Карта масштабы

Сабақтың тақырыбы

Азимуттар мен дирекциондық бұрыштарды анықтау

Сабақтың түрі

Дәстүрлі

Сабақтың типі

Аралас сабақ

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік: топографиялық карта бойынша азимуттар мен дирекциондық бұрыштарды анықтау және қашықтықты өлшеу тәсілдерін үйрету.
  • Дамытушылық: оқушыларды топографиялық картамен практикалық жұмыс жасауға баулу, танымдық және ойлау қабілеттерін дамыту.
  • Тәрбиелік: ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, төзімділікке тәрбиелеу және моральдық қасиеттерін қалыптастыру.

Оқыту әдістері

  • Баяндау
  • Сұрақ-жауап
  • Топографиялық картамен жұмыс
  • Деңгейлік тест тапсырмалары
  • Венн диаграммасын құру

Көрнекіліктер

Интерактивті тақта Оқу карталары Сызбалар Слайдтар Компас Сызғыш Транспортир Циркуль Курвиметр

Пәнаралық байланыс

Математика Сызу География

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру

5 минут

  • Взводты сапқа тұрғызу, взвод командирінің баяндамасы, сәлемдесу, взводтың сәлемге жауап беруі.
  • Сырт келбетін тексеру және түгендеу.
  • Взводты бөлімше бойынша екі топқа бөлу: «Барлаушылар» және «Десантшылар».
  • Отырғызу, бағалау парағын тарату, топтық жұмыстың кезеңдері мен шарттарымен таныстыру.

2) Өткен тақырыпты пысықтау

10 минут

1-кезең

3 минут · Дұрыс жауап: 10 ұпай

Топ басшыларына жұмыс дәптерінен тапсырмалар беріледі. Екі оқушы бір мезгілде тақтаға шығып орындайды. Орындалған тапсырма тексеріліп, ұпай саны взвод командирінің бағалау парағына енгізіледі.

«Барлаушылар»

Тапсырма: №7, жұмыс дәптері, 30-бет.

Шешімі:

10 см → 2,5 км (250000 см)

x = 250000 : 10 = 25000

Карта масштабы: 1:25000

«Десантшылар»

Тапсырма: №12, жұмыс дәптері, 32-бет.

Шешімі:

a) 7 × 30 = 210 км

210 км = 21000000 см

21000000 : 42 = 500000 см

Карта масштабы: 1:500000

2-кезең

4 минут · Әр дұрыс жауап: 5 ұпай

Топ мүшелеріне таңдау тесті таратылады. Берілген уақыт аяқталған соң, взвод командирі нәтижелерді қорытындылап, бағалау парағына енгізеді.