Аймақтық компонент
Бұл сабақ сыни тұрғыдан ойлау, жазу және аймақтық компонент технологияларының әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы өткізілді. Павлодар өңіріндегі кептер түрлері алдын ала ізденіс жұмысы ретінде анықталды.
Пән
Әдебиеттік оқу
Тақырып
Ә. Шынбатыров — «Ақ кептер»
Сабақтың түрі
Ізденіс, мәтін талдау
Білімділік мақсат
Кептер түрлері туралы түсінік беру, әңгіменің мазмұнына сыни көзқарас қалыптастыру.
Дамытушылық мақсат
Мәтінмен сауатты жұмыс істеуге үйрету, ойды еркін әрі дәл жеткізуге жетелеу.
Тәрбиелік мақсат
Табиғатты қорғауға, гумандық көзқарас пен адамгершілікке баулу.
Көрнекіліктер мен ресурстар
- Үнтаспадағы кептердің дыбысы
- Кептер түрлері бойынша материалдар, баннер
Қолданылған әдіс-тәсілдер
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылар «Бүркіттер», «Қарлығаштар», «Аққулар», «Бұлбұлдар» топтарына бөлінеді. Әр оқушы №1, №2, №3, №4 нөмірлі бейджиктерді тағады.
Қызығушылықты ояту: «Ой қозғау»
- Үнтаспадан кептердің дыбысын тыңдау.
- Үй тапсырмасы: кептерлер туралы мәлімет дайындау.
- «Кептерлер туралы не білдіңдер?» — 4 оқушы жауап береді.
Тақырыпқа шығу және мақсат қою
Оқушылар бүгінгі сабақтың тақырыбының кептер туралы екенін анықтайды: Ә. Шынбатыровтың «Ақ кептер» әңгімесі. Оқулықтағы суретке қарап, мұғаліммен бірге сабақ мақсатын нақтылайды: кептерлер туралы білімді толықтыру және әңгіменің кейіпкері Еркіннің кептермен кездесуі мен мінез-құлқын талдау.
II. Мағынаны ажырату
Мәтін кезекпен мәнерлеп оқылады, мазмұны бойынша 4 бөлімге бөлінеді (бір оқушы мәтінді мәнерлеп оқиды).
ЖИКСО стратегиясы (№1–№4)
- 1 Әр топ өз бөлігін оқиды.
- 2 Негізгі ойды анықтайды (жеке және жұппен ойлану).
- 3 Топ болып бөлімге ат қояды, мазмұнын әңгімелейді.
- 4 Оқушылар өз орындарына қайта оралады.
- 5 Әр бөлімнің идеясын ашып, ортақ қорытынды жасайды.
- 6 Әр топтың спикері қорғап шығады.
Сергіту сәті
«Ақ көгершін» әнін үнтаспадан тыңдай отырып, қимыл-қозғалыспен билеу орындалады.
Аналитикалық әңгімелесу
Мұғалім оқушыларды дәлелді пікір айтуға жетелейді. Талқылау сұрақтары:
- Еркін неге кешікті?
- Әжесі Еркінге неліктен риза болды?
- Еркін кептерді қалай күтті?
- Еркін қандай бала?
- Кептердің адамдарға жақындығы қай кезде байқалады?
- Еркін болашақта қандай азамат болады деп ойлайсыңдар?
Аймақтық компонент
«Павлодар өңірінде қандай кептерлер тіршілік етеді?» сұрағына жауап беру үшін мәліметтер 4 топқа бөлініп беріледі. Әр топ өз түсінігін айтып, ортақ ақпаратты толықтырады.
Тұжырымдау және қорытынды
Кептер туралы
Кептер — достыққа бейім, адамға жақын жүретін құс.
Символдық мәні
Көгершін — бейбітшіліктің символы, бір-біріне адал құс.
Тарихи дерек
Ерте заманда көгершіндер хат тасып, адамдардың хабар алмасуына көмектескен.
Рефлексия
Оқушылар өз көзқарастарын саралайды: құстарға және табиғатқа жауапкершілікпен қарау қажет. Құстарға жем салу, ұя жасап көмектесу маңызды; тас лақтыруға, жарақаттауға болмайды.
Үй тапсырмасы
- Әңгіменің мазмұнын толық меңгеру.
- Осы әңгімеге ұқсас шығарма тауып, оқып келу.
Павлодар қаласы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі — Картабаева Динара Гиззатовна
Бағалау: бағалау парағы бойынша жүзеге асырылады.