Ұлттық валюта тақырыбын қорытындылау, өзге мемлекеттің валютасымен таныстыру
Сабақ барысы
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Құрметті қонақтар, қош келдіңіздер! Бүгінгі жиынымыз мектебіміздің 60 жылдық мерейтойына арналады. Кездесуіміздің өзегі — мемлекетіміздің рәміздерінің бірі, ұлттық валюта — теңге. Экономикалық дағдарыстан шығу жолдарын талқылау үшін сұрақтарға жауап беріп, есептер шығарамыз. Дөңгелек үстелдің жұмыс тілі — қазақ тілі екенін келісіп алайық.
Төраға
Рашидова Аманкүл
Көмекшілер
- Нұргүл
- Жанат
Журналист
Елшібай Жанат
Саммит жүргізушісі
Рамазан Нұргүл
Жүргізушінің кіріспе сөзі
Құрметті қазақстандықтар, сондай-ақ №112 орта мектебіне жиналған оқушылар мен ұстаздар! Аздан соң мектебіміздің 60 жылдық мерейтойына арналған экономикалық саммит отырысы басталады. Мақсатымыз — еліміздің ұлттық валютасын дәріптеу және өзге елдердің валюталарымен танысу.
Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында еліміздің аспаны ашық болсын, алдағы күндеріміз биік мұраттарға жетелеп, қуанышқа толы болсын!
Делегацияларды қарсы алу
Саммитке қатысушы елдерден келген өкілдер сыртта күтіп тұр. Қошеметпен қарсы алайық. Қонақжай қазақ жеріне қош келдіңіздер!
Бүгінгі жиынның басты мақсаты — бүкіл әлемді шарпыған экономикалық дағдарысқа қарсы әрекеттерді талқылау және ұлттық валютамызды насихаттау. Алдымен мемлекет өкілдері өздерін таныстырып, елдерінің экономикасына қысқаша шолу жасайды.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық валюта мен экономиканың қысқаша таныстырылымы
Ресей Федерациясы
Экономикаға қысқаша шолу
Америка Құрама Штаттары
Экономикаға қысқаша шолу
Қытай Халық Республикасы
Экономикаға қысқаша шолу
Қырғызстан Республикасы
Экономикаға қысқаша шолу
Өзбекстан Республикасы
Экономикаға қысқаша шолу
Музыкалық үзіліс
Дәурен мен Ерсұлтанның орындауындағы «Туған жер» әнін қабыл алыңыздар.
Валюта және экономика: қысқаша шолу
Дөңгелек үстелге қатысушы өкілдерден өз елдерінің валютасы мен экономикасы туралы қысқаша мәлімет беру сұралады. Алғаш болып Қазақстан Республикасының өкілі ұлттық валюта — теңгені таныстырады.
Қаржылық жаңалықтар
Журналист ұсынылған деректер бойынша саммитке қатысушы елдердің валюталарының теңгеге шаққандағы бағамын таныстырады:
Юань
1 юань = 22,06 тг
Доллар
1 доллар = 150,2 тг
Сум
1 сум = 0,8 тг
Сом
1 сом = 2,28 тг
Рубль
1 рубль = 4,82 тг
Практикалық бөлім: есептер
1-есеп
Слайдтағы тапсырмаАспазшы бірдей бағамен 5 қасық және 3 шанышқы сатып алды. Қасыққа 350 теңге жұмсады. Онда шанышқыға қанша теңге төледі?