Құсты атпа
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту.
Тақырыбы
Құстар — біздің досымыз
Көрнекілігі мен әдістері
- Көрнекілігі: құстардың суреттері
- Әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, ойын, шығармашылық жұмыс
- Билингвалдық компонент: құстар — птицы
Мақсаты
Ақпараттық-құзыреттілік
Құстар туралы жалпы түсінік қалыптастыру: олардың тіршілігі, ерекшелігі және табиғатқа тигізетін пайдасы туралы мағлұмат беру.
Коммуникативтік-құзыреттілік
Балалардың белсенділігін, қызығушылығын, сөздік қорын және ой-өрісін дамыту; өз ойын жүйелі айтуға ынталандыру.
Проблеманы шешу құзыреттілігі
Құстарды қорғауға, қамқор болуға, табиғатты сүюге тәрбиелеу және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Іс-әрекет кезеңдері
1) Ұйымдастыру: «Шаттық шеңбері»
Нұр құшып әлемге
Арайлап таң атты
Жарқырап күніміз
Жер-көкті оятты
Қайырлы таң, қайырлы күн!
Сұрақтар
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?
Қызықтыру
«Сиқырлы баққа барғыларың келе ме? Онда сап түзеп, бірге жолға шығайық!»
2) Қозғалыс арқылы саяхат: «Сиқырлы баққа жол»
Біз келеміз адымдап,
Жол ізімен арындап.
1, 2, 3, 4 —
Қолды жоғары көтеріп,
Биіктерге жетеміз,
Үп-үлкен боп өсеміз.
Қолды жанға созамыз,
Топ-топ етіп басамыз,
Алға қарай асамыз.
«Міне, сиқырлы баққа да келдік. Қандай әсем бақ! Сендерге ұнай ма? Бақта нелер өсіп тұр?»
3) Кейіпкермен кездесу: Тауыс құсының шарттары
Тауыс құсы: «Өз бағыма қонайын деп ұшып келсем, сендер де келіп қалыпсыңдар. Жарайды, менің бірнеше шартым бар. Орындасаңдар, қонақ етемін әрі сыйлығым да бар!»
1-шарт: Қандай құстарды білесіңдер?
Тәрбиеші балалардың жауаптарын толықтырады: құстар дала құстары және үй құстары болып бөлінеді. «Ал үйлеріңде қандай құс бар?»
2-шарт: Құстар туралы тақпақ
Айназ:
Мен торғаймын, торғаймын,
Жерге бекер қонбаймын.
Құрт-құмырсқа, шіркейден
Ақ бидайды қорғаймын.
Армат:
Шыр-шыр еткен торғайды
Қорғамасақ болмайды.
Кіп-кішкене торғайлар
Ағаштарды қорғайды.
3-шарт: Тыйым сөздер
- Құсты атпа.
- Құстың жұмыртқасын жарма.
- Құстың ұясын бұзба.
- Аққуды атпа, досыңды сатпа.
4-шарт: «Қандай құстың дауысы?»
Дыбыстарды тыңдап, құсты ажырату ойыны (тәрбиеші құстардың дауысын қосады).
Орталықтарға бөліну
I орталық: Ғылыми-ізденіс
Мақсат: құстардың сыртқы белгілерін, мекенін, қорегін және ерекшеліктерін салыстыра білу.
