Қандай дыбыс
Сабақ тақырыбы: «К» дыбысы мен әрпі
Сабақ түрі
Жаңа сабақ.
Әдіс-тәсілдер
- Сұрақ-жауап
- Суретпен жұмыс
- Топтастыру стратегиясы
- Дидактикалық ойындар
Білімділік
Балаларды «К» дыбысы және әрпімен таныстыру. Сөздерді буынға бөлуге және буындарды оқуға үйрету.
Дамытушылық
Балалардың білімге қызығушылығын арттыру, тыңдау және талдау дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік
Ойын еркін айтуға дағдыландыру, шапшаңдыққа және тапқырлыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
Кесе, күшік, кенгуру, бүркіт суреттері; текшелер; кеспе әріптер; әліппе дәптері.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі және қызығушылықты ояту
Амандасу, шаттық шеңберіне тұру.
Кел, балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік.
Қабақ түйген не керек,
Көңілді боп жүрейік!
Балалардың көңіл күйін сұрап, сабақты жақсы көңіл күймен бастау.
Алдыңғы білімді еске түсіру (сұрақ-жауап):
- Сауат ашу сабағында немен таныстық?
- Әріп дегеніміз не?
- Дыбыс дегеніміз не?
- Дыбыстар нешеге бөлінеді?
Дидактикалық ойын: «Қандай дыбыс?»
Балалар дыбыстарды ажыратып, дұрыс айтуға жаттығады.
II. Жаңа сабақ: «К» дыбысы мен әрпі
Жұмбақ арқылы тақырыпты ашу:
Үлкен алтын табақтан,
Әлемге нұр таратқан.
Жауабы: Күн
Әңгімелесу:
- Ұйқыдан оянғанда далада нені көреміз? (Күн, күннің нұры)
- Күннің нұрын көргенде қалай қуанамыз? («Алақай!» деп)
- Далаға шыққанда жоғарыдан нені көреміз? (Аспан, бұлт, күн)
- Күн бізге не береді? (Жылу)
«Күн» сөзінің басында қандай дыбыс естіледі? — «К» дыбысы.
Демек, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы — «К» дыбысы мен әрпі.
Суретпен жұмыс және дыбыстық талдау:
- «Кесе» сөзін дыбыстық талдау: текшелермен белгілеу, кеспе әріптермен құрастыру.
- Күшік — иттің баласы (дыбыстық талдау).
-
Кенгуру — Австралияда мекендейтін жануар (дыбыстық талдау).
Қызықты дерек: кенгурудың салмағы шамамен 90 кг болуы мүмкін, құйрығы 1 м-ге дейін жетеді. Алдыңғы жағында қалтасы болады, сол қалтада баласын өсіреді. Шөппен қоректенеді. Кейбір түрлері қорғауға алынған.
-
Бүркіт — таудың биік қияларында өмір сүретін қыран құс (дыбыстық талдау).
Бүркіт түлкі, қоян сияқты аңдарды аңдып, шапшаң қимылымен ұстайды. Ол қырағылық пен бірлікті білдіреді.
III. Бекіту тапсырмалары
Топтастыру стратегиясы
«К» әрпінен басталатын сөздерге қатысты суреттерді таңдап, «К» әрпінің жанына топтастыру.
Ойын: «Дыбысты тап»
Мұғалім дыбыстарды әндетіп айтады. Балалар «К» дыбысын естігенде қол шапалақтайды.
А — А — А · Т — Т — Т · Ғ — Ғ — Ғ · К — К — К · О — О — О
Әліппе дәптерімен жұмыс
- Буындар мен сөздерді оқу
- Дәптерге жазу
- «К» дыбысын ауада жазу
Сергіту сәті
Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары: «Жаздық, жаздық…».
Тіл ұстарту
- Жаңылтпаш жаттау
- Артикуляциялық жаттығулар
Дидактикалық ойын: «Шашылған әріптер»
Берілген әріптерден сөз құрау арқылы «К» дыбысын бекіту.
IV. Қорытынды
Сабақ соңында балалар «К» дыбысы мен әрпін ажыратып, сөздердің басынан «К» дыбысын табуға, буынға бөлуге және буындарды оқуға жаттығады.
Қайталау сұрақтары:
- Бүгін қай дыбыспен және әріппен таныстық?
- «К» дыбысынан басталатын қандай сөздер айттық?
- Сөзді буынға қалай бөлеміз?