Сабақты сұрақтар қою арқылы қорыту

Сабақ тақырыбы

К. Сегізбайұлы — «Құмырсқалар»

Сабақтың мақсаты

  1. 1) Оқушыларға К. Сегізбайұлы туралы мәлімет беру; мәтін мазмұнын меңгерту; ойды жүйелі жинақтап айтуға үйрету; білім қорын жаңа ақпаратпен толықтыру.
  2. 2) Сұрақ-жауап арқылы жан-жақты ойлауға, ұжыммен жұмыс істеуге дағдыландыру; шығармашылық қабілеттерін дамыту.
  3. 3) Мейірімділікке, достыққа, табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Сабақ туралы қысқаша

Сабақтың түрі
Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі
Сұрақ-жауап, әңгімелеу
Пәнаралық байланыс
Дүниетану
Көрнекілігі
Автордың портреті, құмырсқаның суреті

Негізгі идея

Мәтін арқылы оқушылар бірліктің күші, қамқорлық және табиғатқа жанашырлық сияқты құндылықтарды ұғынады.

Түйін

«Бірлік болмай, тірлік болмас.»

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылардың назарын оқу үдерісіне және мұғалімге аудару.
  • Сыныптың жұмысқа дайындығын тексеру.

2) Психологиялық сәт (тілек)

Тілек шөлермей гүл тұрсын,
Жерім жайнап құлпырсын.
Нұрын сыйлап біздерге,
Көкте мәңгі күн тұрсын.
Ортақ бізге туыстық,
Ыстық бізге кең өлке,
Ыстық бізге тыныштық.

3) Үй тапсырмасын тексеру: «Алтын балық»

Оқушылар мәтін мазмұнын айтады: шығарманы 4 бөлікке бөліп, үш қатардан 4 оқушыдан сұралады.

№3 тапсырма

«Егер алтын балық ұстап алсаң, не тілер едің?» Тілек жазуды мынадай сөздермен бастау ұсынылады: «Қымбатты су патшасы…»

Қорытынды сұрақтар

  1. 1. Әңгімедегі басты кейіпкер кім?
  2. 2. Шөкі қармағына түскен балықтан қандай тілек тіледі?
  3. 3. Баланың тілегі орындалды ма?

4) Жаңа сабаққа кіріспе: сергіту ойыны

Слайдта әріптер ретсіз беріледі: Қ Р А Ы М Ұ С Қ. Оқушылар мүмкіндігінше көп сөз құрастырады: құм, мыс, құмыра, құрақ. Ең ұзақ сөз — ҚҰМЫРСҚА.

Осыдан кейін сабақтың жаңа тақырыбы жарияланады: Кәдірбек Сегізбайұлының «Құмырсқалар» шығармасы.

5) Автор туралы қысқаша мәлімет

  • Кәдірбек Сегізбайұлы 1941 жылы 1 маусымда дүниеге келген.
  • Туған жері: Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Жарсу ауылы.
  • 1960 жылы Зайсан қаласындағы қазақ орта мектебін бітірген.
  • Ең алғашқы әңгімесі 1968 жылы жарық көрген.
  • Белгілі шығармалары: «Ашылмаған сыр», «Менің генералым», «Шыңғысханнан Әмір Темірге дейін».

6) Мәтінмен жұмыс: «Құмырсқалар»

Мәтін мазмұны бөлімдерге бөлініп түсіндіріледі және иллюстрациялар арқылы нақтыланады.

  1. 1-бөлім: Ләйлә туралы (сурет көрсетіледі).
  2. 2-бөлім: Ләйләнің көршісіне жүгіріп келуі (слайд).
  3. 3-бөлім: Құмырсқалардың «майданы».
  4. 4-бөлім: Қызыл құмырсқалардың күш біріктіруі.

Оқу тапсырмасы

Мәтінді оқушылар өздері оқып шығады: әр қатардан кезекпен оқыту ұйымдастырылады.

Қысқаша дерек

Құмырсқалар туралы мәлімет дүниетану пәнімен байланыстырылады: «Құмырсқалар туралы біз қай пәннен оқып білдік?» деген сұрақ арқылы пәнаралық байланыс жасалады.

7) Дәптермен жұмыс

  • Күннің жадын жазу.
  • Тақырып: К. Сегізбайұлы. «Құмырсқалар».

8) Шығармашылық тапсырмалар

1-қатар

Ләйләға мінездеме беру.

2-қатар

Құмырсқаның суретін салу.

3-қатар

«Табиғаттың қатал заңы» ұғымын қалай түсінетінін жазу.

9) Сабақты қорытындылау (сұрақтар)

  1. 1. Осы мәтінде өздеріңе не ұнады?
  2. 2. Әңгімеден құмырсқалардың төбелесі туралы үзіндіні тауып, оқыңдар.
  3. 3. Ләйләнің құмырсқаға жанашыр болған сөзін тауып, оқыңдар.
  4. 4. Ләйлә ертеңіне неге қуанды?

Бағалау

Оқушылардың жауабы мен белсенділігі мадақтау сөздер арқылы бағаланады.