Қалғаны неше үйрек

Математика 1-сынып Жаңа сабақ Аралас түр

Сабақтың тақырыбы: 4 санын қосу және азайту (презентация)

Сабақтың мақсаты

  • 4 санын қосу және азайтуды үйрету.
  • Оқушылардың ойлау, есте сақтау және танымдық қабілеттерін дамыту.
  • Әдемілікке, реттілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Ана тілі Дүниетану

Көрнекілігі

  • Сандар мен суреттер
  • Интерактивті тақта
  • Жетондар

Әдіс-тәсілдері

  • Түсіндіру, сұрақ-жауап
  • Көрсету, салыстыру, талдау
  • Қосу, жинақтау
  • ББҮ әдісі

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңдері оқушыны белсенді қатыстыруға, 4 санын қосу және азайтуды әртүрлі ойын, есеп және қимыл-әрекет арқылы меңгертуге бағытталған.

I

Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық дайындық (өлең жолдары):

Бүгін біздер баламыз, Өсіп алға барамыз. 2050 жылдары Біз де азамат боламыз. Терең білім аламыз, Тәрбиелі боламыз. Көркейтетін Отанын — Біз азамат боламыз.

II

Өткенді қайталау

№4 110-бет Салыстыру

Өрнектер

(2 + 4) ? (6 − 1)

Теңсіздік белгісін қойып салыстыр.

Мақсат

Қосу мен азайтуға сүйеніп, нәтижені салыстыру дағдысын бекіту.

Ой қозғау тапсырмалары

  1. Он асықтың үшеуін досың сұрап алды. Айтшы, сонда нешеуі өз қолыңда қалады?

  2. Аулада 5 үйрек, қорада 3 үйрек. Барлығы неше үйрек? Бір үйрек тығылды, бір үйрек жығылды. Қалғаны неше үйрек?

  3. Алты балапан жүр. Ұядағы күркеде екі жұмыртқа жатыр. Барлығы неше балапан болады?

III

Жаңа сабақ: 4 санын қосу және азайту

Сабақтың негізгі мақсаты — 4-ті қосу және 4-ті азайту тәсілдерін ойын арқылы меңгерту, есептеу дағдысын жетілдіру.

Ойын: «Кел, ойнайық!»

  • Балықтарды аквариумге орналастыр.
  • «Кім жылдам?» тапсырмасы.

Дәптермен жұмыс

Көркем жазу сәті:

10 10 10 10

№2 тапсырма

Қоян мен тиіннің тапсырмаларын орындау.

Ауызша Кеспе сандар
Қосу
6 + 4
Қосу
2 + 4
Азайту
9 − 4
Азайту
7 − 4
Азайту
8 − 4
Азайту
9 − 4
Қосу
3 + 4
Байланыс
4 + 4 = 8

Кері амал байланысы

4 + 4 = 8 8 − 4 = 4

Санау тапсырмасы

Үш-үштен аттап сана және сандарды ата:

  • Өсу ретімен: 4-тен бастап.
  • Кему ретімен: 10-нан бастап.

№5 есеп

Өрік — 3

Шие — 4

Шешуі: 3 + 4 = 7
Жауабы: 7 ағаш.

Сергіту сәті

«Бұғы» қимыл-қозғалыс өлеңі:

Бұғының үлкен үйі бар, Терезеден қарайды ол. Қоян жүгіріп келеді, Бұғының үйін көреді. Түк-туқ, досым, есікті аш, Ана орманда аңшы қаш. Қоян, қоян, келе ғойшы, Қолыңды маған бере ғойшы.

Жұптық тапсырма

Әр партаға кеспе фигуралар таратылады. Оқушылар сол фигуралардан сурет құрастырады.

Ойын: «Айырмашылығын тап»

Суреттерден 8 айырмашылықты анықта.

IV

Бекіту (ББҮ әдісі)

Білемін

Бүгін біз қандай санды қосып, азайттық?

Білдім

Қандай тапсырмалар орындадық?

Үйренгім келеді

Саған қай тапсырма көбірек ұнады? Неліктен?

V

Бағалау

Сабақ барысында жиналған жетондар (сыйлықтар) саналады. Кім көп жетон жинаса, сол бойынша оқушының жұмысы бағаланады.

VI

Үй тапсырмасы

Кесінділердің ұзындықтарын салыстырып келу.