Дара сөздер
Автор туралы мәлімет
Базарова Ақкенже Мырзақызы — Астана қаласы, №53 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі.
Сабақ тақырыбы
Дара сөздер мен күрделі сөздер
Сабақтың технологиясы
Сатылай комплексті талдау.
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ-жауап, түсіндіру.
Көрнекіліктер
- Плакат
- Сызба-нұсқалар
- Бағалау парақтары
Үй тапсырмасы (алдыңғы)
Үйге: 71-жаттығу. Сөздердің түбірі мен қосымшаларын дефис арқылы ажыратып келу.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Дара сөздер мен күрделі сөздер туралы түсінік беру.
Тәрбиелік
Жаттығу жұмыстары арқылы сөздің мәні мен мағынасын түсінуге баулу, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық
Күрделі сөздер арқылы жаңа сөз тудыру жолдарын меңгерту, ой-өрісті дамыту, есте сақтау қабілетін арттыру.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен «Қызығамын» атты психологиялық сауалнама жүргізу.
II. Үй тапсырмасын сұрау
Үйге берілген 71-жаттығу тексеріледі: сөздердің түбірі мен қосымшаларын дефис арқылы ажырату.
III. Жаңа сабақ
Тақтаға «Дара сөздер мен күрделі сөздер» тақырыбы жазылған плакат ілінеді. Осы сәтте мұғалім өткен сабақтағы түбір мен қосымшаны жаңа тақырыппен — дара және күрделі сөздермен байланыстырып түсіндіреді.
Сызба-нұсқалар тақтаға ілінеді. Бірнеше сөзге сатылай комплексті талдау жасалып, үлгі көрсетіледі.
Сатылай комплексті талдау үлгісі: «Аспазшы»
- Құрамы: ас + паз + шы (үш құрамнан тұрады).
- Тұлғасына қарай: туынды сөз (синтетикалық/морфологиялық тәсілмен түбір сөзге сөз тудырушы -паз, -шы жұрнақтары жалғану арқылы жасалған).
- Құрылысына қарай: дара (туынды түбірден тұрады).
- Мағынасы: бір лексикалық және бір грамматикалық мағына береді.
- Лексикалық мағынасы: кәсіп иесінің атауы.
- Грамматикалық мағынасы: зат есім.
- Сұрағы: кім?
- Мағынасына қарай: жалпы, жанды, деректі, нақты (көзбен көруге, қолмен ұстауға болатындықтан).
Дара және күрделі сөздер: үлгілер кестесі
Дара сөздер
Күрделі сөздер
Біріккен сөздер
Қос сөздер
Қысқарған сөздер
Тіркесті сөздер
Тапсырма: сөздерді тиісті бағанға орналастыру. Дұрыс кестеге — «+», дұрыс емес кестенің астына — «-» белгісі қойылады. Бұл жұмыс жаңа тақырыптың қаншалықты меңгерілгенін анықтауға көмектеседі.
Оқулықпен жұмыс: 75-жаттығу
Әр оқушыға сызбасы бар парақтар таратылып, берілген сөздерді дара және күрделі сөздерге бөліп орналастыру тапсырылады. Бұл сызбада тек сөздер жазылады, тиісті белгілеулерді оқушылар өздері қояды. Соңында парақтар жиналып, бірден тексеріліп, бағаланады.
Сөздер (іріктеу үшін)
Бөлу схемасы
Дара
Жеке сөздер (түбір/туынды түбір) осы бөлімге жазылады.
Күрделі
Біріккен, қос, қысқарған, тіркесті сөздер осы бөлімге жазылады.
IV. Жаңа сабақты пысықтау сұрақтары
- Жаңа мағынаға ие болатын күрделі сөздің түрін ата.
- Кіріккен сөз күрделі сөздің қай түріне жатады?
- Дара сөз бен күрделі сөздің өзіндік ерекшеліктерін ата (теория).
V. Қорытындылау
Сабаққа белсене қатысқан оқушылар бағаланады.
Үйге: 77-жаттығу. Берілген күрделі сөздерге сатылай комплексті талдау жасап келу.