ӨРЗИЯ - асқан сұлу, әдемі қыз
Қыз есімдерінің мағынасы мен шығу тегі
Төмендегі есімдер әртүрлі тілдерден (араб, иран, грек, түркі) енген. Мағыналары — мінез, сұлулық, мейірім, парасат, нұр мен гүл бейнелері арқылы ашылады.
Өміргүл — Өрзия
Өміргүл
Өмірдің қуанышы, жайнаған гүлі.
Өмірше
Араб тілінен: өмір бақи, мәңгілік.
Өнеге
Үлгі, тәрбие.
Өрбике
Қазақ тіліндегі «өр» (паң, ерекше, ерен) ұғымымен сабақтас. Бике, бикеш — ханзада, ханша мағынасында; яғни ерекше, асыл туған бикеш.
Өрзия
Асқан сұлу, көрікті қыз.
Пана — Перизат
Пана
Иран тілінен: панаһ — сая, қорғаныш, таса.
Парасат
Араб тілінен: ақыл, сана.
Парзан
Иран тілінен: фарзане — данышпан, ғұлама; ақылды.
Перизат
Иран тілінен: пері + зат. Мағынасы — әдемі, сұлу, асқан көркем қыз.
Рабия — Рухия
Рабия
Араб тілінен: тәрбиелеуші, тәрбие беруші.
Райгүл
Араб тілінен: райхан гүлі.
Райса
Грек тілінен: биязы, жұмсақ, жөн білгіш.
Райхан
Араб тілінен: хош иісті гүл.
Расима
Араб тілінен: рәсім, әдетті берік ұстанушы.
Рауза
Араб тілінен: бақша, гүл бағы, көгал; көрікті орын.
Раушан
Иран тілінен: рәушан — жарық, нұрлы, сәулетті; айқын, таза.
Рафиһа
Араб тілінен: рафиқ — қайырымды, жомарт, мәрт; серік, жолдас, дос. Яғни қайырымды, жомарт, достыққа берік қыз.
Рахила
Араб және тәжік тілдерінен: пысық, елгезек қыз.
Рахима
Араб тілінен: мейірімді, қайырымды, рақымды.
Рахия
Араб тілінен: көңіл аударушы, сүйкімді, әсем.
Рашида
Араб тілінен: рашид — бастаушы, бағыт беруші.
Рәбиға
Араб тілінен: төртінші; төртінші қыз. Сондай-ақ көктем, көктем мезгілі; жолдас, серік.
Рәзия
Араб тілінен: жағымды, ұнамды, сүйкімді, сүйікті; риза, разы; қалаулы.
Рәш
Араб тілінен: сіркіреп жауған майда жауын.
Роза
Роза гүлінің атауынан қойылған есім.
Руслана
Көне түркі тілдік қолданыстағы «Руслан» есімінен қойылған қыз есімі.
Руфия
Иран тілінен: алтын немесе күміс тиын.
Рухия
Иран тілінен: көңіл күй, рух.