Беларусь елінің экономикалық жағдайы

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы

Б. Бегалиев атындағы жалпы орта мектептің география пәні мұғалімі — Исмагулова Айгүл Рахметқалиқызы. Сабақ: 11-сынып.

Сабақтың тақырыбы

Беларусь Республикасы

Білімділік

Беларусь Республикасының экономикалық-географиялық жағдайының ерекшеліктерін, өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы салаларын түсіндіру.

Дамытушылық

Өз бетінше ізденіп, шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру; ойды еркін, сауатты әрі нақты жеткізу қабілетін дамыту.

Тәрбиелік

Қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға тәрбиелеу.

Сабақтың типі
Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың түрі
Баспасөз-конференция
Сабақтың әдісі
СТО стратегиялары
Көрнекіліктер
Саяси карта, атлас, кескін карта, интерактивті тақта, бүктемелер, презентация слайдтары.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

  • Оқушыларды түгендеу.
  • Оқу құралдарын дайындау.
  • Зейінді сабаққа аудару, сыныпты топтарға бөлу.

II. Жаңа сабақты түсіндіру

Жоспар 1

Беларусь елінің географиялық-экономикалық жағдайы.

Жоспар 2

Беларусь халқы, салт-дәстүрі.

Жоспар 3

Беларусьтің экономикалық жағдайы.

Оқушылар 3 топқа бөлінеді: презентация дайындап, буклеттерін қорғайды. Мұғалім қорытындыны презентация слайдтары арқылы жасайды.

I топ

Географ мамандар

II топ

Экономист мамандар

III топ

Этнограф мамандар

III. Зерделілік бөлімі

А) Ой қозғау

  1. 1.Беларусь Республикасының экономикалық-географиялық жағдайының ерекшеліктері қандай?
  2. 2.Қазіргі уақытта республикада өнеркәсіптің қай салалары жетекші?
  3. 3.Ауыл шаруашылығының маманданған салалары қандай?
  4. 4.Теміржол және автомобиль көліктерінің ел экономикасындағы маңызы қандай?

Б) Кескін картамен жұмыс

Кескін картаға елдің астанасын және шектесетін мемлекеттерді белгілеу.

IV. Жаттығулар бөлімі

А) «Кім тапқыр?» — кластер стратегиясы

I топ

Машина жасау кешені

II топ

Химия кешені

III топ

Тамақ және жеңіл өнеркәсіп

Б) Бағдарлы құзыреттілік тапсырмалары (тірек-сызба)

I топ

Сыртқы экономикалық байланыстар: экспорт

II топ

Сыртқы экономикалық байланыстар: импорт

III топ

Беларусь Республикасының халқы

В) Ой толғаныс

  1. 1.Елбасы Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы «әлемнің озық мемлекеттерінің жетістіктерін іске асыру қажет» деген ойымен байланыстыра отырып, Беларусьтің жоғары дамыған елдер қатарына жақындауына не әсер етті?
  2. 2.Қазақстан мен Беларусь Республикасының экономикалық қарым-қатынасы қандай бағыттарда дамып келеді?
  3. 3.ТМД шеңберінде Кедендік одақ қалай және не үшін құрылды?

Г) «Кім жылдам?» — адасқан нысанды табу

Нысан Сәйкестендіру Нұсқалар
Нарочь а) ойпат
Полесье б) ұлттық парк
Припятск в) өзен
Беловеж ну г) көл
Батыс Буг д) батпақ

V. Қорытындылау

«Беловеж ну» туралы қорытынды ой айтылады: табиғаттың тазалығы мен таза ауаның құндылығы атап өтіледі. Оқушылар стикерге жазған тілектерін оқып, ортақ пікір білдіреді.

VI. Бағалау

Топ басшылары бағалайды, мұғалім қорытынды бағаны қояды.

VII. Үй тапсырмасы

Беларусь Республикасы тақырыбын қайталау және материалды толықтыру.