Қараторғай
- Түсі: қара
- Көлемі: торғайдан сәл үлкен
- Ұясы: үйшіктерге, ағаш қуыстарына, тастың арасына салады
- Қорегі: маса, құрт, шіркей, жауын құрты
- Түрі: жыл құсы
- Ерекшелігі: өзге құстардың дауысын сала алады
Тырна
- Түсі: сұр
- Көлемі: ірі, кең қанатты; мойны, аяғы, тұмсығы ұзын
- Ұясы: қамыс арасына, батпақты жерге салады
- Қорегі: батпақ шөбі, жемістер, бақа, қоңыз, құрт
- Түрі: жыл құсы
- Ерекшелігі: көбіне бір балапан басады; екі балапан шықса, әлсізі тірі қалмауы мүмкін
Қарлығаш
- Түсі: бауыры ақ, қалған жері қара
- Көлемі: шағын; қанаты сүйір, құйрығы айыр
- Ұясы: саз-балшықтан қалап, сілекейімен бекітеді
- Қорегі: шыбын, маса, шіркей
- Түрі: жыл құсы
- Ерекшелігі: адамға жақын, кейде үй ішіне де ұя салады
Тоқылдақ
- Түсі: шұбар
- Көлемі: торғайдан ірі; өте шапшаң
- Ұясы: ағаш діңін ойып жасайды; үгіндіні жұмсақ төсеніш ретінде пайдаланады
- Қорегі: ағашты тесіп, құрттарды теріп жейді
- Түрі: қыстап қалатын құс
- Ерекшелігі: «орман дәрігері» аталады
Сауысқан
- Түсі: қара ала
- Көлемі: торғайдан ірі; құйрығы ұзын
- Ұясы: ағаш басына бұтақ пен шөптен салады
- Қорегі: кейде өзге құстардың жұмыртқасы мен балапанына зиян келтіруі мүмкін
- Түрі: қыстап қалатын құс
- Ерекшелігі: жылтыр заттарға әуес
Бүркіт
- Түсі: қоңыр
- Көлемі: ірі, жыртқыш құс
- Ұясы: биік жартастарға, бұтақтардан тоқып салады
- Қорегі: құстар, қоян, түлкі, тышқан
II орталық: Қатынас
Құстардың түрі өте көп. Жабайы құстар табиғатта өздігінен тіршілік етеді. Құстар табиғаттың байлығы саналатын ағаштар мен өсімдіктерді зиянкес жәндіктерден тазартады.
Құстар бір орында тұрмайды: бір жерден екінші жерге ұшып-қонып жүреді. Барлық құстарға ортақ белгі — олардың ұша алуы, қанаты мен тұмсығының болуы.
Олар жұмыртқалайды, жұмыртқа басып, балапан шығарады. Дегенмен құстардың дене көлемі, пішіні, тұмсығы, түсі, дыбысы және тіршілік ету ортасы бірдей емес.
Құстардың адамға да пайдасы бар: етін, мамығын, жүнін, жұмыртқасын тұрмыста қолданамыз.
Ойын: «Не артық?»
Суреттер ішінен артық затты тауып, неге артық екенін дәлелдеу.
III орталық: Шығармашылық
Құстарға арнап ұяның суретін салу (қиялдау, композиция құру, ұқыптылыққа баулу).
Тапсырма
«Құс ұясы» тақырыбында сурет саламыз: ұяның қайда орналасатынын, қандай материалдан жасалғанын бейнелейміз.
Уақыт
7 минуттан кейін балалар фишкаларын ауыстырып, келесі әрекетке өтеді.
Сергіту сәті
Қане, қанат жазайық,
Мойнымызды созайық.
1, 2, 3 — Құс аспанға ұш!
1, 2, 3 — Құс аспаннан түс!
Құстар жем жейді,
Құстар су ішеді.
1, 2, 3 — Құс аспанға ұш!
Қанат жазам жан-жаққа,
Талпынғандай ұшуға.
Иіліп кеп қол созам,
Аяғымның ұшына.
Қорытынды бөлім
Балалар ортаға жиналып, әр орталықтың жұмыс нәтижесін таныстырады: ғылыми мәліметтер, сөйлесу қорытындысы және шығармашылық жұмыстар.
Тауыс құсы: «Сендер құстар туралы көп нәрсе біледі екенсіңдер. Білімдеріңе риза болдым, енді сыйлық беремін!»
Балаларға құс суреттері таратылады.
Автор туралы мәлімет
Ұйым
БҚО, Ақжайық ауданы, «Айгөлек» МДҰ.
Тәрбиеші
Жұмабаева Г. К. (I санатты).