауабы: күн
-
2) Жемістің аты.
Жауабы: өрік
-
3) Қоянның баласы.
Жауабы: көжек
-
4) Тәтті тағам.
Жауабы: торт
-
5) Лақтың анасы.
Жауабы: ешкі
-
6) «Ана» сөзінің орысшасы.
Жауабы: мама
Тігінен шыққан сөз: КӨКТЕМ.
Сөздерден не құралады? Сөйлем.
Көктем келді далаға.
Құстар ұшып келді.
Тапсырма: сөйлемдерді мәнерлеп оқу. Екі оқушы тақтада сөйлемнің графикалық сызбасын сызып, түсіндіреді.
Қорытынды тапсырма: тест
Жұмбақбай атайдың соңғы тапсырмасы — қысқа тест. Оқушылар жауапты қағазға белгілейді.
1) Қар қашан ериді?
A) қыста
Ә) көктемде
2) «Көктем» сөзінде неше буын бар?
A) 1
Ә) 2
3) «Құстың ұясын бұзба!» сөйлемінде неше сөз бар?
A) 2
Ә) 3
Қимылды сергіту өлеңі
Теңселеді ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Біп-биік боп өседі.
Жұмбақбай атай қорытындылайды: балалар тапсырмаларды толық әрі дұрыс орындады.
III. Рефлексия
Мұғалім Жұмбақбай атайға алғыс айтып, Білмеспектің сабақтан алған үлгісі мен жақсы қасиеттерін атап өтеді. Білмеспек балалармен бірге қалып, әлі де көп нәрсе үйренетіні айтылады.
Оқушылар өз жұмысына баға береді (2–3 оқушы пікір айтады).
Тілек сөздер
Күніміз ашық болсын!
Түніміз тыныш болсын!
Ауамыз таза болсын!
Суымыз мөлдір болсын!
Аман-сау болайық!
Автор туралы белгі
Толтырған: Шаяхметова Райгүл Адильхановна