Жоқ дәрігер Айболит біз бәріміз саумыз

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы — №9 «Балауса» балабақшасы. Мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі: Шынар Мүберекова.

(Топ бөлмесі мерекеге сай безендірілген.)

Мерекелік құттықтау

Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар, «Арайлы Алтын күз» атты мерекелік ертеңгілігіміздің қонақтары! Баршаңызды Алтын күз мерекесімен құттықтаймыз. Биылғы 2012 жылдың «Арайлы Алтын күзі» отбасыларыңызға береке, құт-ырыс әкелсін!

№9 «Балауса» балабақшасының «Балдырған» тобымен мерекелік ертеңгілігімізді ашуға рұқсат етіңіздер!

I бөлім. «Көкөністер таласы»

Қатысушылар

  • Жуа
  • Қызанақ
  • Қияр
  • Қызылша
  • Сәбіз
  • Капуста
  • Картоп

Кіріспе

Тәрбиеші: Қияр менен қызанақ бір күні жанжалдасып, көкөністер арасында күңкіл туғызады.

Көкөністер: «Арамызда ең қадірлі кім? Адамзатқа пайдалы, ең қажетіміз кім?»

Осы сәтте жуа жылап шығады.

Көкөністердің сөздері

Жуа

Арамызда, достарым, жасыл түсті баламын. Айтқаным болмаса, жылатып өш аламын.

Капуста

Маған да сөз берсеңші: борщ менен жасалар. Адамзатқа пайдалы — адал еңбегім бар.

Қияр

Мен қиярмын, мақтанбай қалай тұрармын? Сендерден бұрын мен пісіп, дастарханда тұрармын.

Қызылша

Мен әдемі қызылшамын, қабыл ал менің сәлемім. Мақтанбай-ақ біледі мені барлық әлемің.

Сәбіз

Дәруменнің өзімін, адамзатқа пайдам көп. Мен кәдімгі сәбізбін — бәріңнен де пайдам көп.

Қызанақ

Көп сөйлеме, сәбіз сен, тоқтасаңшы азырақ. Мен тұрғанда мақтанба — бұл мен, көкең қызанақ!

Картоп

Таласпаймын ешкіммен, өз орнымды білемін. Өйткені мен картоппын — керегім белгілі.

Татуласу және қорытынды

Тәрбиеші: Тоқтатайық таласты, керегі не жанжалдың? Адамзатқа пайдалы — бәрің де қажетсіңдер!

Осы кезде есік қағылып, дәрігер Айболит кіреді.

Көкөністер: Саламатсыз ба, дәрігер Айболит!

Айболит: Аманбысыздар, достарым! Бұл не тартыс, неге таласып қалдыңдар?

Тәрбиеші: Дәрумені көп, ауруға ем болатын көкөністің қайсысы адамға көбірек қажет — дауымыз осы, Айболит атай.

Айболит: Дені сау, күшті болатын баланың сүйіктісі — көкөністер. Орны бөлек, дара: бәрің де керексіңдер!

Айболит (ойланып): Осы араларыңда кім науқас?

Тәрбиеші: Жоқ, дәрігер Айболит, біз бәріміз саумыз.

Айболит: Мүмкін, мен адресті шатастырған шығармын… Көзілдірігім қайда? Қағазды оқи алмай тұрмын.

Тәрбиеші: Дұрыс, біздің балабақшаға, біздің топқа келдіңіз. Шақыруды біз жібердік — ертеңгілігіміздің қонағы болсын деп.

Айболит: Ой, қандай қуаныш! Дендерің сау болса, онда мен сендермен біргемін.

(Айболит төрге отырады.)

Көкөністер биі

Музыкалық нөмір: «Көкөністер биі».

Дамира

Қуандырып біздерді мерекелі күз келді. Кел, жемісті Алтын күз, кемелденсін халқымыз!

Айбек

Астық-жеміс жиналды, қамбамызға құйылды. Ардақты күз, мың алғыс — алдық өнім сыйыңды!

Айжан

Көбейді құт-береке, астық толы қоймамыз. Құтты болсын мереке — Алтын күзді тойлаймыз!

Хор

«Күз жомарт»

Күз аруын қарсы алу

Тәрбиеші: Тобымыздан біз бүгін Күз аруын таңдайық. Жеміс болып киінген аруларды ортаға шақырайық!

Жемістер таныстыруы

Алма (Айзере)

Алма бақта алмамын, өте тәтті бар дәмім. Алтын күздің сыйымын, дәруменнің бірімін.

Алмұрт

Алмұрт деген жеміспін, күз айында мен пістім. Дастарханның сәнімін, мені сүйер бүлдіршін.

Шие

Мен кәдімгі шиемін, бәрінен ерте пісемін. Бау-бақшаның сәнімін, өз орнымды білемін.

Жүзім

Жүзіммін, күздің жемісімін. Мөлдіреген моншақтай — сабағыма тізілдім.

II бөлім. Өзін-өзі таныстыру

Айзере

Тегім — Әнуарбек, әкемнің аты — Әлішер. Отбасымның қызымын, атым — Айзере. Гүлмирадай анашымнан өнеге алдым. Жасым — алтыға аяқ бастым.

Мейрамкүл

Мейрамкүл — менің есімім, алты жастың есігін аштым. Айна анам тәрбиелеп өсірді. Тегім — Шарапат, Қонақбайдың қызымын.

Ақторғын

Атым — Ақторғын. Руым — Малбике. Тегім — Самұрат. Ұлықпан мен Маржанның қызымын.

Таңшолпан

Атым — Таңшолпан. Жақайымның Байбегі. Атам — ардақты Сайлау, әжем — салмақты Сайлаукүл. Тәлімді өз ұямнан алдым.

III бөлім. Шығармашылық жұмыс

Қағаз бетіне жеміс пішіндерін жапсыру.

Би нөмірі

Бір топ бишілер: грузин биі — «Лезгинка».

IV бөлім. Өз өнерлерін көрсету

  • Айзере: өзбек биі.
  • Мейрамкүл: күз туралы өлең оқиды.
  • Ақторғын: санамақ жаттайды.
  • Таңшолпан: түрік биі.

V бөлім. Жұмбақ шешу

Қатысушылар жұмбақтардың жауабын табады. Әділқазылар бағаларын беріп, номинациялар бойынша марапаттайды.

Номинация

Алтын күз — Аруы

Номинация

Алтын күз — Сұлуы

Номинация

Алтын күз — Жанары

Номинация

Алтын күз — Арайы

Хор

«Күз келгенде» әні

Қорытынды сөз

Тәрбиеші: Құрметті қонақтар! Бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтай отырып, қуанышпен кештің куәсі болғандарыңыз үшін шынайы ризашылығымызды білдіреміз.

Бүлдіршіндерге арнау

Рахмет, балалар, өнерлеріңе!

Уақыт өтпес тірліксіз,

Бақыт келмес бірліксіз.

Талмай еңбек етіңдер,

Сабақтарыңды жақсы оқып,

Қыстан аман өтіңдер!