Табиғи және қолдан жасалған екіге бүктелген, қатпарлап бүктелген қағаздардан түрлі симметриялық пішіндерді қиып алу
«Әдемі көбелек» (мозаика техникасындағы заттық аппликация)
Бұл оқу қызметі балалардың геометриялық пішіндер арқылы бірнеше бөліктен тұратын бейнені құрастыруына, қағазды симметриямен қиып алуға және жұмыс орнын ұқыпты ұйымдастыруына бағытталған.
Мектеп
№201 мектеп-лицей
Педагог
Григорьева Р.
Тақырып
Әдемі көбелек
Оқыту мақсаттары
0.1.1.3
Елестету арқылы геометриялық пішіндер негізінде бірнеше бөліктен тұратын заттық аппликация құрастыру; бөлшектерді жапсыру бірізділігін дұрыс қолданып, тұтас ойыншық бейнесін жасау немесе қисық жыртылған қағаздан жұмсақ ойыншық бейнесін құрастыру.
0.2.1.3
Табиғи және қолдан жасалған қағазды екіге бүктеу және қатпарлап бүктеу арқылы түрлі симметриялық пішіндерді қиып алу.
0.2.2.4
Жұмыс барысында жұмыс орнын және құралдарды ретке келтіру.
Күтілетін нәтижелер
Барлық тәрбиеленушілер
- Геометриялық фигуралар негізінде бірнеше бөліктен тұратын аппликация құрастыра алады.
- Екіге бүктелген және қатпарланып бүктелген қағаздан симметриялы пішіндерді қия алады.
- Жұмыс барысында жұмыс орнын және құралдарын ретке келтіре алады.
Көптеген тәрбиеленушілер
- Бөлшектерді жапсыру кезектілігін дұрыс қолдана алады.
- Аппликацияда бейнелеу құралы ретінде түсті орынды пайдалана алады.
Кейбір тәрбиеленушілер
- Таныс техникаларды өз бетімен үйлестіріп қолдана алады.
- Композиция заңдарын пайдаланып, жұмысын негіздей алады.
Тілдік мақсаттар және коммуникация
Дағдыларды дамыту
- Аппликация жасауға қатысты ойлар ұсыну.
- Жұмыс әдістері мен орындалу кезектілігі туралы айту.
- Сұрақтарға жауап беру, бұрын меңгерілген біліктерді еске түсіру.
- Қазақ және ағылшын тілдеріндегі таныс сөздерді есту арқылы тану.
- Материалдарды мақсатқа жету үшін қолдану жолдарын талқылау.
- Шығармашылық процесінде мүмкін болатын шешімдерді қарастыру.
- Өзінің және өзгенің жұмысын түсіндіру.
Көптілділік
Көбелек — бабочка — butterfly
Негізгі терминдер
Талқылауға арналған сұрақтар
- Мозаика дегеніміз не?
- Қандай геометриялық фигуралардан мозаика құрастыруға болады?
- Қағазды қандай тәсілдермен қиюға болады?
- Желімді қалай дұрыс қолданамыз?
- Мозаика техникасындағы суреттерді қай жерден кездестіруге болады?
- Бізге қандай түстер қажет болады?
Алдыңғы білім
Қазақстанның жануарлар әлемі туралы бастапқы түсінік және зат құрылымы туралы білім.
Қайшымен жұмыс істеу дағдылары
- Жолақтарды тіктөртбұрыш етіп қию.
- Шаршыларды үшбұрыш етіп қию.
- Шаршы мен тіктөртбұрыштың бұрыштарын қиып, дөңгелек және сопақша пішіндер жасау.
І кезең. Оң көңіл күй орнату (ұжымдық жұмыс)
Оқу қызметін жылы атмосферада бастау үшін балалар қимыл-қозғалыспен орындалатын қысқа өлең жолдарын айтады.
Қимылмен айтылатын өлең
Аспанда күн жарқырайды! (Балалар қолдарын жоғары созып, тік тұрады.)
Алтын сәуле шашырайды. (Алақандарын жоғары қаратып, қолдарын алға созады.)
Қолымды алақаныңа салайын, (Жұптарға бөлініп, бір-біріне қолдарын созады.)
Сенімен бірге шыр айналайын. (Жұптасып айналады.)
Екеуміз бірге шалғынға барамыз, (Қол ұстасып, тізбектеліп тұрады.)
Ол жерде шеңберге тұрамыз. (Шеңбер құрып тұрады.)
Шыр айналып, ән айтамыз,
Күнмен бірге айналамыз. (Айналып жүреді.)
Қуана шапалақтаймыз, (Шапалақтайды.)
Жылдам-жылдам адымдаймыз. (Жылдам жүреді.)
Күн батты, демалуға кетті. (Отырып, қолдарымен басын жабады, кейін қолдарын бір жақ бетінің астына қояды.)
Біз ораламыз, орнымызға жайғасамыз.
Қауіпсіздік және ұқыптылық ескертпесі
- Қайшыны дұрыс ұстап, жұмыс соңында орнына қою.
- Желімді аз мөлшерде пайдаланып, қағазды былғамау.
- Құралдарды жинақы ұстап, жұмыс орнын таза ұстау.